Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


д р а б тілді ислам философиясы



Pdf көрінісі
бет89/305
Дата27.10.2023
өлшемі20,78 Mb.
#188770
түріОқулық
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   305
Байланысты:
философия тарихы

д р а б тілді ислам философиясы
9 9
гін даМытады деп оған айналысуға рұқсат берген. Адамдардың мұқтаж заттарын 
жеткізіп беретін, соған қарамастан көптеген қиыншылықтар мен қауіп-қатерлер- 
ге тап болып жүретін саудагерлер, бір сөзбен айтқанда, алып келген өнімдері- 
нен алушыға да, өндірушіге де пайда табуларына мүмкіндік берген саудагерлер- 
ді шариғаттың көзқарасы бойьшша заңды іспен, яғни «табиғи» іспен айналысып 
ясүргендер деп философ оларды жағымды тұлғалар ретінде бағалайды.
Пайда табу үшін қатты күшін жұмсамайтын, өзінің тауарларының сапасын 
көтермейтін жэне монополиядан, дөрекі алыпсатарлықтан, арамдьщ пен алдаудан 
ақша табатын саудагерлерді ол жағымсыз жағынан қарастырады; мұндай 
адамдардың қол өнер ісінің саудасымен айналысуы құмар ойындар секілді, 
олардың да мінездерін құртады.
Бұл жерде атап өтуге қажетті, ибн Халдун эл-Ғазали енгізген: «қажетті» 
(«дарурий»), «керекті» («хаджий») жэне «қалаулы» («камалят») тұтынушылықтар 
терминдерін қолданады. «Қажетті» тұтынушылык тамақ, сусьш және баспананы 
қамтамасыз етумен байланысты. «Керекті» тұтынушылық оны адам иелік етпе- 
се де өмір сүре алатьш заттармен байланыс; осы заттарды иелік ету адамдардың 
өмірін дэл қазіргі уақытта немесе болашақта жайлы, қолайлы етеді. «Қалаулы» 
тұтынушылықтар болса, адамның эстетикалық жэне басқа да қалауларымен 
байланысты талпыныстары болып саналады. Көшпенді тұтынушылықтың бірін- 
ші санатына ғана қанағаттана беретін болса, онда ол көшпенді болып қала береді; 
тұтынушылықтың басқа екі санатына қанағаттану қалалық тұрғындардың үлесіне 
тиесілі, олар біртұтас қоғамда түтынушылыктың осы екі тобьш қанағаттандыру 
үшік өмір сүреді.
Осыдан шығатын қорытынды, «Уалиюддин» үшін эрқашан «пайда табу» 
мен «күн кору» арасында айырмашылық болады. Егер соңғы түсінік адамның 
«алғашқы санатгы» немесе «қажетті» («дарурий») тұтынушылықтарымен байла­
нысты болса, онда біріншісі алғашқы санатқа зкатпайтын тұтынуіпылықтармен 
(«ха^жий» и «камалят») байланысты.
«Күн кору» қалай «табыс табу» сатысына ауысады? Үлкен жэне дамыған 
қоғамдарда, жекелей алғанда, қалаларда еңбектің бөлінуінің арқасында деп са- 
найдЫ ибн Халдун. Жеке табыс пен жеке байлықтың өндіріспен ешқандай ортақ 
байланысы жоқ; өте бай адамдар өндіріспен сирек байланыста болады. Күнделікті , 
еңбек етуіне қарамастан орташа өмір сүретін адамдар «пайда табудан» гөрі тек 
«күнкөріс» қамымен жүреді. Дамыған жэне өркениетті қоғамдағы еңбектің артық 
жемісімен не болады? Ибн Халдунның жауабы қарапайым, оларды осы өркениет- 
ті қоғамның байлары мен саясаткерлері өздеріне жай ғана иеленіп алады. Өндіріс- 
тің қайнар көзі мен жемістің онтологиялық мэні еңбек болып саналғанымен, жеке 
байлықтың қайнар көзі ретінде қанау болып саналады. Бұл, әсіресе қоғамдағы 
саяси билікті өзінің қолына қаратып алған жэне мынадай салық саясатын жүргі- 
зетін, яғни байлықтың бір бөлігі халықтың пайдасына жұмсалмайды, керісінше, 
өзінің қолында қалатын адамдармен жүзеге асады. Сонымен қоса саяси билік- 
тің арқасында мұндай адамдар үлкен экономикальщ мүмкіншіліктерге не жэне 
нарықта «бәсекелестіктен тыс» болады. Тағы бір келтірер пайдасы саяси билік 
осы адамдарға ерекше әлеуметгік атақ береді, соньщ әсерінен басқа адамдар 
оларға жақын болып, олармен серіктестік орнатқысы келеді. Елдегі басқарушы-


100


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   305




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет