Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


 2 II тарау. Антикалык, философия


бет18/305
Дата20.11.2023
өлшемі
#192365
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   305
Байланысты:
Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3

2 2
II тарау. Антикалык, философия
заңцылығымен бірде лапылдап жанып, бірде сөніп тұратын, эр уақытта болған, 
бар жэне болатын тірі От. Оттан Ғарыштың пайда болуын Гераклит Оттың же- 
тіспеушілігінен болатын төмен қарай жол десе, Оттың молдығынан Ғарыштың 
кері Отқа айналуын, өзінің түпнегізіне қайтып келуін жоғарыға қарай жоқ деп 
атаған. Сөйтіп, төмен-жоғары қарай мэңгі қозғалыстың нәтижесінде жалқыдан 
барлық заттар, керісінше, заттардан жалқы жаратылады. Әлемнің өзгеру тэртібі 
мен өлшемі, оның объективті заңы - логосқа байланысты. Логостың өзі От сияқ- 
ты. Бірақ сезім үшін От сияқты болып көрінсе, ақыл-ой үшін - ол Логос, объек­
ти ва заңдылық. Логос тек Ғарышқа ғана тэн заңдылық емес, ол адам жанына да 
тэн. Адамның жанына тэн Логос ылгалдың булануынан пайда болады, ал керісін- 
ше, жан өлгенде, ол суға айналады. Жан тек ылғалды ғана емес, сонымен бірге 
құрғақ та болуы мүмкін. Сонымен, жан қарама-қарсы екі құбылыстан - ылғалды 
және құргақ жаннан тұрады. Ылғалдық жаман жандарға тэн. Мысалы, ылғалды 
жан маскүнемдерде, ауруларда, күнделікті ләззат іздеген адамдарда кездеседі. Ал 
құрғақ жан данышпан, ақылды адамдарда кездеседі. Жанның құрғақтығы - оның 
логосы. Мұндай логос Ғ арышты билейтін объективтік Логос сияқты шексіз, терең 
келеді. Сондықтан жанның шегіне жетемін деп талпынсақ, жан логостың тереңді- 
гі соншама, оған жете алмайсың.
Қарама-қарсы құбылыстар тек жан логикасына ғана тән емес, ол - жалпы 
ғарыштық құбылыс. Мысалы, теңіз суы балықтар үшін таза болса, адамдар үшін 
арам, сондықтан балықтар ол сумей қоректеніп өмір сүрсе, адам оны ішсе, ауруға 
шалдығады. Сол сияқты ең әдемі деген маймыл адаммен салыстырғанда ұсқын- 
сыз болып көрінеді. Гераклиттің салқын жылынады, ыстық салқындайды немесе 
денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің деген пікірлері, жоғарыда көрсетілген- 
дей, заттардың қарама-қарсылықта жэне үздіксіз өзгерісте болып тұратындығын 
көрсетеді. Осыдан келіп, ол барлық денелер өзен сияқты ағып жатады, ал бір 
өзенге екі рет түсуге болмайды деген қорытынды жасайды.
Гераклитгің пікірінше, қарама-қайшылықтар тепе-тең жағдайда болады, 
бірақ ол тепе-теңдік қарама-қарсылықтардың күресі арқылы бұзылады да, дү- 
ниеге жаңа заттардың пайда болуына мүмкіндік туады. Қарама-қарсылықтардың 
күресі - әлемде өзгерістердің болуының негізгі зандылығы. Күрес жалпыға бір- 
дей, барлығы күрестің жэне қажеттіліктің арқасында пайда болады.
Осындай қарама-қарсылықгардың күресін Гераклит үндестік ретінде 
қарастырады. Бірақ мұндай үндестік көрінбейді, айқын емес, онысымен де ол өте 
күшті және әлемдегі барлық денелерге тэн. Осындай үндестікте жамандық, ұс- 
қынсыздық сияқты келеңсіз құбылыстар тұрақсыз келеді де, жақсьшық, көркемдік 
сияқты абсолютті құбылыстармен араласьш, жойыпып кетеді. Бірақ бұларды көру 
мүмкін емес, оларды кору тек құдайларға тэн.
Сондықтан да адамдардың мынау әділеттілік, мынау эділетсіздік, мынау 
жаман, мынау жақсы дейтіндерінің бэрі құдай үшін әділетті, жақсы, көркем.
Осыдан келіп, Гераклит адамдар логоспен күнде кездесіп жатса да, оны танып 
біле алмайды деген қорытындыга келеді. Оның себептері эртүрлі. Бір жағынан, 
табиғаттың өзі сырын көп аша бермейді, екіншіден, адамдардың көпшілігі әбден 
тойынған, сондықтан олар табиғат сырын түсінуге талпынбайды. Оған қоса, осы 
көпшіліктің талап-мүддесін қорғапггаған халық ақындары да, ұстаздар да (Гомер,



жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   305




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет