V I тарау. Н ем іс классикальщ философиясы
2 0 3
рып, өзінен кейін қалыптасқан иррационалистік философиялық бағыттың негізін
қалаушы болады.
Философия әлемінде өзіндік ерекшелігімен өшпес із қалдырған ғұлама ой-
хпыл, неміс классикалық философиясының ең биік шыңында тұрған -
Георг
Вильгельм Фридрих Гегель 1770
жылы Штутгарт қаласында туьш,
1831
жылы
Берлинде қайтыс болған. Негізгі еңбектері: «Рух феноменологиясы», «Логика ғы-
лымы», «Қүқық философиясы», «Дін философиясы», «Философия ғылымының
энциклопедиясы», т.б.
■Гегель өз философиясының бастамасы етіп абсолют идеясын алды. Абсолют
- Құдай барлық заттарда бар, бірақ тек таза ақыл-ойда ғана өзіне-өзі тең болады.
Абсолюттік идея - нағыз шындық, болмыс жэне барлық материалдық денелердің
түпнегізі жэне мэні. Оның негізгі атрибуттарының бірі - әмбебап жалпылық. Ол -
тұрақты жэне мэңгі. Абсолюттік идеяға әрекетшілдік тэн, себебі ол - таза ақыл-ой,
ақыл-ой әрекетшіл болмаса, өмір сүре алмайды. Осы қасиетінің арқасында ол жай
ақыл-ой болып қалмайды, материалдық денелерге айналады. Бұл процесс төмен-
де көрсетілгендей жүзеге асады: рух өзінен табиғат туралы таза ойын босатып,
затгандырады жэне сол заттандырылған табиғаттың өзінде өзінің басқа болмысы
ретінде сақталады. Сөйтіп, ол өзінің диалектикалық мэнін көрсетеді. Таза ақыл-
ой дамуының диалектикасы табиғаттың, қоғамның, адамның ойлау қабілетінің
жалпы заңы болып табылады. Осыдан келіп, Гегель табиғаттың, қоғамның, адам
ақыл-ойының эртүрлі даму кезеңі абсолюттік идеяның эртүрлі даму сатысына
саяды деген тұжырым жасайды. Даму процесі, Гегельдің пікірінше, белгілі бір кес-
темен жүзеге асады: тезис (нақгылану), антитезис (нақтылануды теріске шығару)
жэне синтез (терістеуді терістеу). Айталық, материалдық денелердің пайда болуы
тезис болса, олардың күйреуі - анитезис, ал күйреп бара жатқан денелердің өзінің
кейбір элементтерін сақтай отырып, басқа бір материалдық денелерге айналуы
синтез болады. Табиғат пен қоғам дамуының қайнар көзі - абсолюттік идеяның
өзіндік дамуы.
Дамудың белгілі сатысына жеткенде, өзін-өзі заттандырған абсолюттік идея
ұйқыдан оянып, табиғаттағы өзін философия, ғылымдар арқылы танып-бшуге бел
байлайды. Бүл процесс абсолюттік идеяның мақсаттылыққа қүштарлыгын көрсе-
теДі. Өйткені абсолюттік идеяның эуел бастан-ақ негізгі мақсаты - ақиқатқа же-
ту, ал ақиқаттың өзі абсолютгік идеяның өзі болғандықтан, бұл мақсатын жалпы
дүниежүзілік тарихтың даму процесіндегі адамдардың іс-әрекеті негізінде жүзе-
ге асырады. Демек, таным процесі дегеніміз — антропологиялық адамдарға «таза
ақыл-ой санасының енуі» (феноменология дегеніміз осы) арқасында адамдар
танып-білуші - субъектіге айналып, объектіні (өзінің басқа түрін) тануға ұм-
тылады да, өзімен (абсолюттік идея субъект ретінде) табиғаттың (абсолюттік идея
объект ретінде) арасында ешқандай айырмашылықтың жоқ екенін байқайды. Ал
объект табиғат үстіндегі жамылғысын ысырып тастап, өзінің ақылды екенін түсі-
ніп, ақиқат тілімен сөйлей бастайды. Сөйтіп, таньш-білуші рух та, танылуға тиісті
рух та өзгереді: бір жағынан, танылған зандылықтар, қасиеттер объектіні абсо-
лютгік идеяның бұрынғы, «өзінде болтан» кезінен баскаша қылып өзгертсе, екін-
Іні жағынан, танымның өзі байып, жаңа сатыға көтеріледі.
жүктеу/скачать Достарыңызбен бөлісу: |