I.3-12 жағдаяттық тапсырма
49 жастағы науқас, Т., ентікпе, әлсіздік, қалшылдауға шағымданып, жедел түрде ауруханаға жеткізілді. 2 сағат бұрын кеуде қуысының сол жағында ауырсыну сезімі, мөлдір сұйықтық пен ақ қабыршақтардың үзінділері көптеп шығуымен қабаттасатын жөтел ұстамасы байқалды. Бұрын өзін сау деп санайтын. Зиян әдеттердің ішінде – 30 жыл бойы күніне 20 темекі тартады. Ауруханаға түскен кездегі жағдайы орташа. Сол өкпенің төменгі бөлігінде – перкуссиялық дыбыстың жергілікті әлсіреуі, жайылған ылғал сырылдармен қоса тыныстың нашарлауы. Рентгенологиялық зерттеу нәтижесінде анықталғаны: сол өкпеде контуры анық, біртегіс және сұйықтықпен жартылай толған, пішіні дөңгелек қуыс тіркелді. Қақырықтың микроскопиясында хитин қабықшаларының үзінділері және алтыілмектік сколекстер табылды. Келесі диагноз қойылды: «Сол өкпенің эхинококкозы». Операциялық ем жүргізілді. Операциядан кейінгі жараның жазылуы баяу, эпителизациясы әлсіз болды. Операциядан кейінгі бесінші күнде науқаста пневмония дамыды.
1. Науқастағы операциядан кейінгі кезеңнің ағымын организм реактивтілігі өзгеруімен байланыстыруға болады ма ? Жауабыңызды негіздеңіз.
2. Осы мысалда келесі түсініктер «организм реактивтілігі» және «организм резистенттілігі» өзара қандай қатынаста болады – бір бағытта өзгереді ме әлде өзгерістері бірдей емес пе ?
3. Зақымдалу кезінде дәнекер тін жасушаларының көбеюін тежейтін гормондарды атаңыз.
Оны организм реактивтілігін мен басланыстыруға болады себебі-потологиялық реакция жұріп жатыр яғни зиян әдеттердің ішінде – 30 жыл бойы күніне 20 темекі тартуы ,сонымен қатар реактивтілік төмендегенді байқауға болды. Және операциялық ем жүргізілгеннен соң ондағы жараның жазылуы баяу жүріп эпителизация (тері немесе басқа тіндер зақымданудан кейін қалпына келу процесс) оте баяу ,әлсіз болуын байқауға болады соны мен қатар 5-ші куні науқаста пневмония дамып жатыр.
Ол жерде бізде организмнің рекативтілігінің төмендігін байқауға болады яғни уруға жалдығу жараның баяу жазылыу эпителизацияның төмен болуы қортынды «организм реактивтілігі» және «организм резистенттілігі» бір бағытта өзгереді мейді. Себебі резистетілігі төмендігін бақауға болады.
Дәнекер тінің қалыптасуына гормондар тикелей байланысты болады, соның ішінде Адренокортикотропты гормондар , Қалқанша безінің гормондары және Глюкокортикоидті гормондар зақымдалу кезінде дәнекер тін жасушаларының көбеюін тежейтін гормондар болып табылады
Достарыңызбен бөлісу: |