А раб тілді ислам философиясы 57 Әл-Фараби өзінің «Риторика», «Поэзия өнері туралы», «Бақытқа жол сілтеу»
хуралы трактаттарында этикалық, эстетикалық мэселелерге көңіл бөліп, көркем-
дік, сұлулық, бақыт, мейірбандық, білім категорияларының бетін ашып, олардың
негізін дәлелдеп берді.
Этиканы ол, ең алдымен, жақсылық пен жамандықты ажыратуға мүмкіндік бе-
ретін ғылым деп қарады. Сондықтан оның этика жөніндегі тұжырымдамаларында
жақсылық, мейірбандық категориясы басты орын алады. Ғұламаның этикалық
ойларынан терең гуманизмнің лебі еседі, ол адам баласын жаратылыстың, бүкіл
жан иесі атаулының биік шоқтығы, сондықтан да оны құрметтеу, қастерлеу керек
деп түсінеді. Фараби жасаған қорытындының басты түйіні білім, мейірбандық,
сұлулық бірлігінде. Фарабидің гуманистік идеялары әлемге кең тарады. Ол ақыл-
ой мен білімнің биік мәнін дәріптеді. Фараби көркемдік, сұлулық хақында былай
дейді: «Көркемдік - өмір шындығының өзіне тэн қасиет, ол - болмыста нақты
түрде бар құбылыстардың, әлеуметтік өмірдің көкейдегі елесі». Көркемдікті
адамның денесі мен рухани жандүниесінің, адамгершілік қасиетінің сұлулығын
көрсететін белгі деп санайды.
Фараби «Бақытқа жол сілтеу» трактатында бақытқа, оған жетуге бастай-
тын жолға айрықша назар аударады. Әл-Фараби өлгеннен кейінгі баянсыз бақыт
туралы емес, тірі адамның бақыты туралы айтады. Оған жету үшін адам өзін-өзі
жетілдіре отырып, қиын жолдан өтуі керек. Адамның табиғи қабілеті өздігінше
жақсы қылықты да, жаман қылықты да істеуге бірдей мүмкіндік береді. Адамның
жетілуі мінез-құлықтың жетілуімен үйлес келеді, осыдан келіп бақытқа жету мен
мінсз-құлықтың жетілуі арасында байланыс туады.
«Бақытқа жол сілтеу» трактатында жоне басқаларда эл-Фараби Аристотельдің
әрекеттену мен қайырымды істердегі орта шама туралы пікірін дамытады. Фараби
ұстамдылықты жақсы құлық деп есептейді, ал ұстамды болу үшін шамадан тыс
молшылық болса, одан жетіспеушілікке қарай ауытқып, ондай молшылықтан ары-
луымыз керек жэне керісінше, жетіспеушілік болса, біз молшылық жағына қарай
ауытқуымыз керек, сөйтіп, мінез-құлқымызда ұстамдылықты қалыптастырғанша
осылай ете беруіміз керек5. Жоғарьща айтылғаңдар әл-Фарабидің адам өмірінде-
гі «жақсыльщ» пен «жамандық» «тэңірден» болмай, оларды адамның өзі тандауға
болатын жағдайда белсенді әрекет факторьша қандай зор маңыз бергенін көрсетеді.
Аристотельдің «Нокомахтың этикасында» (1-кітап, 1-параграф) келтірген
схемасын негізге ала отырып, эл-Фараби философияны теориялық жэне практи-
калық деп екіге бөледі. Теориялық философия өзгермейтін, өткінші емес заттарды,
практикалық философия өзгертуге немесе жасауға болатын заттарды зерттейді. Фи
лософия, эл-Фарабидің білуінше, адамға ғана мүмкін болатын «ең ерекше» игілік,
ақыл, парасат арқылы меңгеріледі. Ақыл, парасатгың қызметі қалай болса, солай
беталды жүргізілмеуге тиіс, онда мақсаттылық сипат алады. Оның негізін логика
өнері қарастыратын ойлаудың дұрыс эдістері құрады. Әл-Фарабидің атап көрсе-
туінше, адам өзінің бақытқа жету жолын логикадан бастағаны жөн.
Бір сөзбен айтқанда, Фараби адамдардың өз көздеген мақсатына жетуі оның
өзіне ғана байланысты екенін айтады. Адам рухани жағынан үнемі өзін-өзі же-
5 Әл-Фараби. Әлеумстік этикалық, трактаттар. - Алматы, 1975. - 378-379-6.