Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


 0 II тарау. Аитикалык, философия



Pdf көрінісі
бет16/305
Дата27.10.2023
өлшемі20,78 Mb.
#188770
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   305
Байланысты:
философия тарихы

2 0
II тарау. Аитикалык, философия
Сократқа дейінгі дүниеге келген алғашқы философиялық мектеп Кіші Азияда 
шыққан Милет мектебі болды. Оның нсгізін қалаушы Милет қаласында өмір сүр- 
ген, жеті данышпанның қатарына жататын, олардың ішінде ең сыйлысы Фалес 
болды (шамамен б.д.д. 625-547 ж.). Ол «Бастама туралы», «Күн туралы», «Күн 
мен түннің теңесуі туралы», «Теңіз астрологиясы» деген еңбектер жазған, бірақ 
олар біздің заманымызға жетпеген.
Аристотель өзінің «Метафизика» деген ьңбегінде заттардың генетикалық 
бастамасын іздеген, олардың сол бастамадан қалай пайда болғанын жэне содан 
қалай қайтып келетінін, басқаша айтқанда, денелердің өзгеруіне қарамастан, 
жалпы табиғаттың жойылмайтындығын мәселе етіп көтергендердің ішіндегі бі- 
ріншісі Фалес болды деп көрсетеді.
Фалестің ілімінше, барлық денелердің генетикалық бастамасы - су. Бұл жер- 
де су - мұхит (нун), Абзулардың (Апсулардың) философиялық жиынтықталған 
ұғымы. Фалес, бір жағынан, барлық денелер суда қалқып жүреді десе, екінші жа- 
ғынан, ол жай су емес, ол - «ақыл-ой», осы түрғыдан ол Құдай тектес дейді. Ол 
элемдегі барлық затгардың өмір сүруінің алғы шарты-мыс. Күн жэне басқа әлем- 
дік денелер судың буымен қоректенеді. Әлем құдайға толы, құдайлар элемдегі 
болып жатқан қүбылыстардың, іс-эрекеттің негізгі күші, сонымен қатар сол де- 
нелердің өзіндік қозғалыстарының қайнар көзі ретінде олардың жаны. Мысалы, 
магниттің жаны бар, себебі ол өзіне темірді тарта алады.
Фалес таным процесінде танып-білу бір бастамадан басталып, соның төңіре- 
гінде ой қозғалуы керектігіне баса көңіл аударады.
Фалестің философиялық көзқарасы түрпайы, балаң болғанымен, табиғат құ- 
былыстарын, олардың пайда болу, даму заңдылықгарын табиғи түргыдан танып- 
білуге ұмтылған алғашқы талпыныс болды. Оның ілімі өзінен кейінгі талай 
ғұламаларға сара жол сияқты бастама болып, философиялық ой-пікірдің одан эрі 
қарай дамуына үлкен үлес қосты.
Фалестің ілімін эрі қарай оның шэкірті жоне жолын қуушы Анаксимандр 
(шамамен б.д.д. 611-545 ж.) жалғастырды. Негізгі еңбектері: «Табигат туралы» 
(бұл еңбектің кейбір фрагменттері сақталған), «Жер картасы», «Глобус» (бұл ең- 
бектер сақталмаған). Анаксимандр барлық денелердің бастамасын сол денелердің 
түпнегізі (субстанция) сатысына дейін көтерді. Бастаманы ол заттардың түпнсгізі 
- апейронмен теңестірді. Олай болса, апейрон бастама да, түпнегіз де. Симпли- 
кийдің айтуынша, Анаксимандрдың апейроны - генетикалық бастама ретінде де, 
түпнегіз ретінде де таусылмайтын шексіз жэне төрт дүлей күштің (Жер, Су, Ауа, 
От) бір-бірімен араласып, ауысу процесінің негізі. Бірақ апейрон кеңістікте шек- 
сіз емес, сол төрт дүлей күштің негізі ретінде шексіз, көмсскі жэне мэңгі. Ол еш 
уақытга қартаймайды, өлмейді және жойылмайды. Ол мэңгі белсенділікте жэне 
қозғалыста болады. Ол өзінің осы қасиетінің арқасында өзінен қарама-қарсы құ- 
былыстар - ылғал мен құрғақтық, салқындық пен жылылық шығарады. Олар екі- 
екіден қосылып, Жер (қүрғақтық пен салқындық), Су (ылғалдық пен салқындық), 
Ауа (ылғалдық пен жылылық), От (құрғақтық пен жылылық) түзейді. Осы төртеуі 
арақатынасқа түсіп, олардың ортасында ең ауыр Жер орналасады да, қалғандары 
оны Сумен, Ауамен, жарықпен (От) қоршайды. Аспан Отының әсерімен судың 
біраз бөлігі буланады да, мұхиттардан Жер көріне бастайды, сөйтіп, құрлықтар




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   305




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет