Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


V тарау. Ж анд заман философиясы



Pdf көрінісі
бет168/305
Дата27.10.2023
өлшемі20,78 Mb.
#188770
түріОқулық
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   305
Байланысты:
философия тарихы

V тарау. Ж анд заман философиясы
195
Зандар табиғи және қоғамдық болып екіге бөлінеді. Табиғи заңдарға эр ел- 
дің табиғат ерекшеліюгеріне байланысты (ауа райы, жер реңі, т.б.) қалыптасқан 
психологиялық мінез-құлықтар жатады. Бұл зандылықтар мәңгі, өзгермейді. Осы 
заңдар негізінде өзгермелі қоғамдық заңдар қалыптасады. Мемлекетгік басқару 
ісі билеуші бекіткен қоғамдық заңдар бойынша жүзеге асырылуы тиіс. Билеу тү- 
рінің өзі мемлекеттің жер көлемінің үлкен-кішісіне қарай эртүрлі болуы мүмкін. 
Осыған орай, Монтескье үлкен мемлекеттер үшін деспоттық, орта көлемді елдер 
. үшін монархиялық, ал шағын көлемді елдер үшін демократиялық билеудің тур- 
лер! тиімді деп есептейді. Оның пікірінше, билік бөлініп, заң шығарушы, атқару- 
, шы жэне сот биліктері дербес, бір-біріне тікелей бағынбайтын болып қызмет 
атқарулары керек.
Монтескьенің саяси-әлеуметтік ілімдері қоғам дамуының қозғаушы күштерін 
айқындауға, қоғамдағы болашақ реформалардың тиімді жолдарын қалыптасты- 
руға негізделгендіктен, оның біршама ойлары кейінгі ойшылдарға, саясатшыларға 
зор эсер етті.
Ж ан Ж ак Руссо (1712-1778 ж.) - француз ағартушылық ағымының шеңбері- 
нен шыға алмаса да, оның негізгі идеяларымен келіспейтіндігін көрсеткен жазу- 
шы жэне философ. Негізгі еңбектері: «Теңсіздіктің себептері туралы», «Қоғамдық 
келісім туралы», «Эмил немесе тэрбие туралы».
Егер Вольтер адамзат тарихын оның прогресс пен білімділік үшін күрес тари- 
хы десе, Руссо мәдениеттің прогресімен қатар өнегеліктің күлдырауы сэйкес ке- 
ліп отырады дейді. Себебі қоғам неғұрлым ілгері дамыған сайын теңсіздік терең- 
дей түседі. Ал теңсіздік өз тарапынан керенаулықтың, жалқаулықтың, тоқмейілсу- 
дің қайнар көзі болғандықтан, ол адамгершіліктің, мінез-қүлықгың азғындауына 
әкеліп соқтырады.
Теңсіздік мэңгі әлеуметтік құбылыс емес, алғашқы қауымдық қоғамда теңсіз- 
дік болмаған, себебі онда меншік болған жоқ, сондықтан барлық мэселе адамгер- 
шілік түрғысынан шешілді. Ал кейінірек өндірістік құралдардың жетілуі жэне 
жоғары сатыға көтерілуі жеке меншіктің, ал ол теңсіздіктің пайда болуына себеп- 
кер болды.
Әлеуметгік теңсіздікті жоюдың бірден-бір жолы - Руссоның айтуынша, бә- 
секе бостандығы арқылы адамдардьщ табиғи кұқықтарының (өмір сүруге, ерікті . 
болуға, меншік иесі болуға) қанағаттандырылуына мүмкіндік беретін жағдайлар 
жасау.
Адам туғанда бас бостандығы бос болып туады, бірақ өз еркімен «қоғамдық 
келісімге» бой үрғаннан кейін олар өздерінхң жекелеген ерік-жігеріне біріккен, 
«ортақ ерік-жігер» шоғырландырады. Сөйтіп, мемлекет пайда болады. Мемлекет- 
тің негізгі міндеті - бейбітшілік пен әділеттілікті сақтау.
Руссоның теңсіздік, «қоғамдық келісім» туралы пікірлері көп елдің саяси, 
рухани өмірінде мемлекеттік құқық, тэрбие, т.б. элеуметтік қүбылыстардың 
қальштасуына үлкен эсер етті.
Атьпнулы француз «Энциклопедиясын» (1751-1788 ж.) шығару барысында, 
сол кездегі табиғаттану ғылымдарының жетістіктеріне сүйенген бір топ ойшыл 
ғуламалардың дүниетанымдық көзқарастары қальштасты. Олардың ілімдерін же- 
кё-жеке бөліп қарамай, жалпы «энциклопедистер ілімі» деген ортақ атпен бірік-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   305




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет