Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


Түркі чілд* ислам философиясы



Pdf көрінісі
бет131/305
Дата27.10.2023
өлшемі20,78 Mb.
#188770
түріОқулық
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   305
Байланысты:
философия тарихы

Түркі чілд* ислам философиясы
151
деп адамдарды өзі өмір сүрген қоғамды мейірімділікке, жомарттыққа шақырып, 
адамдардың мінез-құлқын жақсарту арқылы ғана өмірді өзгертуге эділ ету- 
ге болады дейді. Өз замандастарын ғаріп адамдарға көмектесуге, қол ұшын бе- 
руге шақырады. Адам бойыңдағы ең асыл да, жоғары касиеттердің бірі дсп 
жомарттықты айтады. Сонымен қатар ол адам бойындағы теріс қасиеттердің бірі 
сараңдық дейді. Сарандық жүрген жерде бақыт та, береке де болмайды. Арамдық 
жолмсн тапқан мол дүние оның өміріне пайдалы бола ма? Әлде оны өзімен бірге 
молаға алып кете ме? Мұның бэрі жалған. Жай ғана алдамшы дүние. Ит болып 
тірнектеп, басқа жолмен жинаған байлық өзің өлген соң басқаға жем болады. Көз 
тіріңде сарандықпен достарыңа дұрыстап дэм бере алмасаң, өлгеннен соң дүрлігіп 
жүрген жауларыңа жем боларсың, - дейді. Байқап қарасақ, бұл сөздердің астарын- 
да қаншама улкен өмір, астарлы философия жатыр. Ақынның бұл өмірдегі істей 
алмаған жақсьшығының о дүниеге барғанда барлығы бекер екендігін, өмірдің 
объективті реалдығын өте дұрыс түсіне білгеніне күмэн келтірмейміз.
Біз Иүгінекидің өз заманының алдыңғы қатарлы ойлы, білімді адал перзенті 
екенін танимыз. Сонымен қатар А. Иүгінекидің «Ақиқат сыйында» түркілік 
ғұламаларға тән нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, теңеулер, қанатты сөздер өте көп 
кездеседі. Бұлардың көбі осы ксзге дсйін қазақ тілінде кең қолданылып жүрген 
мақал-мәтелдер сол күйінде сақталып айтылып жүр. Мысалы, «Ақымақтың тілі 
өзіне жау болып жармасады», «Сараң адам өзі жинаған байлықтың құлы», «Білім 
- сарқылмас бұлақ».
Қорыта айтар болсақ, «Ақиқат сыйы» Ж. Баласағүнның «Құтты білік» 
дастаны секілді ертедегі түркі тілінде жазылған, көркемдігі жоғары, әдеби, та- 
рихи, философиялық-этикалық ойларға толы аса құнды шығармаларының бірі 
болып табьшады. А. Иүгінекидің өмірі, айтылған ойлары элі де көп тарихи- 
философиялық зерттеулерді қажет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   305




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет