2. Ғылым философиясының пәні және ғылыммен және философиямен байланыс орнатыңыз Ғылым тарихы мен философиясы ғылыми білімнің тарихи дамуы, құрылым мен өзгешелігі, ғылыми танымның жалпы заңдылығы мен ғылыми білімнің эволюциясы туралы сұрақтарды зерттейді. Имре Лакатос айтқандай: «Ғылым тарихы ғылым философиясыз «соқыр», ал ғылым философиясы ғылым тарихысыз «бос»»; əлде Томас Кунның пікірінше, ғылым философиясың ғылымға жақындату үшін оның тарихына назар аудару қажет. Осы мəселені ол 3 бағыттың көлемінде қарастырған:
1. тарих методологиялық жалпылау мəлімет береді;
2. тарих методологияны ғылымға жақындатуға ықпал етеді;
3. тарих методологтардың құрылыстарына коррекция жасап оларды түзетеді. Ғылым тарихы жалпы адамзат тарихы мен тығыз байланысты болган сон оны келесі кезеңдерге бөлуге болады:
1. алғашқы қоғамның ғылымы /пранаука/;
2. антика ғылымы;
3. орта ғасыр ғылымы;
4. жаңа заман ғылымы /классикалық/;
5. қазіргі ғылым /постклассикалық /.
Ғылымның тарихы мен философиясы тығыз байланысты. Ғылым философиясының тарихын өзгертетін əлеуметтік–мəдени астарын да қарастырады жəне олардың тарихи дамуында алынған ғылыми білімдерді, өндіргіш қызмет ретінде заңдылықтарды жəне ғылыми танымның тенденцияларын таныстырады. Екі мықты ағым - ғылым тарихы мен философиясы – біртұтас жəне бөлінбес. Олар дамудың ұзақ əрі күрделі жолынан өтті. Ғылымның дамуы туралы негізгі концепциялар екі бағытқа əкелді: Экстернализм – бұл тарихи-ғылыми ағым бойынша ғылымның дамуына сыртқы əлеуметтік-экономикалық факторлармен жəне əскери істің қажеттіліктері себеп болды. Оның өкілдері: Дж. Бернал, Р. Мертон, А. Кромби, Г. Герлак, Э. Цильзель, О. Шпенглер, Б. Гессен, Ст. Тулмин, Д. Гачев т.б. Яғни ғылымға əсер ететін – қоғамның сұранысы /заказ/. Интернализм - бұл тарихи-ғылыми ағым бойынша ғылымның дамуы ғылыми идеялардың өзіндік заңдылығымен негізделген тарих. Өкілдері: А. Койре, Р. Холл, Дж. Рэнделл, П. Росси, Г. Герлак, К. Поппер т.б. Өзінің нəтижелеріне қарамай, интерналистер ғылымның нəтижелері нақты ғалымның іс-əрекетінен тыс болса да, сол ғалымның ой санасында қалыптасады. Ғылым тарихының қазіргі кезеңінде бұл ағымдардың мағыналық қайшылығы актуалды емес. Ғылым философиясын философияның бағыты жəне философияның пəні ретінде түсіну қажет. Философиялық ғылымның өзара əрекеті, ғылымтану /науковедение/ жəне ғылымиөлшем /наукометрия/ салаларымен салыстыра түсінеміз. Ғылым философиясы – ғылыми-танымдық қызметінің қасиеттерін зерттейтін философиялық пəн; сонымен катар, ғылым феноменіне қатысты философиялық ілімдердің жартысың қамтиды. Пəні: ғылым философиясы келесі сұрақтарға жауап беруге бағытталған: ғылыми білім дегеніміз не? Оның ұйымдастыру мен қызмет атқару принциптері қандай? Ғылым қандай əдістерді қолданады? Білім қалай дамиды? Ғылым мен ғылым еместің айырмашылығы неде? Философия, діндік сана, жалпы əлеуметтік-мəдени контексте ғылыммен қандай өз-ара байланыс түрлері қалыптасады? Өзгеше философиялық пəн ретінде ғылым философиясы 19 ғ. Бастап қалыптасты, философияның қосымша ілімі ретінде одан əрі дамыған. Ғылым философиясының қалыптасу себептері:
1. Институционалдық революция – профессияландыру /қызметтендіру/.Франциядағы политехникалық мектептердің пайда болуы. Германиядағы университет реформалары. Биілік табиғаттану ғылымдарында болған сон.
2. Əлеуметтік жəне гуманитарлық ғылымдар ғылыми пəндер түрінде қалыптасты: саяси экономика, əлеуметтану, тарих, психология. Əдістердің өзгешелігі туралы сұрақтар туылды.
3. Қоғам өмірінде ғылымның маңыздылығы үстемді болды.