1 9 6
Ф илософия тарихы
тіріп қарағанды жөн көрдік. Негізгі окілдсрі мен олардың еңбектері: Дени Дидро
(1713-1784 ж., «Рамо жиені»), Ламетри (1709-1752 ж., «Адам - машина»), Гольбах
(1723-1789 ж., «Табиғат жүйесі»), Гельвеций (1715-1771 ж., «Адам туралы»), т.б.
Энциклопедистер пікірінше, элемнің түпнегізі - табиғат, материя. Оның не-
гізгі қасиеттері: кеңістікте көсілу, салмақ, бірлік, түр (форма), қозғалыс.
Материяның кейбір түрлеріне белсенділік тэн болса, кейбіреулеріне енжарлық
тэн. Белсенділігінің арқасында материя ешқандай сыртқы күштің әсерінсіз, өзі-
нен-өзі туындайды жэне өз дамуының себебі өзінде.
Кеңістік пен уақыт бір-бірімен тығыз байланысты жэне олар - материяның
негізгі қасиеттері. Ал қозғалыс болса, ол материяның өмір сүру тәсілі. Денелер
уздіксіз қозғалыста болады, тыныштықтың өзі де қозғалыстың бір түрі. Бірақ олар
қозғалысты механикалық қозғалыс (орын ауыстыру) тұрғысынан қарастырады.
Сезімдік түйсіну барлық денелсрге тэн. Олай болса, табиғаттың өзінде түйсіктер-
ге ұқсас қасиет бар. Ал сана, сезімдік түйсіктері бар денелер, негізінде, жоғары
дәрежеде ұйымдасқан материяның түрінде болады (Гольбах).
Дүниедс себепсіз ештеңе болмайды, керек десеңіз, кездейсоқтықтың өзі де
себептіліктің бір түрі. Өзгеріс, даму - жай ғана көбею, пайда болу, жеделдету, бә-
сендету. Адам мен қоғамдар осылай дамиды. Сайып келгенде, дүниедегі өзгсріс-
тердің барлығы таза механикалық зандылықтарға бағынады. Мысалы, жануарлар,
адамдардың өздері де - жаны бар машиналар.
Адам табиғаттың бөлігі болғандықтан, олардың өзд еріне тэн табиғи құқықтары
бар. Олар - өмір сүру, меншік иесі болу, бостандық қуқықтары. Адамдардың бұл
аталған табиғи қүқықтары феодалдық қоғам түсында жүзеге асырьшмай келді, се-
бебі онда билеушілердің мінсз-құлықтары нашарлап, адамгершіліктері төмендеп
кеткен. Сондықтан халықтың табиғи қүқықтарын жүзеге асыру үшін мемлекетті
басқару тэсілін өзгертіп, жетілдіру жэне заңдарды реттеу керек. Ол үшін билеуші-
лерді ағарту керек. «Әлемді пікір билейтін» болғандықтан, мемлекет басқаруда
ұлы адамдардың (патшалар, қолбасшылар, ғұламалар, т.б.) рөлі өте жоғары. Де-
мек, билеушілер ақылды, жанашыр, әділетті болса, халықтың жағдайы жақсарады,
өздерінің табиғи құқықтарына жетуге мүмкіндік алады.
Таным процесі туралы айта келіп, энциклопедистер мынадай ойларды алға
тартады: қоршаған орта туралы деректер түйсік арқылы қабылданады да, ақыл-
ой арқылы қорытылып, жаңа түжырымдарға айналады. Бірақ адамның санасы
заттарды тура сол күйінде қабылдамайды, бүл ретте адамның көңіл күйі, т.б.
субъективтік қасиеттері үлкен рөл атқарады. Олай болса, адамдар ақиқатқа жету
үшін (ақиқат дегеніміз - заттар туралы ұғымдардың сол заттарға сәйкес келуі)
тиімді әдістер іздейді, ал олар адамдар ақыл-ойының белсенділігін арттырады.
Демек, ақиқатты танып-білу - философияның міндеті.
Қорыта айтқанда, француз ағартушылары өздері қойған қоғам мен табиғат-
тың арақатынасы, қоғамның қозғаушы күші, теңсіздіктің себептері, т.б. сол сияқ-
ты сұрақтарға терең де қанағатганарлықтай жауап бермесе де, өздерінен кейін-
гі, эсіресе неміс ойшылдарын осы қойған сұрақтарға басқа қағидалар негізінде
болса да, жауап іздеуге итермелейді. Мысалы, француз ағартушылары адамды
табиғаттың жэне қоғамдық өмірдің жемісі деп қарап, ал қоғамдық өмірдің өзі
адамдардың материалдық (өрескел саудагерлік мағынасында) іс-әрекетінің нэти-
жүктеу/скачать Достарыңызбен бөлісу: |