Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


 4 II тарау. Антикалык, философия



Pdf көрінісі
бет20/305
Дата20.11.2023
өлшемі20,78 Mb.
#192364
түріОқулық
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   305
Байланысты:
Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3

2 4
II тарау. Антикалык, философия
ді. Ол адам өлгсннен кейін жануарларға, өсімдіктерге ауысуы мүмкін. Бүл жер- 
де біз Пифагорға Ежслгі Үндістандағы Веда ілімінің осерін байқаймыз. «Ежелгі 
Үндістандағы философиялық көзқарастардағы сияқты өмірдің негізгі мақсаты, 
- дейді Пифагор, - жанды тазарту. Оған құмарлықты жеңу, жастардың үлкен- 
дерді бұлжытпай тындауы, достық пен жолдастықты дәріптеу сияқты әдептілік 
қағидаларын сақтай отырып жетуге болады».
Пифагоршылар Гераклит сияқты Ғарыш қарама-қайшылыққа толы дей оты­
рып, олардың 10 жұбын атап көрсетті. Олар: шектілік және шексіздік, тақ жэне 
жұп, жалқы жэне жалпы, оң және теріс, еркек пен эйел, тыныштық пен қозғалыс, 
түзу мен қисық, жарық пен түнек, жақсы мен жаман, квадрат пен көпқырлылық. 
Осылардың ішіндегі ең маңыздысы - шектілік пен шексіздік. Шекті нәрселерді 
танып-білуге болса, шексіздікті танып-білу мүмкін емес. Шекті денелер геомет­
рия арқылы бізге мэлім болса, шексіздік танымның мүмкіндік шеңберінен тыс, 
сондықтан оны тек ойша шамалауға болады.
Қорыта айтқанда, Пифагор - философтардың ішінде бірінші болып өз ілі- 
мінде сан категориясын жан-жақты қарастырған және өз ілімін халық арасында 
үгіттеп таратқан (пифагоршылар одағы) ғұлама. Оның ілімдері кейінірек Платон 
философиясының қалыптасуына үлкен эсер етті.
Элеаттар мектебі. Негізгі өкілдері: Ксенофан, Парменид, Зенон. Элеаттар ілі- 
мі ежелгі грек философиясының дамуындағы жаңа қадам болды. Егер Милет мек- 
тебінің өкілдері түпнегіз физикалық дене, ал пифагоршылар сан десе, элеаттарда 
түпнегіз - болмыс. Элеаттар ілімінің негізгі қағидалары мынаған саяды: түйсінген 
денелердің барлығын нақтылық деп қабылдауға болмайды, керісінше, олардың 
бэрінде өздерін ақыл-ой арқылы негіздеуге болатын мүмкіндіктері болуы шарт, 
себебі тек түсіндіруге болатын заттар ғана нақтылы өмір сүреді. Қарама-қайшы 
пікірлерге сыймайтындар жоқ. Олай болса, нақты шындық пен түсіндіре білудің 
арасындағы қарама-қайшылық - біз қолданып жүрген ұгымдар деңгейлерінің 
жеткіліксіздігі салдары. Бұл пікір ешқандай талқылауды керек етпейді.
Элеат мектебінің негізін қалаушы жэне көрнекті өкілі - Колофон полисінен 
шыққан Ксенофан (шамамен б.д.д. 576-487 ж.) болды. Оның пікірінше, барлық 
заттардың негізі - Жер. Жер өзінің тамырларымсн шексіздікке кетеді. Тірші- 
ліктің шығуына Жермен коса Судың да маңызы зор. Жанның өзі де Жер мен 
Судан жаралған. Ал Судан бұлттар пайда болады да, бұлттардан аспан денелері 
жаралады. Мысалы, Ай бір жерге шогырланған бұлт болса, Күн - су буы жануы- 
ның салдарынан шоққа айналған аспан денесі.
Егер Милет мектебінің өкілдері космостың генетикалық бастамасын эрі түп- 
негізін физикалық қасиеттері бар Ауа, Су, От алейрон десе, Ксенофан олардан 
әрірек кетіп, Жер Ғарыштың түпнегізі ретінде біртұтастық деп тұжырымдайды. 
Ол түпнегіздің шекті не шексіз екендігін, материалды немесе идеалды екендігін 
айқындамайды. Біртұтастық ретінде ол күдаймен пара-пар. Құдай - барлық нәрсе- 
лер, бірақ бұл барлық нәрселер көптүрлілікті көрсетпейді, ең жоғары біртұтастық- 
ты көрсетеді. Оның түпнегізі - ақыл-ой. Құдай адамдарды жаратпайды, керісінше, 
адамдар өз бейнесіне қарап, қүдайды жаратады. Егер жылқылар адамдар сияқты 
сурет сала білсе жэне өнердің түрлерін тудыра алатын болса, олар қүдайларды 
өздері сияқты жылқы ретінде суреттер еді. Ксенофанның күдайы - таза ақыл-ой,




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   305




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет