Жағдаяттық есептер I. 1-2 жағдаяттық тапсырма



бет150/169
Дата04.05.2023
өлшемі1,42 Mb.
#176032
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   169
Байланысты:
Æà?äàÿòòû? åñåïòåð I. 1-2 æà?äàÿòòû? òàïñûðìà

Қан анализіндегі өзгерістер, ең алдымен, науқастың қандай ауруымен байланысты болуы мүмкін? Бұл жағдайда глюкоза және сүт қышқылы деңгейінің өзгеру механизмдері қандай?

  • Науқаста май және нәруыз алмасуының өзгерістері байқалуы мүмкін бе? Жауапты түсіндіріңіз.

    Жауабы:
    1) Науқаста заттек алмасуының қышықылдық- негіздік жағдайларының бұзылыстары, оның ішінде теңгерілмеген газдық емес ацидоз дамыған деп ойлаймын. Оның метаболизмдік түрі. Себебі, науқаста


    рН = 7,0, теңгерілмеген ацидоз
    SB = 8,7, газдық емес ацидоз дәлелі
    BE = -10,7, газдық емес ацидоз дәлелі
    Глюкоза - 12,5 кетоацидоз. Кетоацидоз кетондық денелердің ағзада түзіліуі артқанда не болмаса олардың тотығуы баяулағанда байқалады. Көбіне мұндай жағдай қант диабетңі, ішімдікпен улану және т.б дерттер кезінде көрінеді.
    Сүт қышқылы-5,3 лактатацидоз. Организмде сүт қышықылы жианлып қалудан дамитын бұзылыс, гипоксия, қант диабеті және т.б жағдайларда байқалады. Бұл жағдайда PaCO2 орын толтыру ретінде өзгеруі мүмкін.

    2) Қан анализіндегі өзгерістер алдымен науқастың қант диабеті ауруымен байланысты болуы мүмкін. Бұл ауру кезінде лактат қант диабеті кезінде бигуанид препараттарымен емделу уақытында көбею мүмкін. Сүт қышқылы ацидозының патогенезіндегі негізгі буын-бұл анаэробты гликолизді белсендіретін және ацидоз мен интоксикацияның дамуымен ұлпалар мен қанда артық сүт қышқылының жиналуына әкелетін тіндік гипоксия. Лактат-анаэробты гликолиздегі метаболизмнің соңғы өнімі. Сонымен қатар, гипоксия жағдайында бауырда лактаттан гликоген түзілуі тежеледі.


    3) Науқаста май және нәруыз алмасуының өзгерістері байқалуы мүмкін. Өйткені мысалы өқант диабеті кезінде тасымалдық гиперлипемия дамуы мүмкін. Ол кезде бауырда гликогеннің азаюы байқалады. Сонымен қоса қант диабеті кезінде майлық инфильтрация дамиды. Ол липокаинның жеткіліксіздігінен болады.


    Сонымен қатар, науқаста гепатит, ишемия, аурулары мен ішімдікке бейімділігі арқасында түрлі нәруызды алмасу бұзылыстары дамуы әбден мүмкін. Мысалы трансаминдену реакциясының бұзылыстары, оның ішінде жасушалардың мысалы миокард жасушаларының некроздарында трансаминаза ферментінің қанға көп мөлшерде түсуі.


    Тапсырма 1. Науқас П., 62 жаста,клиникаға ес-түссіз жағдайда жеткізілген. Пациенттің әйелі қүйеуінің жүректің ишемиялық ауруымен, созылмалы В гепатитпен, қантты диабетпен ауыратынын айтты. Соңғы айда ер адам өзіне тағайындалған препараттарды жиі қабылдамаған және алкогольді асыра ішкен.
    Объективті: жалпы жағдайы ауыр, тері жамылғысы бозарған, терісінің тургоры төмендеген. Тыныс алуы терең, шулы, қарқынды дем шығару ұзарған, аузынан ацетон иісі шықпайды. Жүректің жиырылу жиілігі = минутына 110 соққы, артериялық қысымы = 70/45 мм сын.бағ. Іші жұмсақ, ауырмайды.
    Қанды зертханалық зерттеу деректері: веналық қандағыглюкоза = 12,5 ммоль/л; сүт қышқылы = 5,3 ммоль/л (норма 0,62-1,3 ммоль/л); рН = 7,0; SB = 8,7 ммоль/л (норма ммоль/л); BE = - 10,7 ммоль/л (норма ±2,5 ммоль/л).



    1. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   169




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет