«Жаңартылған мазмұндағы «Көркем еңбек» пәнін оқыту әдістемесі» пәні



Pdf көрінісі
бет34/41
Дата15.02.2022
өлшемі0,56 Mb.
#131825
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   41
Байланысты:
Жаңарт мазм Көркем еңбек лекция. docx

Ауызша сөзбен түсіндіру әдістері
Оларға: 1. Түсіндіру; 2. Әнгімелеу (сұрақ-жауап) әдісі; 3. Баяндау әдісі; 4. 
Нұсқау беру әдістері енеді. 
Түсіндіру әдісі
 
дегеніміз – ӛтілетін материалды және істелінетін жұмысты 
(тапсырманы) баяндап түрлі ой-пікірлерді дәлелдеу. Бұл әдіс еңбек сабағының 
барлық практикалық жұмыстарында кеңінен пайдаланылады. 
Әңгімелеу әдісі
 
дегеніміз – мұғалімнің оқушымен сӛйлесуі арқылы 
сұраққа жауап берумен негізгі мақсат іске асырылады. Бұл әдіс кейде сұрақ-
жауап әдісі деп аталады. 
Баяндау әдісі
 
дегеніміз – ӛтілетін материалды анық, түсінікті сӛзбен, рет-
ретімен толық мазмұнын айтып беруді айтамыз. Әңгімелеу, баяндау, сұрақ-
жауап әдістерін қолдану арқасында оқушылардың ой-ӛрістерін сӛз 
байлықтарын, 
түсінігін 
кеңейтуге, 
арттыруға 
және 
оқушылардың 
шығармашылық қабілеттерін дамытуға кӛптеген кӛмегін тигізеді. 
Нұсқау беру
 
әдісі – ӛтілетін материалды түсіндіру үшін әңгімелеу әдісі 
арқылы іске асырылады. Нұсқау беру әдісінің негізгі мақсаты: 
а) еңбек процесінің орындалу жолдарымен құрал-саймандармен жұмыс 
істеу әдісін меңгерту. 
Нұсқау беру әдісі 3 түрге бӛлінеді: кіріспе нұсқау беру, күнделікті нұсқау 
беру, жекелей және жаппай түрде нұсқау беру. 
Практикалық әдіс түрлері
Практикалық жұмысты ұйымдастыру әдісі; 
1.
Зертханалық жұмысты ұйымдастыру әдісі; 
2.
Тәжірибелік жұмыстарды ұйымдастыру әдісі; 
3.
Бақылау жұмысын ұйымдастыру әдісі; 
4.
Жаттығу жұмыстарын ұйымдастыру әдісі. 
1. Оқу процесінің 75-80 пайызы практикалық әдіспен ӛтіледі. Оқушылардың 
сабақта алған теориялық түсініктері іс жүзінде практикалық жұмыс кезінде іске 
асырылып оқушылардың ӛз 
бетінше жұмыс жасайтындығымен құнды болып саналады. Практикалық 
жұмыстың негізгі бағыты – оқушылардың ӛзіне деген сенімін арттырып, 
шығармашылық қабілеттерін дамыту және еңбек қабілеттерін нығайту болып 
табылады. Бұл кезең сабақтың ең жауапты кезеңі болып есептелінеді. 
2. Зертханалық әдіс немесе құрастыру жұмыстарын ұйымдастыру негізінен 
бастауыш сынып оқушыларының техникалық сауаттылықтарын, техникаға 


құмарлықтарын арттыру үшін және құрастырушылық қабілеттерін дамыту 
мақсатында ұйымдастырылады. 
Құрастыру жұмыстарын оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай 
ұйымдастыруды қажет етеді. Қарапайым құрастыру жұмыстарынан бастап 
біртіндеп күрделі жұмыстармен жалғастырылады. 
Құрастыру жұмыстары кӛбінесе дайын құрастыру бӛлшектерімен 
ұйымдастырылады. 
Кұрастыру жұмыстарының бӛлшектері, орындайтын жұмыстардың үлгілері 
суреттерімен кӛрсетіліп беріледі. 
3. Тәжірибелік тәсіл қағаз, мата, қолдана отырып, ауыл-шаруашылық 
жұмыстарын атқарғанда кеңінен қолданылады. 
Мысалы: қағаз, қатырма қағаздың қасиеттерімен, құрылысымен 
таныстырғанда, қағазды, қатырма қағаздары бүктеу қаттау, майыстыру, қию 
тәсілдерін түсіндіргенде, кӛрсетуде қолданса, матамен жұмыстар істегенде 
табиғи, химиялық маталардан құрылысымен таныстырғанда, маталардың 
жіптерінің беріктігі, мықтылығы туралы, маталарды жағу арқылы, жіптерді 
ширату арқылы тәжірибелік жұмыстар жүргізіліп түсіндіріледі. 
4. Жаттығу жұмыстары қағазбен, ермексазбен, сазбалшықпен жұмыстар 
орындағанда қолданылады. Мысалы: қағаздан ою-үлгілерін қию тәсілдерін 
үйрену кезінде ермексазбен, сазбалшықтан мүсіндік жұмыстар үйретілгенде 
кеңінен қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет