Жай түсіп жатқанда да құламадың Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның


Бәрі: - Ана Болар күнде алаң, Жанашыр кім саған? Бәрі



бет8/8
Дата11.04.2022
өлшемі41,83 Kb.
#138909
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Ана

    Бұл бет үшін навигация:
  • Ойын
Бәрі: - Ана
Болар күнде алаң,
Жанашыр кім саған?
Бәрі:Анам

Болсаң егер жаман,


Кейитін кім саған?
Бәрі:Анам

1-жүргізуші:
Таң қалғандай ғалам,
Кім ең сұлу адам?
Бәрі:Анам

«Боташым» дер саған,


Кім сүйікті адам?
Бәрі:Анам

Ән «Алтын ана»

Сен жалықпай жетектеп,


Мен жаттыға жетермін.
Айтқаныңды екі етпей
Ақ сүтіңді ақтармын.

Көрсетемін күллі елді,


Жарық етем түндерді.
Өсіріп мен сыйлаймын
Жұрт көрмеген гүлдерді
Көрініс: Балалар «Бала тілі бал» тақырыбында бірнеше көрініс көрсетеді
- Кішкентай қызы әкесінің үй сырлап жатқанына қарап тұрды.
- Оқушысы мен мұғалімі.
- Анасы мен баласы.
- Мұғалім бұзық баланың үйіне келді.
- Әкесі мен қызы дүкенде.
- Сабақ үстінде
Ойын:Балалар көздерін байлап аналарын қолдарынан сипап іздеп табады
Бәрі:
Бәрі жақсы ананың,
Бәрі де оның керек-ау...
Бірақ әрбір баланың
Өз анасы бөлек-ау!
Би:
Ойын:
Гүлдей болсын өміріңіз,
Нұрға толсын көңіліңіз.
Биік болып жұлдызыңыз
Көктем гүліндей құлпырыңыз.
Бақыт қонсын басыңызға
Қолдап жүрсін Тәңіріңіз!,- дей отырып 8-наурыз мерекесіне арналған концертімізді аяқтауға рұқсат етіңіздер.

Конец формы
Тақырыбы: Сыйынар ем, ана деген тәңірге!
Мақсаты:
Білімділігі: Ең қасиетті бұл өмірде ана екенін сездіріп,оқушылардың танымына ой түсіру.
Дамытушылық: Ел тарихында бүкіл бір халықтың анасына айналған қасиетті аналарыңыздың ұлағатты сөздерінен тәлім алып,еліміздің елдігін сақтайтын силанатын орындарға баулу
Тәрбиелік: жастардың анаға деген махаббатын ояту,рухани дүниелеріне эстетикалық адамгершілік қасиет дарыту
Көрнекілігі: интерактивті тақта, ана туралы даналық сөздер, мақал мател
Сабақтың түрі: Кездесу сабағы.

Жүру барысы:
І.Ұйымдастыру
Құрметті Ұстаздар, ата-аналар, қош келдіңіздер. Отбасыларыңызға құт-береке, бірлік дендеріңізге саулық тілейміз!
Әр адам көзін ашып дүниеге келгенде мейірімді, жүрегі жылы жанды көреді. Ол - Ана. Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай бауырына басып, біз үшін жанұшыра шырылдайтын да – Ана. Әрқашан дұрыс, таза жүр, адал бол деп тілейтінде – Ана. Ана, бұл жел жағымызға пана, бәріміз үшін дара, дан тұлға. Ана дегенде сөзге келмейтін тіл, лүпіл қаұпайтын жүрек, мөлтілдемейтін жанар жоқ. Балаға анадан артық, анадан қымбат жан жоқ. Әрбін ана отының өшпеуін, шаңырағының құламауын сәбидің жыламауын, сұм соғыстың болмауын, қызыл гүлдің солмауын тілейді.
Асыл ана туралы қасиетті де құдіретті сөздер, аңыз-әңгімелер жеткілікті. «Жәннат – ананың табанының астында» - деген қасиетті хадисте. Осы сөздердің астарында теңіздей терең мағына жатқаны аян. Өмірдің мәні мен сәніне айналған ардақты аналарға берілген ең лайықты баға
«Әйел, бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» - деген халқымыз. Қандай нақтылы айтқан ой десеңізші. Шындығында әйелдер қауымынсыз, мына әлемді елестету мүмкін емес.Иә, құдайдан кейінгі құдірет иесі – ана. Адамзатқа әлемнің жарығын сыйлаған ана алдында бәріміз де бас иеміз. Бүгінде ұрпақ өсіруімен қатар, ел еңсесін көтеруде өз үлестерін қосып келе жатқан қазақ әйелдері қандай құрметке болса да лайық.
Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталды
Сен деп жаздым алғаш өлең-дастанды
Қуандым ба, өзің бар деп қуандым,
Жыладым ба, өзің жоқ деп жас тамды.
Бәрі де, ана бір өзіңнен басталды.
Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды
Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,
Жасқандым ба, тек өзіңнен жасқандым.
Адамды дүниеге әкелетін,өмірге сыйлайтын құдіретті ана емес пе? Сол құдңрет иесінің алдында бәріміз де бас июге тиіспіз
Сен дүниеге келдің, сені өмірге әкелген бір жан бар. Ол кім? Ол – анаң.
Шырылдап жерге түскеннен – ақ, сенің ең бір жақының, ең бір досың, ең бір ұстазың бар. Ол кім? Ол – анаң.
Сен үшін бәрінен қымбат бір жан бар. Ол кім? Ол – анаң.
Өзі салмақты, өзі байсалды, отбасын сақтаушы, қорғаушы кім? Ол – анаң.
Әрқашан дұрыс, таза жүр, адал бол деп тілейтін кім? Ол – анаң.
Жел жағымызға пана, бәріміз үшін дара, дана тұлға кім? Ол – анаң.
Біз мәңгілік сіздерге,аналар борыштармыз дегіміз келеді. Сіздерге балалық жүректерімізден мыңда бір алғыс.
Ана сөзін ауызына алмайтын адам баласы жоққа тән.Аналар қоғам өмірінеде алатын орны бөлек.Ендеше осы асыл аналарымызға арналған оқушыларымыздың өлеңдеріне кезек берейік.
Сен білесіңбе?
Топтарға сұрақтар қойылады.
І топ
1. Балдан тәтті не? (Бала)
2. Тәрбие мен білім ордасы (Мектеп)
3. Үйлегі алтын қазық кім? (Ана)
4. Бес асылды атаңдар (Талап,еңбек,терең ой,қанағат,рақым)
5. Екі адамның бір-біріне деген адалдығы (достық)
ІІ топ
1. 18 жасқа толмаған адам (Бала)
2. Қара жаңырақ иесі кім? (Кенже ұл)
3. Үш арсызды атаңдар? (Ұйқы,тамақ,күлкі)
4. Әкеден балаға берілетін зат? (Мұра)
5. Үйде кім,елде кім қадірлі? (Үйде халық,қарт,бала қадірлі,елде хан,әкім,ұстаз қадірлі)

Алтын анам жасымнан аялаған
Мен үшін игілікті аямаған
Сабақтан шаршап үйге келгенімде
Бал сөзі жаным деген сая маған

Мақалдың жалғасын тап...
І топ
1. Ата – бәйтерек
Бала жапырақ
2. Ана тілін білмеген
Ана сүтін татпаған
3. Ұлы бар үйде қуат бар,
Қызы бар үйде шуақ бар
4. Әкеге қарап ұл өсер
Шешеге қарап қыз өсер
5. Ананың көңілі балада,
Баланың көңілі далада.
6. Анаңа ауыр сөз айтпа!
Атыңа ауыр жүк артпа!
7. Ата көрген оқ жонар,
Ана көрген тон пішер
ІІ топ
1. Балалы үй базар,
Баласыз үй қу мазар
2. Ана алдында — құрмет,
Ата алдында — қызмет.
3. Ананың сүті—бал,
Баланың тілі — бал.
4. Бала жақсы болса – қуаныш, жаман болса – күйініш
5. Анаңа ауыр сөз айтпа!
Атыңа ауыр жүк артпа!
6. Отан елдің – анасы,
Ел – ердің анасы
7. Отан үшін күрес
Ерге тиген үлес
«Балам – бақытым, болашағым» мерекелік ойын. Бұл ойынға оқушылардың ата-аналары қатысады.
1. Балаңыздың атының қойылу себебін түсіндіріңіз?
2. Балаңыз қандай ойынды жақсы көреді?
3. Балаңыздың ең алғаш айтқан сөзін еске түсіріңіз?
4. Балаңыздың сізге ең алғаш берген көмегі қандай?
5. Өз балаңызды қалай мақтайсыз немесе қандай жетістіктерімен мақтана аласыз?
6. Балаңызды алғаш мектепке кім әкелді?
7. Балаңыздың парталасы көршісі кім?
8. Балаңыздың сүйікті асы не?
9. Сынып жетекшісінің толық аты кім?
10. Балаңыздың болашақта кім болғанын қалайсыз?

Ата – анаға айтқан рахметің
Елден алған алғысың
Ата – анаңды сыйламағаның
Елден алған қарғысың

«Сәйкестендіру»
Екі топқа берілетін тапсырма сәйкестендіру кестесі
Отбасының қорғаны кім? 5 Ана
Үйдегі алтын қазық кім? 1 Ұстаз,ата – ана
Жоқты бар,ашты тоқ ететін кім? 6 Қонақ,қарт адам,бала
Үйде кімдер қадірлі? 3 Ата – ана,ұстаз,дос
Қоғамда кімдер қадірлі? 2 Әке
Адамға ақыл беретін кім? 4 Ана

Құрметтейік,о адамдар,аналарды,
Бізді өмірге әкелген даналарды
Себебі ана деген асыл жан ғой
Ойлауменен істейік әр қадамды
Егер мен...
Әр топтағы оқушылар берілген сөйлемдегі ойды аяқтайды.
• Егер мен анамның қөңілін қалдырсам, онда...
• Егер мен жаман баға алып қалсам, онда анама...
• Егер мен кітабымды жыртып алсам, онда апайыма...
• Егер мен үй тапсырмасын орындамай келсем, онда апайыма...
Ата-аналар жадынама.
1) Баланың оқуына, тәрбиеленуіне, баланың белсенділігін артуына тек мектеп тәрбиесі мен оқуының арқасында қол жеткізуге болатынын түсініңіз. Мұғалім – сіздің отбасыңыздың досы.
2) Ата-аналар жиналысынан қалмай, баланың сабағының үлгерімін қадағалаңыз.
3) Балаңыздың күнделікті оқуындағы табысымен ой бөлісіңіз: бүгін қандай жаңа ұғым алды, нені үйренді?
4) Баланың күнделікті үй тапсырмасын орындалуын қадағалаңыз, егер бала қиналатын болса көмектесіңіз.

Аналарды ардақтайық мәңгілік,
Сіздер үшін жыр жазамын ән қылып,
Барлық ана қамқор болған балаға
Құрметтемей аналарды болар ма?!

«Ұшқыр ой» ситуациялық сұрақ
Ата-аналар өз пікірлерін айтады.
1-жағдаят (анаға)
Балаңыз аулада ойнап жүрген. Жолдасының таспен ұрғанын айтып
шағымданып келді. Не істер едіңіз?
2-жағдаят (анаға)
Сіз жұмысқа кетейін деп жатырсыз. Балаңыз жарысқа баратынды-
ғын кеше айтуды ұмытып кеткен. Мектепте мүсін жасаудан жарыс
болады. Соған бала да қатысқысы келді де мектепте қалып қойды.
Сіз оны күтіп отырдыңыз. Не істер едіңіз?
3-жағдаят (анаға)
Кешкі ас ішіліп болған кезде ас үйде ыдыс жуылмай қалды.Кино
басталып кетті.Кино аяқталған кезде балаңыз: ыдысты таңертең
жуа салайыншы деді.Сіз не істер едіңіз?
Ортаға ұш ананы шақырамыз.Көздерін шарфымен байлап, топ баланың ішінен өз баласын тауып алуды ұсынамыз.
Енді сөз кезегін сынып жетекшіміз Мадина апайға береміз.
Асыл сөзбен ата-анаға ой салайық,
Екі ортаға алтыннан жол салайық.
Құрмет тұтып келген ата-ана, қонақтармен
Рахмет айтып біздер де қоштасайық!
Аналарды құрметтейміз,елейміз,
Аспандағы ай мен күнге теңейміз
О,аналар,сіздерді үлгі тұтып
Бақытпенен денсаулықты тілейміз.

Қорытынды.
Өмірде анаңнан артық адам жоқ, өйткені ол сені мәпелеп өсіреді, барын аузыңа тосады, дүниенің жақсысын саған сыйлайды, бар өмірін балаға арнайды.Түн ұйқысын төрт бөліп ақ сүтін береді.Сондықтанда еш бала өз анасын ренжітпеуі тиіс.Анасы бар адам бақытты.
«Сыйынар ем ана деген тәңірге» тақырыбындағы тәрбие сағатымыз өз мәресене жетті. Бізде қонақта болған аналар ұл - қыздарыңыз бен немерелеріңіздің қызығына тоймай мейрамнан мейрамға аман - есен, дендеріңіз сау болып жете беріңіздер! Қызықты әңгімеңізге үлкен рақмет!
Жанұяның тірегі әке болсын,
Шаңырақтың шуағы ана болсын,
Бар тілекті арнайтын балаңызға
Көңіліңіз ғажайып нұрға толсын.
Әлеуметіміз аман, еліміз тыныш болсын!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет