Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


бет229/305
Дата20.11.2023
өлшемі
#192365
түріОқулық
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   305
Байланысты:
Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3

257


2 5 8
V III тарау. Крзак, философиясы
үшін күресуге дайын жэне оған жету жолдарын өз қадерінше анық, жан-жақты 
көрсете білуі дер сдік.
Бұл айтқандардан қазақ философиясы басынан-ақ аяғынан тік тұрған, бірден 
қалыптасып кеткен жүйе деген пікір тумаса керек. Біртұтас көзқарас, дүниені жан- 
жақты танып-білу, оның зандылықтарын, таным процесін, элеуметтік мәселелерді 
дұрыс түсіну, ойлау түрлерінің жүйесін анықтау - ол соңғы ғасырлардың үлесі- 
не тиеді. Дегекмен халықтың жыраулық, ақындық шығармашылығында қоршап 
тұрған табиғат пен әлеуметтік орта туралы ойлаудың біршама жиынтығы болды. 
Негізінен, кездейсоқтық, жүйесіздік сипатына қарамастан, онда адамдардың бай 
практикалық өмірін, халық даналығын көрсететін философиялық мэн бар еді. 
Ойлау тәсілі ерекше, шығармашылық жолы мен шығармалардың сақталуы ауыз 
мәдениетіне сай, тез жатгап алу, оны есінде сақгау жэне үрпақган ұрпаққа өзгерт- 
пей, жоғалтпай, «ұрламай» жеткізу - бұл философия тарихындағы ғажап құбылыс.
Халқымыздың өмірін бейнелеген, адамдардың түйсігін, ойларын, өскелең 
талабын көрсете білген фольклорда объективті шындықтың элементтері бар. 
Халық эпостары, ертегілер, аңыздар, лирикалық-түрмыстық поэмалар, мақалдар 
мен мәтелдер - адамдардың табиғи және элеуметтік құбылыстарды, саяси-эко- 
номикалық жағдайларды, ізгілік мақсаттарды өз уақытына сәйкес танып-білуі- 
нің куэгерлері. Ауызша халық мәдени ескерткіштерімізді зерттеу халқымыздың 
танымдық, элеуметтік-саяси, адамгершілік-тэрбие және дүниеге көзқарас ерекше- 
ліктерін білуге көмектеседі.
Табиғи жэне элеуметтік өмірді тікелей бейнелеу, дүниенің қүрылымы, оның 
жасырын күштері туралы түрпайы түсінік қазақ философиясының бастапқы кез- 
дегі деңгейі еді. Ол кезде жүйелі және негізделген көзқарас болған жоқ, сондықтан 
да философияның басты бағыттары да айқындалмаған еді.
Қазіргі кезде тарихи-философиялық ғылымның көптеген халықтардың фи- 
лософиялық мұраларын зерттеген тэжірибесі ұлттық философиясының қалыпта- 
суы, дамуы жэне қазіргі бағыттары туралы, оларды зерттеудің теориялық жэне 
эдістемелік мэселелері жөніндс жиынтықталған жалпы ойларды тұжырымдауға 
кең мүмкіндіктер береді.
Қазақ философиясының тарихы - халық тарихының ең маңызды құрамдас 
бөліктерінің бірі. Онда ғылыми таным процесімен халықтың идеялық ізденісте- 
рі, бай тарихы мен ұлттық ойлау айшықтары көрініс тапқан. Қазақ философиясы 
- халқымыздың тарихын жан-жақты түсіну үшін үлкен негізгі жэне әдістемелік 
құрал. Ол қоғамдық сананың басқа да түрлерімен тығыз байланысты. Сондықтан 
оны зерттеп, үйренбейінше, қазақ ғылымының тарихын, саяси идеологиясын, 
өнерін, эдебиетін, адамгершілік қағидаларын, діндарлығын жэне т.б. пайымдау 
мүмкін емес. Халықтың ұлт-азаттық қозғалысымен тығыз қоян-қолтықтасқан 
қазақ философиясы ғылыми құндылығымен қатар, жоғары азаматтық қасиетімен, 
әлеуметтік эділеттілікке жету жолдарын тікелей іздеуге атсалысқандығымен, өзі- 
нің жемісті жетістіктерімен ерекшеленеді.
Соңғы кезге дейін қоғамтану ғылымдарында әлеуметтік процестерді тану тә- 
сілі ретінде таптық редукционизм, яғни барлық қоғамдық рухани, мэдени, саяси, 
т.б. қүбылыстарды таза таптық айшықтарға әкеліп тіреу тәсілі үстем болды. Мұ- 
ның өзі бірін-бірі жоққа шығару логикасы өмірдің объективті логикасын жалмап,



жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   305




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет