Аі$ын-жыраулар философиясы
281
Бұл тарихи кезең туралы Сәбит Мұқанов та: «Жер отарлаудың мәнісі: қазақ
даласына ішкі Ресейден переселендерді қаптатып, жиілетіп, орыс шаруа поселка-
ларьш орнату, қазақтың бар құнарлы жерін переселендерге беру, сөйтіп, жерге мал
бағумен ғана кәсіп еткен қазақ халқын мал отынан айырып (отынан айырылған
соң мал өсе ме?) қазақты кедейлендіру, содан кейін аздырып, тоздырып, ұлтының
елдігін жою»91, - деп жазған еді.
Осынау бір ел басына күн туған қиын сәт кезеңде елдің, жердің қамын ойлап,
Дулат, Шортанбай, Мұрат ақындар азаттық пен еркіндікті аңсап, орыстандыру
саясатына тікелей қарсы шығып, халқына отты жырларымен ұран тастады. «Еура-
зия даласын жаулап алған славяндық мәдениет осы даланың байырғы тұрғындарын
ноқталап қоюға тырысты. Ресей империясы өз қарауындағы халықгарды ақ
патшаға берілгендік идеясында тэрбиелеу мақсатымен эртүрлі миссионерлік
тәсілдерді шебер қолдана білді. Осындай ілімдердің бірі - Ресейдің басқа халықтар
алдындағы тарихи-мәдени миссиясы деген бүркеніш уағыз. Ағылшындардың бай
мәдени мұрасы бар үңділерді шырмағаны сияқты орыстар Орталық Азия мен
Қазақстанды отарлау жэне ассимиляциялау полигоны бейнесінде қарастырды»92.
Зар заман ақындарының көрнекті өкілдерінің бірі - Дулат Бабатайұлы, өз
шығармаларында қайырымдылық пен зұлымдық, мырзалық пен сараңдық, білім
мен надандық мәселелерін талдап, негізгі арқау етгі. Дулат отарлау саясатының
қазақ халқының болмыс тіршілігіне кері эсер еткенін, көптеген қайшылықтарды
алып келгеніне, заманның «бузыл ғандығына» қатты қынжылады. Әрине, қаймағы
бұзылмай, тыныш жатқан қазақ жеріне патша үкіметінің жаңаша реформасына
сәйкес орыс шаруаларының көптеп қоныс аудара бастауы Дулаттың да элеуметтік
дүниетанымына үлкен эсер етіп, болашақ қазақ қоғамы үшін қатты қобалжып,
халық өміріндегі болып жатқан өзгерістерге үлкен сезімталдықпен, өз көзқарасы
тұрғысынан қарап, халқы үшін қабырғасы қайысып, өз заманының күйін толғайды.
Дулаттың пайымдауынша, өткен өмір бостаңцық пен молшылыққа толы өмір
еді, ру мен тайпа мүшелері тең қүқьщты болды. Ол патриархалдық, хандық заман-
ды көкседі. Бұл ақынның «Ата қоныс Арқадан» деген толғауынан байқалады. Ду
лат ақынның пікірінше, заман өзгерді, халыққа басшы болып, ел билейтін хандар,
ел қорғайтын батырлар келмеске кетті. Өмір тұйыққа тірелді, жердің қадірі кетті,
адамдарда береке қалмады, - деп халықтың басына төнген қайғы-қасіретті сары '
уайымға салыну, торығу сарынымен жырлады. Оның «Ақтабан шұбырынды, алқа
көл сұламаны» еске алуы кездейсоқ емес-ті. Мұнда ол халық басына төнген ауыр
сынды, жоңғарлар жорығын еске салады. Дулат тіпті сол заманның өзідде-ақ ел
тоналып, жұрт өзінің түрган жерінен безгенде, халық күш жинап, ата-баба қонысы
Сарыарқаға оралды93, - дейді.
Дулат Абылай хан басқарған дэуірді жогары көтеріп, оның ел билеген за-
манын қазақ халқының басына қонған «алтын заман» еді деп аңсайды. Себебі
Абылай бүкіл қазақ халқының басын біріктіріп, жоңғарларды қазақ жерінен қуып,
елді, жерді сақгап, халыққа бостандық алып берді деп, осындай ел ішінен шыққан
дара түлғаларды дэрштеп, қиын сэтте елдің намысын қорғар, басын біріктірер
91 Мүқанов С. Кдзактың XVH-XIX ғасырдагы одсбистінің тарихынан очсрктср. 1-бвлім. -Алматы, 1992.-118,199-6.
92 Габитов T. М әденисттануға кіріспе. - Алматы, 1996. - 97-6.
93 Ақназаров X.3. Ф илософия тарихынан дэрістер курсы. - Алматы, 1992. - 78-6.
|