Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


бет302/305
Дата20.11.2023
өлшемі
#192365
түріОқулық
1   ...   297   298   299   300   301   302   303   304   305
Байланысты:
Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3

Кррытынды
333
софиясында алар орны мен тигізер осері де мол. М.Х. Дулати өзінен бүрынғы, 
заманындағы тарихи оқиғаларды объективті қарастырып, оларды эмпирикалық 
жүйелі түрде зерттейді. Бұл әлі теория емес, бірақ фактология деңгейінен эл- 
деқайда жоғары. Себебі оқиғалардың ішкі байланыстарына, даму логикасына не- 
гізгі мэн берілген және қандай да бір тарихи фактіні баяндағанда міндетті түрде 
оған өз көзқарасын білдіріп отырған. Мұндай эдіс шындықтан ауытқымауға те- 
жеу болады. Нәтижесінде М.Х. Дулати жалпы жоғары деңгейде тарихи-филосо- 
фиялық тұжырымдар жасауға мүмкіндіктер ашады.
Шығыс пен Батыс және Еуразия кеңістіктерінде қалыптасқан рухани құнды- 
лықтардың тұтастығы мен сапа жағынан айырмашылықтары, адамзат тарихы- 
ның бүгінгі таңцағы келелі мэселелерінің бірі болып табылады. Өйткені элем- 
дегі халықтардыц, ұлттардың, нэсілдердің бэріне тэн жалпы азаматгық құнды- 
лықтарымен қатар, әр халықтың өзіне сай тарихи қалыптасқан рухани, мәдени, 
адамгершілік қасиеттері барлығын, яғни өзіндік құндылықтарын ескеру аса қажет. 
Тарихтың қазіргі белесінде осы құндылықтарды жандандыру, солардың негізін- 
де жаңа белеске көтерілу бүгінгі таңның талабына айналуда. Сондықтан да қазақ 
халқының философиялық жэне тарихи құндылықтарын терең зерттеу, олардың 
ішкі мэнін айқындау, жалпыадамзаттық өркениет аясындағы даму бағыттарын 
зерделеу - қоғам жэне ел тану ғылымдарының алдында тұрған басты мәселенің 
бірі.
Бұл аталып отырған проблеманың маңызы өзінің ғылымға қажеттілігімен 
немесе қазақ халқының сана-сезімін оятуға бағытталғанымен ғана шектелмей- 
ді. Егемендік алған еліміз нарықтық экономика жолына бет бүрып, соның негі- 
зінде азаматтық қоғам мен құқыктық мемелекет құру мақсатын алдына қоюда. 
Олар тарихтың тамырынан шыққан мәдени, рухани жэне адамгершілік негізде 
қалыптаспаса, өрісі тарылып, іштен немесе сырттан пайда болатын эртүрлі «күш- 
терге» қарсы тура алмай, еліміздің тарихында болған қайғылы жағдайларға қай- 
тадан әкеліп соғуы ықтимал. Оқулықта қамтылған мәселелердің ғылыми жэне 
практикалық маңызы осында.
Еуропаорталық концепция үстемдігі біздің ділімізде өз ізін жоя алмай отыр. 
Қазақ философиясын тұрпайы, діни-жабайы көзқарастан аспаған, тар щеңбер- 
де қалып қойған кішігірім ойлау жүйесі ғана деп бағалайтын концепциялар жоқ 
емес. Мұндай скептицизм қазіргі ұлттық философиямыздың тарихын, теориясын, 
методологиясы мен даму логикасын зерттеуге едәуір кедергі болуда.
Бұл оқулықта жалпы теориялық, тарихи-философиялық жүйеліктер мен же- 
келеген ойшьшдардың ғибратты даналықтарын білдіретін ой түйіндеріне түсінік 
беретін герменевтикалық тэсілдер пайдаланылды.
Осындай зерттеулер мен пайымдаулар нәтижесінде бірқатар ғылыми жэ­
не әдістемелік тұжырымдар жасауға қол жеткізілді. Олардың негізгілері ретін- 
де атауға тұратындары: еліміздің даму тарихының ерекшелігінен туындайтын 
философиялық құндылықтарды зерттеудің ғылыми эдістерін, вербальды жэ­
не вербальды емес тектерін пайдалану тэсілдерін анықгау, тарихи-философия- 
лық эдісті пайдалана отырып, қазақтың дүниеге көзкарасының ерекшеліктерін, 
даналық пен тұрпайылықты, имандылық пен парасаттылықты қалыптасты- 
руларының ішкі сыры мен мазмұнын, олардың тарих белестерінде атқарған мін-


334

жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   297   298   299   300   301   302   303   304   305




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет