Бақылау сұрақтары:
1. Бейнелеу ӛнері дегеніміз не, оның түрлеріне сипаттама беріңіз.
2. Бейнелеу ӛнерінің жанрларын атаңыз.
3. Хроматикалық және ахроматикалық түстер
4.
Жылы және суық түстерді атаңыз
5.
Перспектива заңдылықтарын түсіндіріңіз
6.
Композицияның қандай заңдылықтары бар?
Дәріс 6-7
Тақырыбы: Материалдарды қолмен өңдеу және бұйым жасау
техникасы
Жоспар:
1. Түрлі материалдардың қасиеттері және оларды пайдалану тәсілдері.
2. Қағаз және қатырмақағаздың түрлері, қасиеттері және қолданылуы.
3. Мататану. Әр түрлі маталардың технологиялық қасиеттері.
4. Ермексаз және сазбалшықтың түрлері, қасиеттері, қолданылуы.
5. Табиғи материалдардың түрлері мен қасиеттері, қолданылуы.
6. Түрлі материалдармен бұйым жасау технологиясы. Қауіпсіздік
техникасының ережелері.
Қазіргі кезде қағазды ӛндіріс орындарында, балабақшаларында,
мектептер мен түрлі оқу орындарында, адамдардың күнделікті
тұрмыстарында пайдаланылады.
Қолданылатынына қарай олардың түрлері де әр алуан: мысалы, оқушы
дәптерлерді, ал жолаушылар кӛліктерде /автобуста, тролейбуста, трамвайда/
жұқа қағаздан жасалған билеттерді пайдаланады.
Қағазбен жұмыс атқару бастауыш сыныпта екі бағытта жүргізіледі:
1.
Оқушылар
қағаз
және
қатырмақағазбен
жұмыста
қосымша
материалдар, құрал-жабдықтар, олардың ерекшеліктері, қасиеттері, ӛмірде
қолданылуы туралы теориялық мағлұматтар алады.
2.
Сарамандық жұмыс атқару барысында қағазды, қатырмақағазды түрлі
қарапайым әдістерді қолданып мәдениетті жұмыс жасауға үйренеді,
қосымша материалдарды /желім, жіп, бояу/ пайдалану әдіс-тәсілдерін біледі.
Басқа пәндерден алған білімдерін, кӛркем еңбек сабақтарында жүйелі
қолдана алуға үйренеді. Сӛйтіп, бұйым жасау барысында түрлі әдіс-
тәсілдерге үйреніп, еңбек дағдысын арттырады. Қағазды тек ӛндіріс
орындарында ғана емес, сонымен қатар электротехникада, құрылыста, тамақ
және тоқыма ӛнеркәсіптерінде қолданады.
Қатырма қағаздың түрлері.
1.
Қорапқа арналған қатырмақағаз.
2.
Сабаннан жасалынған қатырмақағаз.
3.
Борланған қатырмақағаз.
4.
Баспа
/типографиялық
қатырмақағаз/
түптеу
жұмыстарына
қолданылады/.
5.
Шүберектен дайындалатын қатырмақағаз /карта, блокнот тыстарын
жасауға қолданылады/.
6.
Техникалық қатырмақағаз / үй қабырғаларының астына және еден
тақтайының астына салуға пайдаланылады/.
7.
Жылу ӛткізбейтін қатырмақағаз /электр тогын және жылу ӛткізбеу
үшін үтік ішіндегі сымдардың үстіне пайдаланады/.
Қағазбен, қатырмақағазды ӛңдеу әдіс-тәсілі дері:
-
Қағаз және қатырмақағазды белгілеу және ӛлшеу;
-
Қағаз, қатырмақазды бүктеу, қаттау;
-
Қағазды, қатырмақағазды қайшымен қию, кесу.
-
Жинақтап-монтаждау операциялары.
-
Мата талшықтары
-
Маталар тоқу қалыптарында (станок) иірілген жіптерден тоқылып
дайындалады.
-
Маталардың жіптері белгілі бір ретпен тоқылады. Маталардың тоқылу
тәсіліне, қазақтың ертеден келе жатқан ӛрмек тоқу қалыбын байланыстырып
түсіндіру керек. Ӛрмектің негізгі жібін –
желі жібі
десе, кӛлденең жібін
арқау
жібі
деп атайды. Маталарды мата тоқу фабрикасында тура және кӛлденең
жіппен тоқиды. Жіптердің тоқылуына қарай матаның құрылысы да әр түрлі
болып келеді. Жіптердің тоқылу сапасына қарай жалаң қабатты (1 қабатты)
екі қабатты, қылшықты (түкті) болып бӛлінеді.
-
Маталар тоқылатын жіптер жіп иіретін фабрикаларда дайындалынады.
Мата тоқитын, жіп иіретін фабрикада атқарылатын жұмыстардың барлығы
жоғары сапалы жартылай автоматтандырылған машиналарда атқарылады.
Мақта, жүн, жібек, зығырдан дайындалған жіптер шүйкеленіп иіріліп
дайындалса, синтетикалық жасанды маталардың жіптері шүйкеленбей
иіріледі.
-
Негізгі табиғи жіптен тоқылған маталар, жуғанда қысқарады,
тығыздалады, ширайды. Кӛлденеңінен тоқылған маталар ширамайды. Маталар
тоқылуына қарай мата ендері 60, 90, 110, 200 см-ге дейін болып келеді.
Маталардың оң және теріс жағы болады. Маталардың оң жағын
тысы,
теріс
жағын
астары
деп атайды. Мата түрлерінің талшықтары, маталардың түрлері
туралы мүмкін болса ӛндірісте дайындалған мата түрлерінің топтамасын
немесе
қолдан
дайындалған
топтамаларды
оқушыларға
кӛрсетіп
таныстыру қажет етіледі. Әсіресе, мұнай ӛнімдерінен дайындалған
маталарды, әйнектен, асбестен дайындалған маталарды қолмен сипап ұстап
кӛз жеткізу арқылы түсініктерін кеңейту қажет.
-
Табиғи маталар жӛніндегі жүн матасы, жібек матасы, мақта матасы, зығыр
матасы құрылысымен, ол маталардың тұрмыста жиі қолдану мақсаттарына
түсініктеме беру. Бұл маталардың қасиеттері, жұмсақтығы, беріктігі адам
денесіне зияны жоқ мата түрлері болғандықтан құнды маталар болып саналады.
Бұл маталардан киім-кешектік, тұрмыстағы тӛсектік бұйымдар, жастық тыс,
ақжаймалар үшін кӛп қолданылады. Ондай маталарға шыт матасы, сәтен
матасы, бәтес матасы, ластик матасы, атлас матасы, фланель маталары жатады.
-
Шыт
матасының түрлері кӛп, сондықтан оларды қолданылатын жерлерде
алуан түрлі, шыт матасынан жеңіл, жазғы кӛйлектер, орамал, терезе перделері
тігіледі. Бұл маталардан тӛзімдірек мата түріне сәтен матасы жатады.
-
Бұл маталардын түстері, бірыңғай және гүлді болып келеді. Жастық тысы,
костюм, пальто астарлары үшін кӛптеп қолданылады. Бәтес матасы, сәтен
матасына қарағанда жұмсақтау болып келеді, бұл маталардан сейсеп, орамал,
ақжайма тігіледі.
-
Фланель
матасы тығыздау, әрі жұмсақтау болып келеді. Фланелдің бір
жағы тегіс (оң жағы) теріс жағы түкті болып келеді. Оқушыларға кӛрнекі құрал
ретінде мата қиындыларымен крепдешин, шұға, кашимир, пүліш, барқыт
маталарда киім тігуде кӛбірек қолданылады.
-
Кашимир
матасы жұмсақ, сортты жіптерінен тоқылып, пальтолық,
күртешелік маталар ретінде кӛптеп қолданылады.
-
Шұға
матасы, тығыз мата қатарына жатады. Шұға материалы жұмсақ
түкті, түксіз болып келеді.
-
1-сыныптан бастап маталар туралы мағлұматтар беруде мақта жинау, жіп
иіру, жіптерден дайындалған бұйымдар, ӛрнекті сулық сүлгі, шашақты сулық
сүлгі, ыдыс астына қойғыш түрлерін ұлттық кестелерді орындау, ӛру, есу, тігу
жұмсақ ойыншықтар дайындау, матадан, мата тектес материалдардан
жапсырмалап үйренеді. Мұғалім, маталар қалай тоқылады, сиқырлы жіп,
түйреуіш туралы, қайшы туралы, оймақ туралы, үтік туралы т. б.
Сабақта оқушылар тек сапалы құралдар мен материалдарды қолданып
түрлі жұмыстар атқарады.
Оқушылар инемен тіккенде сабақталған жіптің матаға сәйкес және
жіптің жуандығы матаның тоқылған жібімен бірдей болуы керек екенін
түсінеді. Сабақта түрлі кӛрнекті құралдар пайдаланылады, тігуге арналған
макеттер, реттеліп салынған карталар, үлгілер, сызбалар т.б.
Оқушылар матаның ӛңін және теріс жағын тез айыруға үйренеді
/ӛңіндегі суреттердің бояуы ашық, беті тегіс, біркелкі болса, ал теріс
жағындағы суреттердің бояуы кӛмескі, беті тегіс емес, кейбір жерінде
жіптері шығып тұруы мүмкін. Сабақта олар матаның ортасы , шеті, ӛңі, теріс
жағы, үстіңгі бӛлігінің сол жағы сияқты бағыттай білуге дағдыланады.
Сӛйтіп оқушылар тоқыма материалдар туралы бірқатар мәліметтерді біледі,
мысалы мақта, жүн, талшықтарынан жіп иірілсе, сол жіптерден мата
тоқылады.
Достарыңызбен бөлісу: |