ҚОРЫТЫНДЫ
Философия тарихын оқыту, насихаттау жэне зерттеу Қазақстанда XX ғасыр-
дың алғашқы онжылдықтарында қолға алынды. 1949 жылы қазақ мемлекеттік
университетінде философия факультеті ашылып, кәсіби философтар даярлау
қолға алынғаннан соң бұл бағыт еселенген қарқынмен дами бастады. Ғылым
академиясының философия институты 1958 жылы құрылғаннан кейін, филосо-
фияның көптеген мэселелері ғьшыми түрде жүйелі зерттеліп келеді. Еліміздегі
жоғары оқу орындарында жемісті қызмет үлгісін көрсетіп жүрген философия
мамандары осы міндеттерді атқаруда өз үлестерін қосып отыр.
Тоталитарлық жүйе кезінде дүниежүзілік философия тарихын маркстік-ле-
ниндік методология тұрғысынан талдап, оның мэнін насихаттау басты бағыт
болып келді. Ұлттық философияны танып-білуде таптық көзқарас үстемдік көр-
сетті. Соның нэтижесінде сыңаржақтылық, субъективті пайымдау, басқа жүрт-
тың топырағында пайда болған идеологиялық қасаңдықтарға бағындыру прин-
циптеріне кең жол ашып, философия тарихын бұрмалауға, бұрыс зерделеуге
жетеледі.
Қазіргі кезде еліміздің рухани өміріндегі өзекгі мэселелердің бірі отандас-
тарымыздың философиялық мэдениетін өркендету болып табылады. Оған қоға-
мымыз басынан кешіп отырған қайшылықтарды әлемдік философия тарихы-
ның өзекті мәселелерін танып, талдап, зерттеу арқылы шешіп, құрьшып жатқан
азаматтық қоғамның ерекшеліктерін халыққа ашып корсету арқылы қол жеткізу-
ге болады. XX ғасырдағы Шығыс жэне Батыс философиясының компоративис-
тік тәсілдеуі арқьшы ұлттық философияның' ерекшеліктерін зерттеуге мүмкіндік
туды. Түркі тщдес философияның қыр-сыры арқылы туысқан елдердің рухани
көкжиектеріне назар салу міндеті тұр.
Қазақстан Республикасы дүниежүзілік экономикалық кеңістікке кіру үшін
алдымен экономикалық құрылымын прогрессивті түрде қайта қүрып, техноло-
гиялық артта қалушылықты жеңіп, дүрыс мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге
асыруы қажет. Бұлар рухани өмірдің рөлін жоғарылатпай жүзеге аса алмайды.
Ғылым мен философия дамуы бәсеңдесе немесе тоқталса, онда еліміз тез арада-
ақ дамымай қалған қоғам қатарында қалып қою қаупі бар.
Философияның дамуы барлық әлеуметтік-мәдени себептермен байланысты,
ал мазмұндық жағынан ғылымның элеуметтік-мэдени факторларымен жүйелі
жэне танымдық байланысын естен шығармай, біртұтас құбылыс ретінде ашып
көрсету маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: