Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


бет204/305
Дата20.11.2023
өлшемі
#192365
түріОқулық
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   305
Байланысты:
Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3

Ш ығыс философиясы
2 3 3
рып, инверсияға қабілетсіз. Реалды өмір сүруші, тіршілік етуші адамның өзін- 
дік санасы өзімен-өзі Құдайдың өзіндік көрінісімен, сол жағдайда адамның кө- 
рінісімен, уақытымен, осы адамның өзіндік санасы факт болып табылады. Бұл 
жағдайда байланыстьшығының нәтижесін ескерсек, онда бұл байланыстылықтың 
компоненттері жай эшейін бірлікте болып табылады. Бірақ бұл жағдайда алғашқы 
компоненттер тек соңтының негізінде мүмкін жэне шын, жай өзара шектеулі бо­
лып табылмайды. Соңғы алдыңғының алдынан шығады. Осы өмірде өмір сүруші 
заттар мен адамдар реалды болып табылады, бұл Құдай идеясы, көрінісі, саналы- 
лығы, бірақ Құдай өз көрінісіндей емес. Керісінше, реалды өмір сүруші Қудайдың 
бөлуінде өмірдің абсолют өмір сүруі мүмкін емес, демек, мұнда диалектикалық 
терминдерді қолданады.
Судзуки Дайсэтцу (1870-1966 ж.) - жапон философы. Шын аты - Тэйтаро. 
Негізінен ол буддизм махаянасын зерттеген болады. Шығыс мәдениетінің құбы- 
лыстарына, адаптация проблемасына басты назарын аударды. Философияға жэ­
не мэдениеттануға қызығушылықтың орталығы Чань-буддизм мектебі болып 
табылады. Чань-буддизмнің «жасырьш» санасын ашып, Батыс дәстүріне түсінікті 
етуге тырысты. Судзуки чань-буддизм мэтіндеріне түсіндірме жасап, жүйелеуге 
тырысқан болатын. Чань-буддизм адам мен қоғамға міндетті түрде ортамен өзара 
байланыс, динамикалық процесс ретінде қажет. «Чань, - дейді ол, - әрқайсысы- 
мызға «өмірдің суретшісі» болуға мүмкіндік береді. Егер кімде-кім дзэнді күн- 
делікті өмірде сезінбесе, мэнін дұрыс ұқпаса, онда оның ілімі түсініксіз және құ- 
пиялық мағынаға ие болады.
Сонымен, дзэн ілімі абсолютгі абсурд жэне мағынасыз немесе оның іш- 
кі шындығын жасыру мағынасында өте шиеленісіп кеткен. Дегенмен дзэн ілі- 
мі, қолдаушылардың айтуларына қарағанда, мұның парадокстары арнайы жасы- 
рылмаған. Бұл парадокстар мына себептен пайда болды: адам тілі тереңде жатқан 
шындықты ұғыну барысында әлсіздеу болды, шындық затқа айнала алмады. 
Адамдар өздерінің ішкі қайғыруларьша нақты бір айқын уғымды қолдана алмайды. 
«Көмір қара» - бұл өзінен-өзі түсінікті, бірақ дзэн бұған қарсы шығады. «Көмір 
кара емес» - бұл да түсінікті. Мұны түсінуіміз ушін сұрақгың мэніне дұрыс үңі- 
ле білуіміз керек. Осымен байланысты дзэндегі жеке тэжірибе «барлығы» болып 
табылады. Жеке тәжірибе жоқ болғандықтан, кез келген идея бізге түсініксіздеу кө- 
рінуі мүмкін. Жас нәрестеде ешқандай айқын идея жоқ, ол егер болған жағдайдың 
өзшде, шындықпен үйлеспей, түсініксіз болады. Сондықтан заттарды толығымен 
және айқын тану үшін жеке тәжірибе керек деп қорытындылауға болады. Өмір 
жайлы сурақ қозғағанда онда жеке тәжірибе міндетгі түрде қажет. Мундай тэжіри- 
бесіз, оньщ мэнінсіз заттар, ұғымдар ешқашан дұрыс бола алмайды. «Дзэн - буд- 
дизмнің негіздсрі» деген еңбегінде ең негізгі мәселесі - философия мен дзэннің 
қарым-қатынасы. Дзэн деген ілім - бүкіл Шығыс философиясының жиынтығы. 
Дзэн біздің қарапайым уғымдағы философия емес. Дзэн - мистицизмнің ерекше бір 
түрі. Мистика деген - тыныштық, ұстамдылық (невозмутимость). Дзэн дегеніміз -
мистицизмнің мағынасы. Дзэнді түсінбей мистицизмді түсінбейміз. Дзэннің мэні 
- адамның ішкі күйіне ешбір делдалсыз, тікелей араласу. Батыс адамы дүниемен ті- 
келей қатьшас жасамайды, табиғатпен тікелей араласпайды. Өзінің сыртқы қасиет- 
теріне көп мән береді. Шығыста адам мен табиғат мэселесіне тікелей көшеміз.



жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   305




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет