Жаңбырбай Нұрсат ХБ-11(01-1541-1-2020)
3-практикалық жұмыс.
1-тапсырма:педагогикалық кәсіп туралы әртүрлі көзқарастарға жазбаша шолу жасаңыз.
Біріншісі ол В.И.Загвязинский мен Н.Д.Никандровтың «педагогигалық шығармашылық бірқатар ерекшеліктерге» ие деген сөзі.Шынымен де ол солай болып келеді.Себебі,педагогика ол өзгелерді білімге үйрететін ғылым.Сәйкесінше,шығармашылығы да бұл бағытты ұстанады.Шығармалар мақсаты:оқушыны білімге баулу және рухани құндылықтарын арттыру.
Екіншісі ол Абай атамыздың «ұстаздық еткен жалықпас,үйретуге балаға» деген сөзі.Абай атамыз бұл сөзінде педагог қанша қиналса да оқушысын барлық өзі білгеніңе үйретуі керек деп айтады.Яғни ол оқушысын толық үйретіп,оқытпаса ол шынайы педагог деп саналмайды.
Үшіншісі ол Константин Ушинскийдың «мұғалім тек өз пәнінен сабақ қана бермеуі қажет,ол баламен адал және шыншыл болуы қажет» деген сөзі.Педагогиканың басыңқы бағыты ретінде баланың жан дүниесін байыту саналады.Егерде мұғалімнің өзі рухани бай болмаса,оқушы да рухани бай болмайды.Педагог бұның бәрін балаға айғайлап емес,дұрыстап түсіндіріп үйретуі қажет.
Төртіншісі ол В.Сухомлинскийдің «педагогикалық өнер мен педагогикалық шеберлік-ол даналықты жүректен ұға білу деген».Шынайы педагогтың жүрегі ақ,ниеті таза болуы керек.Керісінше жағдайда оқушысының да ниеті бұзылуы ықтимал болып келеді.Нағыз ұлы педагог болу үшін әрқашан ниетін таза болуы қажет.
Бесіншісі қазақ халқының тұңғыш және ұлы педагогы Ыбырай Алтынсаринның «педагогикалық жұмыстағы шешуші нәрсе-ең жақсы оқу әдістерін таба білуде» деген.Бұл сөз педагог мамандығы үшін дәл айтылған сөз болып келеді.Себебі,заман өзгерген сайын білім беру және оқыту жүйесі әрдайым өзгеріп отырады.Яғни,білім сапасы жоғары болу үшін педагогтер әрқашан заманауи әдістерден хабар болулары қажет.
2-тапсырма.Педагогика классиктерінің еңбектерін зерттеу арқылы педагогикалық кәсіптің қоғамда және адам қалыптасуындағы беделінің артуын түсіндіріп беріңіз.
Ерте замандарда ешқандай педагогика деген болмаған.Балаларды педагогикасыз-ақ тәрбиелеп,өсірген.Бірақ әр түрлі қоғамда өсіп келе жатқан әулиетке берген тәрбиесіне орай өмір қажеттігі жылдам дамиды.Сондықтан тәрбие тәжірибесін топтастыру және қорытындылау,арнайы оқу-тәрбие мекемелерін ұйымдастырып,жастарды өмірге дайындаудың қажеттігі туындады.Тәрбие жүйесінің бесігі-Ежелгі Греция.Оның көрнекті өкілдері-Демокрит,Аристотель,Платон,Сократ және Тертуллиана.Орта ғасырларда шіркеу ықпалы қатайып,оқыту ісі толығымен діни арнаға бұрылады. Қазіргі кездеге жалпы білім беретін мектепті ойлап тауып,іске қосқан Лойола(1491-1556) және оның ізбасарлары.Педагогика көп уақыт философияның бір бөлігі ғана саналды.Тек XVII ол дербес ғылым лауазымына ие болды.Бұл бөлінуге үлкен ұлес қосқан ұлы чех педагогы-Ян Амос Коменский(1592-1670).Оның 1654 жылы жарық көрген «Ұлы дидактика» атты еңбегі алғашқы ғылыми педагогикалық кітап ретінде саналады.Осы педагогтің табиғи сәйкестік принципі,сынып-сабақтық оқу жүйесі және басқа да оқу әдістері педагогикалық теорияның алтын қорынан орын алады.
Қазақ жеріндегі педагогика ғылымының дамуын да айта кету жөн.Ең алғашқы қазақ педагогы-Ы.Алтынсарин.Ол тұңғыш оқу мекемесін ашқан және тұңғыш мектепке кітаптар жазған адам ретінде ел есіңде қалды.Бұл кісі ел кезіп жүріп,Қазақстанның әр нүктесіндегі мектептерді аралап,олардың дамуына үлес қосқан.
Жалпы айтсақ,педагогиканың беделі өте жоғары болуы ғажап емес.Себебі,бұл ғылым өмір сүрмесе,қоғам да тиісті түрде өмір сүре алмас.Қоғам дамымай,бір нүктеде тоқтап қалады.Бұл ғылымның қалыптасуына үлес қосқан әрбір ғалым еңбегі зая емес.Олар қоғамды ойлап,артымыздан қалған ізіміз бізден де биік деңгейлерден көрінсін деген оймен өздерінің оқып-білгенің бізге үйретеді.Педагогика ғылымының негізгі мақсаты да осы.