Сократкд дейінгі философия 25 ол материалды емес. Оньщ барлық күші - данышпандылығында. Ол гректердің
бұрынғы құдайларындай бір орыннан екінші орынға қозғалып, дүниені кезіп жүр-
мейді, керісінше, ылғи да тыныштықта болады, қозғалмайды. Ол олемді тск ақыл-
оймен ғана басқарады, ешқандай да дене күшін жұмсамайды.
«Бірақ, - дейді Ксенофан, - кұдайдың, жалпыға ортақ табиғаттың нақты
шындық екенін сш уақытта ешкім көрген де емес, білген де емес. Ал егер осы
ақиқатты танып-білу жолында кімде-кім дұрыс бағыт алған болса, ол бәрібір
ондай ақиқатты білмес еді. Себебі құдайдың жалпыға ортақ табиғаттың өмір сү-
руі дсгеніміз олардың бар сияқты болып көрінуі ғана».
Түйсіктер берген ақпараттар шьшдыққа жатпайды. Ақыл-ойдың өзі де кейде
бізді алдайды. Ал ақиқат - ақыл-ойдың қорытындысы емес, кездейсоқтықтың же-
місі. Осыдан келіп, Ксенофан дүниені танып-білу мүмкіндігін емес, танып-білу
мүмкіндігі туралы білімнің болуын жоққа шығарды.
Ксенофанның жалқы құдай туралы ілімін эрі қарай дамытып, оны біртұтас
болмыс үғымына дейін көтерген ойшыл Парменид (б.д.д. шамамен 540-480 ж.)
болды. Оның негізгі шығармалары: «Табиғат туралы», «Ахиллес» (бізге дейін
жетпеген). Парменидтің қарастырған мэселелері - болмыс пен бейболмыстың
арақатынастары, болмыстың ақыл-ойға қатынасы. Бұл екі мәселенің екеуін де тек
ақыл-ой арқылы шешуге болады. Ақиқатқа тез жету үшін ақыл-ой көптеген тор
мен тосқауылдарға тап болуы мүмкін. Бірінші күтіп түрған тосқауыл - бейбол-
мыстың бар екенін мойындау, ал мойындағаннан кейін ол қажетгі түрде бар бо
лып шығады. Екіншісі - бір мезгілде болмыс пен бейболмысты бір-бірімен тепе-
тең және тең емес деп жорамалдау. Бұл екі тосқауылдың екеуі де бізді ақиқатқа
жеткізбейді. Себебі бір баста бірін-бірі жоққа шығаратын екі тезис болуы мүмкін
емес. Сондықтан болмыс пен бейболмысты тепе-тең деп немесе олар тең емес
деп жорамалдау керек. Ал бейболмыстың өзін бар деп санау да қайшылыққа
алып келеді, себебі бейболмыс дегеніміздің өзі - болмыс. Бұл жерде Парменид
кейінірек Аристотель ашқан ойлау қабілетінің ең басты заңы - қарама-қайшылық
заңын ашуға жақын қалды.
Парменидтің пікірінше, болмыс пен бейболмыс тең емес, басқаша айтқанда,
болмыс нақты өмір сүреді де, бейболмыс жоқ нәрсе. Осы пікірін Парменид до-
лелдеуге тырысады. Айта кететін бір жайт, Парменидке дейін философтар өз те-
зистерін дәлелдеуден гөрі метафорамен немесе ұқсастық тәсілін қолдану арқылы
(салыстыру арқылы) негіздеуге тырысатын, ал Парменид бірінші болып өз тезисі-
нің дұрыстығын дэлелдеуге көбірек көңіл бөлді.
Парменидтің ойынша, бейболмыстың болуы мүмкін емес, себебі оны танып-
білуге жэне оны сөзбен жеткізуге болмайды. Басқаша айтқанда, нақты өмір сүр-
мейтін нәрсені (бейболмысты) түсінуге де, ойлауға да болмайды. Енді бұл дэ-
лелдің өзін дәлелдеу қажет. Осыдан келіп, Парменид болмыс пен ойлаудың
арақатынасын қарастырады. Оның пікірінше, болмыс пен ойлау процесс ретінде
де, олардың жемісі ретінде де тепе-тең. Бұл тезисті, заттар мен ойлауды өз алдына
жеке өмір сүретін құбылыстар екенін мойындай отырып, ой затталынған (яғни
материалданған ойдың бір затгы ойлауға бағытталуы) кезде ғана ой болады деп
түсінуге, ал зат тек ойланылған кезде ғана зат болады деп түсінуге болатын сияқ-
ты. Осыдан келіп, Парменидше: егер бейболмыс нақты бар деген ой бар болса,