Жалғас Маржанның «дипломалды практикасы» іс -тәжірибесінің



Дата20.03.2020
өлшемі18,02 Kb.
#60459
Байланысты:
минездеме маржан

1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық- педагогтік колледжінің «Негізгі орта білім беру» мамандығының «Шетел тілі мұғалімі» біліктілігінің 42 «Ш» топ білім алушысы Жалғас Маржанның «дипломалды практикасы» іс -тәжірибесінің

Есебі

Мен Жалғас Маржан Нарбайқызы 20.01.-29.02.2020 ж.ж аралығында 4-курстағы педагогикалық іс-тәжірибемді Алматы қаласы, Түрксіб ауданы Чехова 15 мекенжайында орналасқан №76 жалпы білім беретін мектепте өткіздім.

Іс-тәжірибе кезінде мен 6 сынып оқушыларының жетекшісі болып бекітілдім. 6 сыныппен тиянақты түрде жұмыс істеуге тырыстым. Өз қабілетімді барынша пайдалануға тырыстым. Өзімнің бойымдағы мұғалімдік мамандыққа деген тұрақты қызығушылығым мен сүйіспеншілік сезімдерімді педагогикалық іс-тәжірибе кезінде барынша дамытуға тырыстым.

6 сынып оқушыларының оқу-тәрбие жұмысымен таныстым. Болашақ педагог ретінде оқу-тәрбие мекемесінің материалдық-техникалық базасымен, педагогикалық ұжыммен және де мұғалімдердің міндеттері, құқықтарымен таныстым. Сонымен қатар, оқушылардың міндеттері және құқықтарымен толық танысып шықтым. Өткен тақырыптарыма байланысты көрнекілік құралдарын дайындап және де оқушылардың дене және психикалық даму деңгейін ескере отырып, мұғалімдік жұмыстың ең нәтижелі формаларын және де әдістерін ұғынуға ұмтылдым. Оқушылардың даму деңгейіне диагностика жасаумен де айналыстым. Оқушылардың күнделіктерін, дәптерлерін тексеріп, кемшіліктерін айтып, олардың дұрысталуына ат салыстым. Сабақтан тыс тәрбие жұмыстарын өткіздім. Сонымен қатар, ағылшын тілінен де сабақ бердім.

Әрбір берілген жұмысты уақытылы орындап, әрбір тақырыпты алуан түрлі әдіс - тәсілдерді қолдану арқылы өткіздім .

«Germs»

«Health services around the world »

«Healthy Habits »

«Travel and holiday»

«Tourists attraction »

«Destination of UK»

«The parks around the world »

«The time Machine » тақырыптарында ағылшын тілінен сабақ өткіздім.

19 ақпан күні 6 сыныппен «The Time Machine » тақырыбында ашық сабақ өткіздім. Сабақ барысында тәтті қорап деп аталатын әдісті қолдандым. Өткізілген ашық сабақ сайыс сабақ ретінде болды. Оқушылар топқа бөлініп жарысты, әрбір тапсырма орындату барысында уақытымды еске ала отырдым. Сонымен қатар, «Mind map », «Fishbown»,«Fly clapper » әдістерін қолдану арқылы сабағымды тиімді әрі қызықты етіп өткіздім. Мен сабақ өткізу барысында өзімнің алдыға қойған мақсаттарыма жеттім.

Шораева Ақшолпан Алиевна мектептегі іс-тәжірибе жетекшім ретінде маған көп көмегі тиді. Жетекшімнің сабақтарын қызығушылықпен күзеттім.

Ағылшын тілі пәнінің қызықты әрі керек пән екенін оқушылардың көздерін жеткізуге тырыстым.



Практика жетекшісі :_______________Алимпияева З. С.

Практикант: :_______________Жалғас М. Н.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет