философиясы
2 2 3
- ақындардан софистер ғасырьша және софистерден логика ғасырына өтті жэне
бірінші софист ретінде Лао-цзыны атап көрсетеді.
«Өзгерістер кітабындағы» ең маңызды логикалык, доктрина ретінде Ху Ши
Сян идеясын сипаттайды. Идеалды форма - Конфуций логикасының негізгі бө-
лігі. Бұл идея Аристотельдің формалды себептеріне немесе Ф. Бэконның форма
туралы ұ-ғымына жақьш келеді. Екінші пайымдау теориясы - цы. Конфуций бүл
теорияны рационалдандырды дейді Ху Ши.
Ежелгі Қытайдағы логикалық әдісті дамытуға Мо Дидің де үлесі бар. Ху ІТТи
оның пайымдаудың үш заңы туралы ойларын қарастырады жэне Конфуцийдің
логикалық әдісімен салыстырады: таным, себеп, форма, дедукция мәселелерін
айқындайды. Кітаптың соңғы бөлігінде эволюция жэне логика сұрақтарын зерт-
тегенде, Ху Ши Гегель, Спенсер, Бергсон сияқгы еуропалық ойшылдармен қатар,
Чжуан-цзы логикасын да, Сюнь-цзының логикальщ идеалдарын да жан-жақты
қарастыруға күш салады.
Фэн Юлан
(1895-1990 ж.) 1915 ж. Пекин университетіне түседі. 1919 ж.
АҚШ-та білім алып, Колумбия университетінде философия ғылымының докторы
деген атақ алады (1924 ж.).
Ең алғашқы еңбектерінде Фэн Юланға Лян Шуминнің мәдениеттану
идеялары эсер еткен болатын. «Өмір идеяларын салыстырмалы зерттеу» де
ген шығармасында бір-біріне ұқсас эртүрлі мәдениеттердің тенденцияларын
қарастырды. Адам ойлауыньщ үш негізгі бағытын айқындайды: бірінші бағыты
- «азайту жолы» аскетизмге, антиинтеллектуализм мен мистицизмге негізделген
болатын. Негізгі өкілдері: Чжуан-цзы, Платон, Шопенгауэр. Екінші түрі - «үзару
жолы». Бұл жолға эгоизм, рационализм, гедонизм тэн. Негізін қалаған ойшылдар
- Ян Чжу, Мо Ди, Декарт, Бэкон, Фихте. Үшінші - «орташа жол». Мұны қытайша
«Чжун дао» деп атайды. Негізгі өкілдері - Конфуций, Аристотель, Гегель.
Сонымен, Фэн Юлан - XX ғасырдағы Қытай.философиясындағы ең ірі кә-
сіби философтардың бірі. Ху Шидан бір ерекшелігі жаңа неконфуцийлік ілімін
жасады. Қытай мен Батыс философиясындагы идеалдарды жүйелеуге талпынып,
Сунь конфуцийлік пен позитивизмнің негізін салып, үлесін қосқысы келді.
Фэн Юланның көзқарасы бойьшша, птын метафизикалық философия ізде-
ніс объектісіне ең абстрактілі, ең жоғаргы принциптерді, қоғамдағы адамдардың
күйделікгі өмірімен байланыспайтын абстрактілі нәрселерді алады. «Философия,
- деп жазды ол, - физикалық реалдықпен емес, керісініпе, шындықпен жұмыс
істейді. Сондықтан ол біздің позитивті білімімізді, бізді қоршаған әлемді тану,
кеңейтіп, ұлғайту жағдайында емес. Метафизикалық дэстүр реалды заттар мен
құбылыстарды тану барысында әлемнің белгілі бір шекгеулерінен шығып кете
алады. Фэн Юланның пікірі бойынша, бүған Қытай философиясы жата алады.
«Философияның ең негізгі мэні, - дейді Фэн Юлан, - субьектінің моральдық жағы-
нан өркендеуінде, тұлғаньщ жоғарғы жетістікке жетуінде. Адамдар бірдей қайталана
беретін эрекетгер жасауы мүмкін, бірақ эртүрлі өмір сферасында соңгысы бірдей
бірқүндылыққа ие болмауы мүмкін». Мұндай сфераларды Фэн Юлан төртке бөледі:
табиғи немесе нэрестелік, утилитарлы, моральды және трансцендентгі.
Табиғи ортадатүрған адам өзінің әрекетін элі тани алмайды. Олар инстинктер
немесе қоғамдық дәстүрлер арқылы анықталады.
жүктеу/скачать Достарыңызбен бөлісу: |