Сократкд дейінгі философия
2 7
«Дихотомия» дсген апориясының мазмұны мынадай: қозғалыс бастала
алмайды, себебі қозғалыстағы зат жолының аяғына жсткенге дейін сол жолдың
жартысын өтуі керек, бірақ сөйтіп шексіз кете береді. Басқаша айтқанда, бір нүк-
теден екінші нүктеге жету үшін саны шексіз нүктелерден өтуі керек, ол мүмкін
емес. Бұл апорияның мағынасы мынада: шексіз кішкентай кесінділер нөлге ұм-
тылады, бірақ өшпейді, оған жете алмайды.
Екінші апорияда желаяқ Ахиллес жайбасар тасбақаға жете алмайды, себебі
Ахиллес тасбақа қозғалыс бастаған нүктесіне жеткенде, тасбақа өзінің жылдамды-
ғы Ахиллестің жылдамдығынан қаншама аз болса да, өз жылдамдығына сәйкес
жол жүріп, алғашқы нүктеден алыстайды, сөйтіп, шексіз кете береді. Мағьгаасы
мынадай: шексіз азая беретін интервал нөлге ұмтылады, бірақ оған жете алмайды.
Үшінші апория бойынша, ұшып келе жатқан жебе тыныштықта болады, себе-
бі қозғалыстағы дене эр уақытта да өзіне пара-пар орын алады, басқаша айтқанда,
сол орында эр моментте тыныштықта болады, сондықтан ол тіпті қозғалмайды.
Себебі қозғалыс тыныштықтың қосындыларынан туруы мүмкін емес.
Төртінші апория да осыған ұқсас.
Бұл апориядан шығатын қорытынды: Зенон элеаттардың ойлау мен бол-
мыстың тепе-тендігі туралы тезистеріне сүйене отырып, түйсіне алатын әлем-
дегі заттардьщ қозғалысын емес, тек қана ойлау әлеміндегі қозғалысты жоққа
шығарады. Басқаша айтқанда, Зенон қозғалыстың бар екеніне күмэн келтір-
мейді, бірақ сол қозғалысты ақыл-ой арқылы бейнелеу қайшылықты сипатта
болғандықтан, қозғалыс туралы сезім мүшелері берген мэліметтердің ақиқатты-
ғына күмэнданады.
Зенонның қойған біртұтастық пен шексіз көптік, қозғалыс пен тыньпнтық
сияқты мэселелері ғасырлар бойы талай ғұламаларды ойландырып, олардың фи-
лософиялық ізденістеріне ой түрткі болды.
Софистер.
Біздің дэуірімізге дейін V ғасырда Ежелгі Грекияда құлисленуші-
лік демократия логика, риторика, философияның жедел қарқынмен дамуына жол
ашты. Соттарда, халық жиналыстарында эдемі сөйлеп, халықты, мүмкін болса,
өз қарсыластарын да айтқанына сендіріп, өз жағына тарта білу өнері алдыңғы
қатарға шығады. Осыған байланысты риторика (әдемі сөйлеу өнері) өнеріне ақы
алып үйрететін ұстаздар пайда болады. Оларды
софистер
деп атады. Олардың
басты қағидасы эркімнің өз ақиқаты бар. Жақсылық пен жамандықтың объективті
мөлшері жоқ. Кімге не пайдалы болса - сол жақсылық, игілік.
Софизмнің қалыптасуына Протагор, Горгий, Гиппий, Критий, т.б. ойшылдар
атсалысты. Солардьщ ішінде өз ерекшеліктерімен көзге түскен ойшыл
Протагор
(б.д.д. шамамен V ғасырдың 80-жылдары) болды. Негізгі еңбектері: «Ғылымдар
туралы», «Мемлекет туралы», «Құдайлар туралы», т.б. Протагор шыгармалары
бізге толық күйінде жетпеген, кейбір фрагменттері ғана сақталған.
Протагор білімнің салыстырмалы екендігі туралы ілімін материяның абсо
лю та өзгермелі және тұрақсыздығы сияқты қасиетгеріне сүйеніп дэлелде-
мек болады. Егер табиғатгың өзі абсолюта өзгерісте болса, оны танып-білуге
бағытталған субъектінің білімі де өзгермейді, тұраксыз. Олай болса, өзгермелі,
қарама-қарсы екі пікір айтуға болады жэне сол пікірлердің екеуі де дұрыс болуы
гажап емес. Мұндай жагдайда адам эбден шатасуы мүмкін, сондықтан ол осы
жүктеу/скачать Достарыңызбен бөлісу: |