Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


V тарау. Ж аңа заман философиясы


бет163/305
Дата20.11.2023
өлшемі
#192365
түріОқулық
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   305
Байланысты:
Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3

V тарау. Ж аңа заман философиясы
1 8 9
лердің иіс, бояу, дэм, т.б. сол сияқты қасиеттері жатады, оларды біз субъективтік 
тұрғыдан қабылдаймыз. Осы екі сапалы идеяның түйсіктерге эсер етуі арқасында 
біздің санамызда екі түрлі ұғым мен пайымдау қалыптасады. Олар тек тәжіри- 
бе арқылы қалыптасады да, ой белсенділігін талап етеді. Осы негізде ғылымдар 
дамиды. Ал екіншісі - сыртқы денелердің түйсіктерге эсер етуінен немесе реф­
лексия арқылы пайда болған қарапайым ұғымдар, пайымдаулар. Мысалы: «көк» 
ұғымы - көру түйсігі, ал «қозғалыс» ұғымы көру жэне сезіну түйсіктері арқылы 
пайда болған. Мұндай ұғымдар енжар болу себепті ой белсенділігін талап етпей- 
ді. «Бірінші» жэне «екінші» сапалы идеялар адамның көңіл күйіне байланысты 
эртүрлі қабылдануы мүмкін.
Ақиқат дегеніміз - Локктың пікірінше, идеялардың өзара сэйкес келуі 
(ұғымдардың, пайымдаулардың «бірінші», «екінші» идеяларға) жэне көпшіліктің 
өзара келісімі.
Адамның қуанышын тудыратын жэне күшін өсіретін істің барлығы - игілік, 
ал оған қарама-қарсы іс-әрекет - бақытсыздық. Ең жоғары заң, адамды қуанышқа 
бөлейтін болғандықтан, ең басты игілік болады. Локк мемлекет туралы ілімін- 
де халықтың егемендігі негізінде қалыптасқан конституциялық монархияны 
жақтайды. Мемлекет билікті бөлу (заң шығару, атқарушы жэне сот биліктері) 
арқылы элеуметтік топтарға бостандық жэне құкықтық теңдікті сақтауға кепілдік 
жасауы тиіс.
Қорыта айтқанда, Бэкон, Гоббс, Локктың ілімдері механикалық-метафи- 
зикалық философияның іргетасын қалап, ғьшыми зерттеудің индуктивтік жэне 
геометриялық тэсілдерін эмбебап (универсалдық) тэсілдер дэрежесіне дейін кө- 
теріп, өзінен кейінгі ғұлама ойшылдарға үлкен эсер етті.
XVII-XVIII ғасырларда Англияда философияда «идеалистік сенсуализм» деп 
аталып кеткен бағыт қалыптасты. Оның іргетасын Дж. Беркли жэне Д. Юм деген 
ойшылдар қалады.
Джордж Беркли (1684-1753 ж.) - ағылшын философы. Негізгі еңбегі -
«Танымның бастамасы туралы трактат».
Берклидің ілімі бойынша, «жалпы материя» деген бос сөз. «Үшбүрыш» деген 
жалпы үғымның дүниеде болмайтыны сияқты, «жалпы материя» да болмайды. 
Ал жеке материалдық денелер Құдайдың ойында қдея ретінде өмір сүреді. Олай 
болса, шынайы өмір сүретін заттар емес, рухтың, жанның және «меннің» түп не- 
гіздері. Адамдар үшін нағыз объективтік ш ы нды қ- біздің санамыздағы құдіретгің 
белгісі - «еске алу». Демек, жеке денелердің өмір сүруі дегеніміз - олардың түйсік- 
тер арқылы қабылдануы арқасында «меннің» идеяларына айнала алуы. Қозғалыс 
деп жүргеніміз - Қүдайдың үздіксіз белсенділігі. Кеңістік пен уақыт та - сезімдік 
«еске алудың» бір түрлері. Мысалы, уақыт - түйсіктердің бірінің соңынан бірінің 
ауысып отыру дәйектілігі. «Меннің» жойылуымен бірге бұл аталған құбылыстар 
мен денелердің жойылмайтын себептері - өзіндік «меннен» басқа «бөтен мендер- 
дің» болуы.
Таным процесінде Беркли басты рөлді «тікелей сезімге» береді. Ол - сезім- 
дік тэжірибенің нэтижесі, ал сезімдік тэжірибенің өзі санамыздағы құдіреттің 
белгісі - «еске алудың» жиынтығы. Сөйтіп, «тікелей сезім» арқылы қалыптасқан 
ұғымдар - объективтік шындықтың субьективтік кескіні емес, түйсіктердің «еске



жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   305




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет