5.Қазақстандағы әлеуметтік методология мен әлеуметтік білімнің жаңа парадигмасын дәлелдеңіз. Ғылым философиясы мен методологиясының қазақстандық мектебі (Ғ.ф.м.м.қ.м) – халықараралық ауқымда танылған отандық философия зерттеу бағыты. Бұл философия мектеп өкілдерінің (Ж.М.Әбділдин, Ә.Нысанбаев, К.Рахматуллин, М.С.Орынбеков, М.Сәбитов, т.б.) еңбектерінде диалектика ойлаудың қарама-қарсылықтық, нақтылық, тарихилық, абстрактіліктен нақтылыққа өрлеу, т.б. принциптері түбегейлі зерттелді.Олар ғылымда кез келген қозғалыс пен дамудың қайнар бастауы әрі тіршілік ету шарты – диалектика. Қарама-қарсылықтарға сүйенетін ғылыми ойлаудың жасампаздық әдебін қалыптастыру идеясын негіздеді. Бұған қоса тұтастықты өздігінен қозғалу және қажетті ішкі байланыстылық арқауларын қарастыру арқылы ақиқатқа жетудің маңызды принциптерін талдады. 1974 ж. қазіргі заманғы ғыл. танымның логикалық-методол. проблемаларын жүйелі түрде зерттеу қолға алынып, Қазақстан Ғылым Академиясының Философия институтында (қазіргі Филос. және саясаттану ин-ты) жаратылыстанудың филос. мәселелері бөлімі ашылды. Ол 1996 ж. ғылым мен техника философиясы бөлімі болып қайта құрылды. Осы кезден бастап республикада Ғ.ф.м.м.қ.м. қалыптасты. Осы мектептің ғылыми деңгейінің көтерілуіне Қазақстандағы жоғары оқу орындарының ғалымдары да үлес қосты.
Ғ.ф.м.м.қ.м-нің қалыптасу тарихын шартты түрде 3 кезеңге бөлуге болады:
1-кезең (1960–70), тұтастай алғанда ғылыми танымның логикалық-методол. проблемаларын диалектика тұрғысынан талдаумен байланысты болды. Философтардың осы кезеңдегі еңбектерінде (Әбділдин, Нысанбаев, «Теория құрудың диалектикалық-логикалық принциптері», 1973, Қазақстан ғылым академиясының Ш.Ш. Уәлиханов атынд. 1-дәрежелі сыйл. 1974; Орынбеков, «Философиядағы және ғылымдағы субстанция мәселесі», 1975; «Осы заманғы ғылымдағы нақтылық принципінің рөлі», 1976; т. б.) 20 ғ-дың 2-жартысындағы ғылымның логикалық-гносеол. аспектілері мен проблемалары қарастырылды. Қазақстан философтарының бұл бағыттағы ғылыми-зерттеулері Ресей, Польша, Германия, Венгрия,Болгария, т.б. елдердің беделді ғыл. басылымдарында жарық көріп, олар ғылым философиясы мен методологиясын өркендету ісіне соны серпін берді әрі ғыл.- зерттеулердің филос.-теор. деңгейін көтеруде үлкен рөл атқарды. 20 ғ-дың 80-жылдарынан Ғ.ф.м.м.қ.м тарихындағы 2-кезең басталды. Ол пәндік-практикалық қызметтің субъекті ұғымын алдыңғы шепке шығарып, ғыл. теориялардың әлеум.-мәдени өлшемдеріне мүдделілікті арттыруымен ерекшеленеді. Ғылыми танымның методол. проблемаларын жүйелі зерттеу ісіндегі әлеум.-мәдени және категориялық талдауларды біріктіру де осы кезеңде атқарылды. Ғыл. танымды категориялық талдау оның мәдени-тарихи сипаттамаларын ой елегінен өткізу арқылы жүзеге асты. Осы кезеңдегі қомақты мәселе – «Ғылыми танымның және әлеуметтік қызметтің логикасы ретіндегі материалистік диалектика» жетекші орынға шығып, әлеум.-мәдени ауқымда байыпталды. Мұның өзі көптеген тың идеялар мен материалдарды ғыл. айналымға енгізуге мүмкіндік берді. Бұл бағытта қазақстандық философтардың іргелі еңбегі саналатын төрт томдық «Диалектикалық логиканың» 4-кітабы («Осы заманғы жаратылыстанудың методологиясы ретіндегі диалектикалық логика», 1985; Нысанбаев, Р.Кубанов, «Осы заманғы ғылымның әлеуметтік және этикалық проблемалары», 1988; ұжымдық еңбектер: «Ғылымның категориялық аппаратының генезисі», 1990; «Ғылымның логикалық-гносеологиялық талдауы», 1990; т.б.) жарық көрді. 20 ғ-дың 90-жылдарынан бастап Ғ.ф.м.м.қ.м жұмысының қазіргі заманғы талаптарға сай 3-кезеңі өрістеді. Бұл кезең ғылым мен техниканы таза марксшілдік талдау шеңберінен шығып, жаратылыстың, тех., әлеум. және гуманитарлық ғылымдардың (психология, тарих, социология, саясаттану, мәдениеттану, т.б.) филос.-методол. және дүниетанымдық проблемаларын зерделей зерттеумен ерекшеленеді. Отандық филос. мектеп бұл кезеңде пәндік-практикалық, әлеум.-мәдени қызметтің идеологиялық қасаңдықтан арылған принциптеріне сүйеніп, тарихи-филос., тарихи-ғыл. және тарихи-мәдени мол мұраларды пайдалана отырып, әлеум. және жеке тұлғалық болмысты танудың аса маңызды диалект.-логикалық принциптерін қорытты. Әсіресе, қарама-қарсылық, нақтылық, субъектінің белсенділігі, тарихилық принциптері дүниетанымдық, логикалық-гносеол. және методол. мәселелермен бірлікте қарастырылды. Ғылымның категориялық және ұғымдық аппаратын қалыптастырып, жетілдіру заңдылықтарын, оны дамытудың интегративтік жолдарын іздестіруге ғалымдар жете мән берді. Өркениеттің өркендеуі барысындағы ықпалды тех. сана құбылысы мен компьютерлік революцияның салдарын талдай қарастыру қолға алынады. Қазіргі кезде ғылымның бағдарлылығын зерттеуге орай ғылым методологиясы жөніндегі отандық әдебиетте бұрын-соңды зерделенбеген тың мәселелер, соның ішінде, ұлттық мәдениет, оның этн. бейнесі мен әлемдік көрінісі аясындағы проблемаларды зерделеуге талпыныс жасалуда. Үшінші кезең, сондай-ақ Еуропаға құлай жүгінетін логикалық парадигмалардан Шығыс пен Батыстағы ғақылиялы ой кешудің алуан тұрпаттарының диалогына қарай ойысу қажеттілігін бағдар тұтуымен де ерекшеленеді. Философия және саясаттану ин-ты ғалымдарының «Шығыс және батыс мәдениеттерінің өзара байланыстары ауқымындағы ғылым методологиясы» (1998) атты ұжымдық монографиясы осы мәселені талдауға арналды. Ғ.ф.м.м.қ.м-нде жүзеге асырылған зерттеулер ғылым философиясы мен методологиясын дамытудың әлемдік бағыттарына сәйкес келеді.
Бұрыннан белгілі проблемаларда басқа жаңадан пайда болған ғылыми білімдерге көңіл бөледі, оның қалыптасу процестерңн қарастырады. Ғылымның теориялық сатысының белгілі мөлшерде тәжірибеден тәуеліз, жеке, дербес екендігін мойындап, жаңа ғылыми білім алуда, тәжірибе арқылы дәлелдеуге мүмкіндігі болмайтын дүниеге көзқарастың, методологиялық принциптердің бар екендігін мойындайды. Бірақ ғылымның даму заңдылығын оның функцияларын дұрыс түсіндіре білетін тек ғана диалектикалық көзқарас.