Жалпы білім беретін ұйымдар оқушылары арасында аймақтық
Әбіш оқуларының байқауын дайындау және өткізу
ЕРЕЖЕСІ
Қазақстан Республикасы Халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ әдебиетінің ірі өкілі Әбіш Кекілбаев – қазақ қоғамы өміріндегі түрлі саяси өзгерістерге, ұлт болмысындағы өміршеңдікке, алуан жайттарға қоғамдық санамызды қалыптастыруға күш салған қаламгерлердің бірі.
Осы ереже Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін ұйымдары оқушыларының арасында өткізілетін аймақтық «Әбіш оқуларын» (бұдан әрі Әбіш оқулары) өткізу тәртібін айқындайды.
Аймақтық «Әбіш оқуларының» негізгі мақсаты: Мектеп оқушылары арасында Әбіш шығармаларын насихаттау; олардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениетін дамыту; жазушының рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу; тарихи танымдарын, ізгілікке, демократияға және азаматтыққа бағдарланған дүниетанымдары мен сана – сезімдерін, өмірлік айқындамаларын қалыптастыру.
Байқаудың мақсаты: Әбіш Кекілбаевтың шығармашылығының көркемдік ерекшелігін, бай сөз қорын насихаттау арқылы оқушылардың ой-танымын кеңейту, олардың бойында өзіндік көзқарастарын қалыптастыру.
4. Аймақтық «Әбіш оқуларына» мемлекеттік және мемлекеттік емес жалпы білім беретін мектептердің 5-11 сыныптарының оқушылары қатынаса алады.
Аймақтық «Әбіш оқулары» бес бөлім бойынша өткізіледі.
Әр облыс аймақтық кезеңге жекелеген байқауларға қатысқан оқушыларды қоса есептегенде 10 оқушыдан тұратын бір топты ұсынады.
Үй тапсырмасы. Ә.Кекілбаев шығармаларынан иллюстрациялық суреттер байқауы.
Қойылатын талаптар: Байқауға 1 оқушы қатысады. Жұмыс саны 3-тен аспауы тиіс. Суреттің оң жақ бұрышында жұмыстың тақырыбы, оқушының аты – жөні, облысының атауы, мектебі, сыныбы мен жетекшісінің аты-жөні толық көрсетіліп жазылуы қажет.
Орындау техникасы: Жұмыс форматы – А3 түрінде. Кескіндеме (акварель, гуашь, акрил), графика (тушь, перо, қылқалам, түрлі – түсті қарындаштар және т.б). Рамаға салу міндетті емес.
Ә.Кекілбаевтың шығармаларын (прозасы, поэзиясынан) мәнерлеп оқу байқауы.
Қойылатын талаптар: Байқауға 1 оқушы қатысады, өзі таңдаған 3 шығармасын мәнерлеп оқиды. Берілетін уақыт 5-7 минут.
Шығармашылық жұмыс. Ә.Кекілбаевтың шығармалары бойынша зерделеу жоба байқауы.
Қойылатын талаптар: Байқауға 1 оқушы қатысады, оқушы жазушының тарихи тұлғалар, туған ел, жер туралы және сүйіспеншілік бағыттарында жазған еңбектерінен зерделеу жоба жұмысын қорғайды.
Жұмыс көлемі 10 беттен аспауы керек, мәтіні толық компьютерде теріліп (WORD, шрифт Times New Roman-14, 1,5 интервал, сол жақтан 2 см жол қалдыру), беттері нөмірленуі тиіс. Сондай-ақ:
титул парағы:
жұмыс жүзеге асырылған ұйымның аты;
жұмыстың тақырыбы;
бағыты; (тарихи тұлғалар, туған ел, жер, сүйіспеншілік)
орындаушы (тегі, аты, сыныбы, мектебі, қаласы,);
жұмыстың жетекшісі (аты-жөні, оқу дәрежесі, қызметі, жұмыс орны);
- жұмыстың орындалған уақыты;
- мазмұны
абстракт (аннотация) – жұмыстың барысы 250 сөзден артық емес сөзден тұратын жұмыстың қысқаша мазмұндамасы көрсетілуі тиіс;
кіріспе – жұмыстың тиянақты сипаттамасы (екі беттен артық емес),
мақсаты, жұмыстың жүзеге асырылған жері көрсетіледі;
жұмыстың негізгі бөлімі: 15 беттен артық емес жеке тараулардан, параграфтардан тұруы мүмкін;
қорытынды (1 беттен артық емес) жұмыстың негізінде жасалған қорытындыларын, нәтижелерін, ұсыныстарын келтіреді.
пайдаланылған әдебиеттер тізімі жұмыс соңында жалпы тізіммен беріледі.
Шығармашылық жұмыс арнайы дайындалған слайд арқылы қорғалады. Берілетін уақыт: 5-7 минут
«Жас дарындар» байқауы.
Қойылатын талаптар: Байқауға 1 оқушы қатысады. Ә.Кекілбаевтың өміріне, шығармашылық еңбегіне, қоғамдағы орны мен қызметіне орай арнау, эссе, ашық хат түрінде өз туындыларын орындайды. Берілетін уақыт 3-5 минут.
Ә.Кекілбаевтың шығармаларынан сахналық қойылым байқауы.
Қойылатын талаптар: Байқауға топ құрамындағы 10 оқушының қатысу мүмкіндігі қаралады. Сахна мәдениеті өзін-өздері ұстауы, сахналық киімдері, сөйлеу мәнерлері мен тақырыпты толық аша білулері бағаланады. Берілетін уақыт 10 минут.
6. Әбіш оқулары жоғарыда көрсетілген бөлімдер бойынша 2 кезеңде:
1 кезең –облыстық кезең – 2016 жылғы қыркүйек, қазан айлары ішінде;
2 кезең – аймақтық кезең 2016 жылғы қараша айы ішінде өткізіледі.
Облыстық байқаулардан бірінші орын алған оқушылар байқаудың аймақтық кезеңіне қатысады.
Ескерту: Байқаудың аудандық, қалалық кезеңі ағымдағы жылдың қыркүйек айының соңғы аптасында;
Облыстық кезеңі қазан айының екінші аптасында өткізіледі.
7. «Әбіш оқулары» байқауының 1 кезеңін қаржыландыруды тиісті білім бөлімдері мен басқармалары жүзеге асырады.
Мектеп оқушыларының аймақтық кезеңге қатысуға байланысты шығындарын жіберіп отырған мекемелері көтереді.
8. «Әбіш оқулары» байқауының аймақтық кезеңін ұйымдастыру және өткізу жауапкершілік Маңғыстау облысы білім басқармасына және тиісті облыстық білім басқармаларына жүктеледі.
9. «Әбіш оқулары» байқауын дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру жұмыстарын үйлестіруді Маңғыстау облысының білім басқармасы жүзеге асырады.
10. Аймақтық ұйымдастыру комитетінің құрамына облыстық әкімшіліктердің, білім және мәдениет басқармаларының қызметкерлері енгізіледі.
11. Аймақтық ұйымдастыру комитеті:
1) іс-шараларды өткізудің жалпы тәртібін белгілейді;
2) тікелей басшылық жасауды жүзеге асырады;
3) байқаудың қорытындыларына талдау жасайды және жинақтап қорытады;
4) іс-шаралардың материалдарын баспасөзде жариялайды.
11. Аймақтық «Әбіш оқулары» байқауына қатысушылардың білімі мен өнерін төрағадан, хатшыдан және алқа мүшелерінен (барлығы 7 адамнан кем емес) тұратын қазылар алқасы бағалайды:
1) қатысушыларды білімі мен өнерін бағалаудың өлшемдерін бекітеді;
2) қатысушылардың білімі мен өнеріне талдау жасайды және он баллдық жүйемен бағалайды;
3) қатысушылардың білімі мен өнерін бағалаудағы даулы мәселелерді талқылайды және қажет болған жағдайда тиісті түзетулер енгізеді;
4) жеңімпаздарды анықтайды және жүлделі орындарды бөледі;
5) Байқаудың қорытындысы туралы есеп береді.
12. Маңғыстау облысының білім басқармасы іс – шаралардың қорытындыларын жинақтап қорытады және ақпаратты сайтқа жариялайды.
Достарыңызбен бөлісу: |