Жағдаяттық есептер I. 1-2 жағдаяттық тапсырма


I.2-5 жағдаяттық тапсырма



бет12/169
Дата04.05.2023
өлшемі1,42 Mb.
#176032
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   169
Байланысты:
Æà?äàÿòòû? åñåïòåð I. 1-2 æà?äàÿòòû? òàïñûðìà

I.2-5 жағдаяттық тапсырма
Су астында құтқару жұмыстарын атқару барысында сүңгушінің құлағында кенеттен ауыру сезімі пайда болған, бірақ, ол ары қарай сүңгуін жалғастырды. Нәтижесінде бас ауыруы, бас айналуы, қимыл-қозғалысының үйлесімінің бұзылыстары пайда болды.
Жауабы:
1. Сүңгушіде пайда болған бұзылыстардың себебі қандай? Пайда болған өзгерістердің механизмдерін түсіндіріңіз.
Жоғарғы барометрлік қысымның (гипербария) әсерінен пайда болған ауру белгілері, теңіз деңгейінен әр метр төмен түскен сайын, бір атмосфералық ауа қысымы көтеріледі. Соған байланысты төмен түскенде сүңгушінің құлағындағы барабандары қысылып, евстахии түтігіндегі қантамырлар қысылып, бас ауруы пайда болады.
Кессон ауруының өрбуіне адам организмінің ұлпалары мен қанында, негізінен, азоттың, кейде көмірқышқыл газдың бос көпіршіктерінің пайда болуы әсер етеді. Адам организмінде 1 л-ге жуық еріген азот болады. Судың әрбір 10,3 м тереңдігіне сүңгіген сайын, қысым 1 атм-ға артады. Осыған сәйкес организмдегі еріген азоттың мөлшері де көбейеді
2. Сүңгушілер жұмысындағы осы асқынулардың алдын алу үшін не қолданылады?
Аурудың алдын алу үшін сүңгушілер мен кессоншыларды, ұшқыштарды мезгіл-мезгіл мед. бақылаудан өткізіп тұру; егер организмде азоттың мөлшері артық болса, одан арылту (десатурация) қажет; сондай-ақ, сүңгушілер мен кессоншыларды тереңнен су бетіне баяу, бір қалыпты көтерілуін қадағалау керек
Сүңгуші өзін дәл осылай ауырсыну сезімін, өзін жайсыз сезінген жағдайда ары қарай сүңгуін тоқтату керек немесе төмен сүңгуін тоқтатуы қажет. Кейін көмекке жүгіну керек.
3.Кессонды (декомпрессиялық) ауру дегеніміз не?
Кессон ауруы, декомпрессиялық ауру – су астындағы жоғары атмосфералық қысымнан, су бетіндегі қалыпты атмосфералық қысымға жедел көтерілген кезде адам организмінде байқалатын патологиялық жағдай. Кессон ауруымен су астына сүңгушілер, су асты жұмыстарын арнайы жәшік – кессон ішінде атқаратын адамдар және ұшқыштар ауырады.  
Кессонды (декомпрессиялық) ауру дегеніміз – десатурацияға байланысты және жоғары атмосфералық қысымнан қалыпты қысымға тез арада өткенде дамитын ауру. Кессон ауруының белгісі мен түрі газ көпіршіктерінің мөлшері мен орналасу орнына байланысты. Кессон ауруы кезінде бұлшық еттер мен буындар ауырады, тері қышиды, адамның көкірегі қысылып, тұншығады. Қан тамырларындағы көпіршіктердің жиналуына байланысты қан айналу жүйесінің қызметі бұзылып, сүйек сырқырап, бұлшық еттер жансызданады 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   169




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет