Жағдаяттық есептер I. 1-2 жағдаяттық тапсырма



бет103/169
Дата04.05.2023
өлшемі1,42 Mb.
#176032
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   169
Байланысты:
Æà?äàÿòòû? åñåïòåð I. 1-2 æà?äàÿòòû? òàïñûðìà

айналуына әкеледі. Содан онконәруыздар түзіледі.


Коллоквиум № 3 «Заттек алмасуының типтік бұзылыстары» бөлімі


Билет № 12
Тапсырма 1. Науқас Ш., 42 жаста, жергілікті анестезия арқылы төменгі жақтың үшінші моллярының иілген тамырларын алып тастағаннан кейін, экспираторлық тұншығудың ауыр ұстамасы пайда болған. Бронходилататорды енгізу тиімсіз болды. Анамнезінде: бронх демікпесі.
Объективті: жалпы жағдайы ауыр, диффузды жылы цианоз, тыныс алуға кеуде қуысының қосалқы бұлшық еттері қатысады, дем шығару қиын, ысқырық сырылдар дистанцияда естіледі.
Зертханалық зерттеулер деректері:
РаO2 = 60 мм сын.бағ.
SaO2 = 63%
РаСO2 = 65 мм сын.бағ.
PvO2 = 28 мм сын.бағ.
SvO2 = 36%
pH = 7,20
SB = 17,3 ммоль/л
АВ = 22,9 ммоль/л
BE = -7,3 ммоль/л


1. Зертханалық зерттеулердің көрсеткіштерін интерпретациялаңыз және науқаста қандай типтік патологиялық процестердің дамығанын көрсетіңіз. Қорытынды жасаңыз. Жауаптарыңызды дәлелдеңіз.
2.Науқаста туындаған клиникалық-зертханалық бұзылыстардың тікелей себебі не? Қанның зертханалық көрсеткіштерінің осындай өзгерістерін тағы қандай этиологиялық факторлар тудыруы мүмкін? Бұл жағдайда рН ығысуын жою механизмдері қандай?
3. Заттек алмасуының осы бұзылыстарындағы ағзалардың функцияларының өзгерістерін сипаттаңыз. Организмнің оттегі балансының көрсеткіштерін қалыпқа келтіруге бағытталған компенсаторлық реакциялардың дамуын куәландыратын деректер бар ма? Жауабыңызды дәлелдеңіз.
Жауабы.
1)Науқастың зертханалық зерттеулер деректері бойынша артериялық қандағы оттегінің парциалдық қысымы төмендеген, ол яғни артериялық гипоксемия дамығанын байқаймын.
Веналық қандағы Оттегінің парциалдық қысымы төмендеген ол яғни веналықгипоксемия деп аталынады.
Артериялық қандағы Көмірқышқыл газының парциалдық қысымы жоғарылаған – гиперкапния деп аталынады.
Артериялық қанның гемоглобинмен қанығу дәрежесі қалыптыдан төмен – артериялықгипоксемия деп аталынады.
Веналық қанның гемоглобинмен қанығу дәрежесі де қалыптыдан төмен болып келеді ол веналық гипоксемия деп аталынады.
Науқаста эндогенді тыныстық және қандық гипоксия дамыған.
Қортындылай келе қышқылдық-негіздік үйлесім көрсеткіштері бойынша:
Науқаста теңгерілмеген газдық және газдық емес (қандағы стандартты
бикарбонаттар мөлшері азайған,буферлік жүйенің ығысуы, негіздердің тапшылығы көрінеді,оның ішінде ацидоз. Ацидоз үйткені рН қышқылға қарай ығысқан.


2)Менім ойымша тікелей себебі экспираторлық тұншығу нәтижесінде өкпеге ауаның толық түсуі тежелген.
Ықпал еткен факторын айтатың болсақ анамнезі бойынша онда бронхиалды астманың болуы бронхтардың одан сайын жиырылуына алып келген.
1.Сыртқы тыныстық гипоксия тыныс алу жолдарының белгілі бір затпен бітелуі, асфиксия, өспе өсу кезінде; тыныс алу реттелуінің бұзылыстары әсерінен.
2.Орталық жүйке жүйесінің дәрілері әсер еткенде, тыныс орталықтың тежелуінен не тыныс алу бұлшықеттерінің салдануы,миастения, немесе дистрофиясы кезінде байқалады. Және тыныс алуға кедергі жасайтын ауралар кифосколиоз, пневмоторакс, гидроторакс,асцит және өкпенің меншікті аурулары:пневмония, туберкулез кездерінде гипоксия дамиды.
Гемдік гипоксия анемия кезінде және гемоглобиннің оттегіні байланыстыра алмайтындай жағдайда болғанда дамиды.
Газдық ацидоз көмірқышқыл газының артық жиналып қалғанда дамиды;
Газдық емес ацидоз экзогенді факторлар әсерінен қышқылдар ағзаға көп түскен кезде,АІЖ арқылы көп мөлшерде сілтілер бөлініп кеткендіктен құсу, диарея дамиды.
Осы жағдайда рН ығысуын жою механизмдері негізінен артық көмірқышқыл газын байланыстырып, бикарбонаттарды көбейтуді көздейді.


3) Науқаста цианоз себебі қанда көмірқышқыл газының көбеюіне байланысты, және бұл гемоглобиннің оттегімен байланысу қабілетінің тежелуіне де байланысты.
Тыныс алуға кеуденің қосалқы бұлшықеттерінің қатысуы компенсаторлы механизм деп атауға болады ,яғни бұл өкпенің жұмысын бір қалыпта ұстай отырып, ағзадағы артық көмірқышқыл газын сыртқа шығаруға бағытталған. Сол арқылы оттегінің жағдайын қалыпқа келтіруге тырысады.


Тапсырма 2.Науқас З., 53 жаста, жалпы әлсіздікке, тәбетінің жоқтығына, ет тағамдарын жегісі келмейтініне, құсуына,кейде құсықтың "кофе тұнбасы" тәріздес болуына, эпигастрия аумағында толып кету сезіміне шағымданады. Анамнезінде: 10 жыл бойы атрофиялық гастрит.
Объективті: бойы – 180 см, дене салмағы 50 кг. Терісі бозғылт, беті пастозды, аузынан сасық иіс келеді, аяқтары ісінген.
Зертханалық-аспаптық зерттеулер деректері: 1) жалпы қан анализінде – гемоглобин 68 г/л, эритроциттер – 1,8∙1012/л; 2) плазмада жалпы нәруыз құрамы - 38 г/л, альбуминадер - 18 г/л; 3) асқазан сөлінде тұз қышқылы жоқ, лактат мөлшері жоғарылаған; 4) асқазанды контрастпен рентгенологиялық зерттеу кезінде ісік анықталды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   169




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет