Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


К^зак, философиясының кеңестік кезеці


бет299/305
Дата20.11.2023
өлшемі
#192365
түріОқулық
1   ...   295   296   297   298   299   300   301   302   ...   305
Байланысты:
Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3

К^зак, философиясының кеңестік кезеці
3 2 9
да шоғырланған болатын. Қазақ философиясының рухани әлемінің векторы 
адамның табиғатпен, адамның қоғаммен, өзіндік «мен» мен қатынасының үйле- 
сімділігіне бағытталған.
Қазіргі заманда рухани өмірдің стереотиптік күшті үдерісі байқала-ды, 
сондықтан этностар философиясы әлемдік философия контекстінен тыс тіршілік 
ете алмайды. Сонымен қатар философияның өзара эрекетгесу үдерісі барысын- 
да оның өзіндік идентификациясынан қашып құтьша алмаймыз. Үлттық өзін-өзі 
танудың қалыптасуы мен дамуы осы үдерісті этноэлеуметтік жалпылықты тану 
жолында институциализациялау болып саналады.
Кеңестік кеңістіктегі үлттық философия жалпы шынайы мәдениетпен өзара 
эрекеттесу үдерісі барысында шекарадағы рухани күндылық ретінде қалыптасты 
жэне бұл оның басқа модениеттердің эртүрлі элементтерін оңай тандап алу 
мүмкіндігін арттырды. Шекаралық қасиетке ие болған қазақ халқының фило­
софиясы әртүрлі этностармен, әлеуметгік жэне діни топтармен бірге өмір сүру 
қабілетіне ие болды, мәдени өзара әрекетке бара отырып, синтезделді.
Ұлттық философия өркениеттің жэне оның оған нақтылап берген шекара- 
сынан әрмен аттауға мүмкіндіктер береді. Қоғамдық эволюция туралы біркелкі 
түжырымдар өткеннің еншісіне кетті, яғни еуропалық индустриализм сызбасы 
бойынша эволюция үдерісін меңзейді. Әлемдік қауымдастық социомэдениетті 
көптүрлілік арқылы өзіндік идентификацияға қолжеткізе алады деген жаңа 
парадигмаға ие болды жэне ол қазақтың ұлттық мәдениетінің ішкі типологиялық 
градациясынан көрініс тапқанына ешбір күмән жоқ.
Алайда социомәдениетті модернизацияның мұндай үдерісі алдын ала дайын 
моделмен жүре алмайды жэне жүзеге де аспайды. Бүл үдеріс транзиттік типтегі 
қоғамның өткір, қарама-қайшы, шынайы элеуметтік-экономикалық, саяси, мэдени 
ерекшеліктерінен айналып өте де алмайды.
Қазақ халқы үшін көшпенді этнос үшін - фольклор, мифология, халық 
даналығы, өнер мен күндылық ережелерін жэне қазақ менталитетінің өзіндік 
идентификациясын біріктіруші, үлттық идея ретіндегі халықтың бірлігі үлттык 
философияның жүйе құрушы элементі болып саналады. Осы идеядан жетіле келе, 
философия нәтижесінде элеуметтік өмірді, құндылықты бағалауды, рухани сы- 
нау мен ізденісті мағыналайтын қызметті өз мойнына алды. Ол дүниетанымдық, 
сыншылдық, тэрбиелеушілік жэне насихаттаушылық рөлді атқарады. Жоғары 
әлеуметтік мағынальшық ұлттық идеяға философиялық сипат береді. Өйткені 
А. Тойнбидің тілімен айтқанда, «азға билік жүргізетін», «шығармашылық мар- 
дымсыздықты» басқарушы шындығына келгенде, «түкке тұрғысыз» нәрсемен ай- 
налысушы - нашар түсінілген идеяларға икемделген жэне өзінің мақсатына икем- 
делген идеяға арқа сүйеуші».
Ғылым, экономика, идеология модернизацияланған қоғамның жаңа бірлігін 
тудыратын факторлар болып табылады. Олар дәстүрлі коғаммен толығымен 
бірлесе әрекет ете отырып, көп жағдайда индивидуалдылықтың ішкі ресурста- 
рын қозғамайды. Тек мына жағдайда ғана, қоғамдық жүйе тарихтағы өзінің жо- 
лын таңдай отырып, өзінің тіршілігінің философиялық параметрлерін жасап 
шығарады жэне ол өте өмірге бейім келеді. Адамға емес, керісінше жақсы саяси 
конституцияның күшіне сену қажеттігін бағамдайды.


3 3 0

жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   295   296   297   298   299   300   301   302   ...   305




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет