Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


V тарау. Ж аца заман фклософиясы



Pdf көрінісі
бет170/305
Дата27.10.2023
өлшемі20,78 Mb.
#188770
түріОқулық
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   305
Байланысты:
философия тарихы

V тарау. Ж аца заман фклософиясы
197
жесі деген тұжырымға келсе, неміс ойшылдары бұл идеядан бас тартып, қоғамньщ 
да, адамньщ да табиғаты рухани іс-әрекет негізінде қалыптасады дейді. Француз 
ағартушылары қоғам дамуының өзегін саналылықтың, білімділіктің өсуімен 
байланыстырып, «әлемді пікір билейді» десе, неміс ойшылдары, әсіресе Гегель 
бұл идеяны эрі қарай дамытып, пікірлер идеялар әлемін билеп қана қоймайды, 
оны дүниеге келтіреді дейді.
Француз ағартушылары: адам туғанда басы болса, етікті болып туады, бірақ 
ол ылғи да шынжыр іұсаудан шыға алмағанына қарамастан, ең жоғары құнды- 
лық, барлық мәдени жетістіктерді жаратушы десе, неміс ойшылдары, әсіресе 
Кант бұл пікірді жалғастырып: «Жеке тұлға - қоғам дамуының өзіндік мақсаты, 
ал мәдениет - оның өз мүмкіндіктерін жүзеге асыру кұралы, сондықтан барльщ 
элеуметтік жэне әдептілік-этикалық қатьгаастарды жетілдіру қажет», - деп, ал 
Шиллер: «Әлемді әдемілік (көркемдік) құтқарады», - дейді. Бұл жерде Шиллер 
бұл тезисті деспотизм күйрегенге дейін, сол деспотизм өнердің, эстетиканың әсе- 
рімен «адамның өзінде» күйреуі керек деген мағынада қолданып отыр.
Тақырып бойынша сурақтар:
1. Механикалық-метафизикалық философияның іргетасын қалауда Ф. Бэкон, Т. Гоббс, 
Дж. Локктың ілімдері қаншалықты маңызды болды?
1.
Дж. Локктың таным теориясы қандай қағидаларға негізделген?
3. «Идеалистік сенсуализм» дегеніміз не жэне оның негізін қалауда Дж. Беркли мен Д. Юмның 
рөлі қандай?
4. Рэне Декарт пайымдауларының философиялық мэнін ашыңыз.
5. Бенедикт Спиноза және оның дінге қатысты ойлары жайлы не айта аласыз?
6. Готфрид Вильгельм Лейбниц, Вольтер, Жан Жак Руссо философияларының ұқсас тұстары 
бар ма?
7. Монтескьенің саяси-әлеуметгік ілімдерінің котам дамуының қозғаушы күштерін айқындауда 
қаншалықты маңызды болғанын сипаттап бере аласыз ба?


I
V I тарау
HEM IC КЛАССИКАЛЫ Қ Ф И ЛО СОФ И ЯСЫ
(Қ. Мүхамбетәли)
Неміс классикалық философиясының негізін қалаушы көрнекті ғалым 
Иммануил К ант (1724-1804 ж.) бүкіл өмірін Кенисберг қаласында өткізген. Негіз- 
гі еңбектері: «Әлемнің әмбебаптық табиғи тарихы мен теориясы», «Практикалық 
ақыл-ойды сынау», «Таза ақыл-ой шеңберіндегі дін», т.б.
Әдетте Кантты «сыни кезеңге дейінгі» және «сыни кезеңдегі» деп екіге бөліп 
қарайды.
Сыни кезеңге дейінгі Канттың Күн жүйесінің аса зор газ тектес тұмандықтан 
пайда болғандығы туралы идеясы тек астрономияға ғана қосқан үлес емес, 
жалпы дүниетанымдық методологиялық маңызы бар жаңалық болды. Біріншіден, 
қозғалыс - материяның өзіне тэн тартылыс жэне серпіліс сияқгы қарама-қарсы 
күштердің арқасында, ешқандай да сыртқы күштің әсерінсіз пайда болған құбы- 
лыс. Қозғалыс пен тыныштықты салыстырмалы түрде түсінуге болады. Екінші- 
ден, осы күштердің әсерінен эртүрлі элемдер жүйесі қалыптасып, күйреп, одан 
шашыраған бөлшектерден қайтадан жаңа денелер пайда болып жатады. Сөйтіп, 
элем ылғи да даму үстінде болады. Үшіншіден, элем құрылымына енетін үлкен- 
ді-кіпіілі жүйеленген денелер өзара сатыланған бағыныштылықта болады. Өзіне 
кішігірім жүйелерді бағындырған үлкен жүйе өзінен де ауқымды басқа жүйеге кі- 
реді, сөйтіп, шексіз кете береді. Демек, элемдегі денелер жүйесі өзара эмбебаптық 
байланыста болады. Сыни кезеңдегі Канттың пікірінше, философияның болмыс, 
әдептілік жэне дін туралы мәселелерін қарастырмастан бұрын, адамның танып- 
білу мүмкіндігінің шекарасын белгілеп алуымыз керек.
Таным процесі күнделікті тэжірибеден, сезімдік түйсінуден басталады. Бірақ 
олар бізге «өзіндік заттар» туралы емес, олардың көріністері (феномендері) 
туралы деректер береді. Мысалы, қазір қар жауып тұр. Осы секілді деректерде 
ьшғи да кездейсоқтық элементі басым болады да, бізге толық білім берілмейді 
(қазір қар жауып тұр, шамалы уақыттан кейін тоқтауы мүмкін). Мүндай білімдер 
жекелеген тәжірибеге сүйенгендіктен, апостериорлы бағытта болады. Ал шынайы 
әмбебаптық және қажетті білімдер осындай фактілерге негізделе алмайды. Олай 
болса, шынайы білім тәжірибеге қатысы жоқ, әуел бастан-ақ адам санасында
198
I




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   305




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет