Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


Драб тілді ислам философиясы



Pdf көрінісі
бет86/305
Дата27.10.2023
өлшемі20,78 Mb.
#188770
түріОқулық
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   305
Байланысты:
философия тарихы

Драб тілді ислам философиясы
91
ясұмсарта алатын қабілетін сскермеді, нэтижесінде адам мінезінің қалыптасуын- 
д а
климаттың рөлін шектен тыс асырып жібсреді. Сол кездері ол Клавдия Галена 
мен әл-Киндидің ыстық аймақтарда өмір сүретін адамдардың мінездері олардың 
миының кұрылысының себебінен суық жақта өмір сүретін адамдардың мінезінен 
ерекшеленеді деген тужырымдарын теріске шығарады. Олардың идеясы - Жер- 
дің ыстық аймағының тұрғындары суық елде өмір сүре бастаған кезде, олардың 
жагымсыз қасиеттері жоғалып кетеді де, суық ел тұрғындарының мінездерін өз 
бойларына қабылдап алады.
Жер қыртысының құрылымы да аз рөл ойнамайды. Жерлері шурайсыз елдер- 
дің тұрғындары үнемі еңбек ету мен мұқтаждықпен өмір сүруге мэжбүр; солай 
бола тұрғанмен, соның арқасында олардың денсаулықтары мықты, ерік-жігерлері 
мығым, парасаты барлығына бейім болады. Шурайлы жердің тіршілік иелері, өз 
кезегінде, жалқаулық пен ысырапшылдыкқа жақын болады, тәндері ауру жэне нэ- 
зік, ойлау қабілетгері элсіз, ал сырт пішіндері адамды жиіркендіреді.
Ал дінге қатысты айтар болсақ, ол кез келген адами қоғамда бар, ол пұтқа 
табынушы немесе көп дінді қоғам болсын немесе адам жанының өзі метафи- 
зикалық элеммен байланыс орнату жауапкершілігін өз көтереді. Сонымен қоса 
пайғамбардың (а.с.) өзі мұндай потенцияны толыққанды жүзеге асырады, ал басқа 
адамдар ойланудың немесе пайғамбарлар орнатқан діни дәстүрлерді бұлжытпай 
орындаудың көмегімен трансценденттімен байланысқа тек жай ғана жақындай 
алады.
Кез келген адами қоғамды: шөлді аймақтарда («эл-баду») тіршілік етушілер 
жэне отырықшы аймақтарда («эл-хадар») тіршілік етушілер, - деп екі типке бе­
луге болады. Ибн Халдунның айтуы бойынша, шөлді аймақтардан қалаға қоныс 
аудару табиғи құбылыс деп санайды; қалалық тұрғын атану - кез келген ауыл 
тұрғыны мен көшпенділердің табиғи мақсаты. Соған қарамастан қалалық моде- 
ниет, философтың ойынша, адамдарды физикалық жэне рухани жайбарақатты- 
лыққа қызықтырады, сонымен бірге көшпенді мэдениет бір кездері қалалық тұр- 
ғындар типінің негізін қалаған, қалалардың жоғарғы ғылымы мен мәдени өрке- 
ниеті «бадуларды» өзіне қызықтырып тартқан жэне тартада береді немесе адамда 
жайлылық пен қымбат өмірге деген анықталмаған құштарлық бар.
Шөлді аймакдардың тұрғындары көншенді халықтардан орналасқан жерінің 
сипатынан бастап, өмір сүру салттарымен, жүріс-тұрыстарымен, батырлықтары- 
мен жэне жасаған эрекеттерінің сипатымен, қандас туысқандыққа қатынастарымен 
ерекшеленеді. «Әл-баду» олардың өмірлерін сақтап қалуға мүмкіндік алғандары 
үшін де қанағат етеді, уақыт өте келе, жеңіл ауылшаруашылығымен айналысады 
немесе бір жерден екінші бір жерге көшіп-қонып жүреді. Кейде олар мал шаруашы- 
лығымен айналысып, жібек өндіре алады. Олар кедейленіп қалмайды немесе олар 
үнемі қозғалыста жүреді. Олардың кейбіреулері түйе асыраумен айналысады. Ол 
үшін олар жылу мен суықтан қорғанатын жер іздейді, сондықган олар орталық 
шөлді жерлерде жүреді; түйе өсірудің ең ежелгі жэне дамыған мәдениеті қатал 
эрі қарапайым өмір сүру салтын ұстанатын, «тамақтың, киім мен баспананың 
ең кедейленген түріне де қанағат ететін» арабтардағы бәдеуилерге тиесілі. Олар 
жағымсыз мінез-кұлықтардан алшақ, күн көріс қамына эбден бейімделген жэне


92
III тарау. О ртағасы рлы £ философия
қапай тамақтанамыз деген сұрақта опар тек өздеріне ғана сенуге үйренген. Жаулап 
алушылармен үнемі қақтығысып қалу оларды тәуекелшіл жэне біреуге тоуелсіз 
болуға үйреткен. Олардың арасындағы элеуметтік байланыс қандас жақындық 
(«’асабият») принципі бойынша құрылған, оның орталығында «шейхқа» деген 
терең құрмет жатыр, екі жақтың бір-бірімен бөлісе алмаған дауларын шешуге 
қабілетті емес, тумысынан дана жэне мықты, ерік-жігерлі мінезге ие жетекші- 
лер, даналар. «’Асабият» өзінің «таза» күйінде, - деп санайды ойшыл, қоғамның 
сақталуын қамтамасыз ету үшін пайдалы қүрал болып саналады жэне оның мә- 
дени дәстүрін сақтап қалудың кепілі рөлін атқарады. Ол тіпті Құраннан аятты 
мысалға келтіреді, ол жерде « ’асабиятқа» ұқсайтын бір түбірлі жэне семантикалық 
« ’усбат» (ар. «топ, айқайлап шақыру») сөзі қолданылады, ол осы сөздерді талдап, 
қорытынды жасайды, ру немесе тайпалардағы туысқандық байланыста қүрылған 
өмір сүру салтының тиімді екендігін дәлел ретінде келтіреді: «Міне, олар былай 
дейді: «Әрине, Жүсіп жэне оның інісі біздің әкемізге жэне бізге қарағанда мейі- 
ріммен қарайды, өйткені біз айқайлап шақырамыз ғой. Ақиқатында, біздің әке- 
міз шатасып, шырмауда жүр!». Ру-тайпалардағы жетекшінің билігі, ереже 
бойынша, төрт ұрпаққа дейін жалғасады, содан кейін билік отбасындағы ең жақын 
туысқа көшеді, мысалы, гректерде солай болды, өздерінің биліктегі орнын қандас 
ағайындылары римдіктерге береді. Ибн Халдун: «Олардың белгілеп кеткен «төрт 
үрпақ билігі» зандылығы қоғамның кез келген типіне тарайды», - деп санаған.
Олай болса, өздерін біртұтастыққа жатқызатын адамдардың өздерін басқа- 
лардан ерекшелендіріп көрсету, басқалардан өздерін қорғау жэне тіршілік ету 
үшін қажетті ауқаттарын табу үшін бірігудегі талпыныстары ибн Халдунда 
«’асабият» сөзімен аталады. Кейде «’асабият» отбасылық немесе кландық құ- 
былыс қана емес, психологиялық қауымдастық ретінде де көрініс табады, оны 
көбінесе, бір жерде ұзақ уақыт өмір сүрген адамдар сезінеді, негізінен, ол таза 
пассионарлық емес, бірақ оған ұқсайтын қандай да бір күй.
«’Асабият» өзін ұстанушьшарға ар. «мүлікті» иелік етуге мүмкіндік бере- 
ді. Алайда бұл жерде тек бір ғана пассионарлық жетіспейді. Өздерінің иелік- 
терін қорғау үшін пассионарлықтың басты ұстанушыларын жоғары этикалық 
сипаттамаларымен бөліп қарағандай, адамдар да жоғары этикалық қасиеггерге ие 
болулары тиіс. Яғни мүліктің шынайы ұзақ уақыт иелікте болуы, олардың қандай 
да бір мемлекеттің формасына өтуі мына екі факторсыз мүмкін еместігі секілді 
«’асабият»-пассионарлық және жоғары этикалық нормалар, олар да ұзақ уақыт 
сақгалмайды. Мүлікке иелік етуші жоғары этикасымен ерекшеленгені жеткілік- 
сіз, « ’асабияттың» барлық өкілдері жоғары этикалық нормаларды иеленгенде- 
рі қажет; олай болмаған жағдайда барлық іс зұлымдықпен аяқталады, бірнеше 
уақыт өткен соң мемлекеттің құлауына әкеліп соғады.
Өзінің осы идеясын ибн Халдун адамның табиғатымен байланыстырады, 
оның табиғатының бір жағы, дәлірек айтқанда, хайуандық жағы басқа адамдарға 
қарсы тұруға, ал басқа жағы рухани-интеллектуалды, олармен бейбітшілікте 
өмір сүруге итермелейді. Адамның саясатпен және мемлекетті құрумен айналы- 
суы, оның табиғатының рухани жағы жануарлықты көбейтетіндігін көрсетеді. 
Яғни бұл жерде саясат пен мемлекеттілік этикасыз мүмкін емес. Адамзаттьщ 
тарихи-қоғамдық дамуы оның этикалық жетілуінсіз мүмкін емес. Сонымен бір-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   305




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет