А. Құнанбаев «Қуанбаңдар жастыққа». Өлеңнің мазмұндық ерекшелігін таныту. Абай жастарға «Қуанбаңдар жастыққа» өлеңі арқылы оқушыларды жастықтың қадірін біліп бет алды ойын-сауыққа бой алдырмай, адал тапқан малды орынымен жинау. (1 сағат)
А. Құнанбаев «Есіңде бар ма жас күнің». Ақын есік пен төрдей ғұмырдың қас қағымда өте шығатын мейірімсіз ақиқатын тілге тиек ете отырып, табиғаттың осынау бір құбылысына философиялық түйін жасайды. Тіршілік атаулының үш мезгілі - көктемі, жазы, күзі - адам баласына жастық, есею, тоқтау болып оралатыны.Әр мезгілдің өзіне лайық сыйы бар екені өлең арқауын құраған. (1 сағат)
А. Құнанбаев «Қор болды жаным». Өлең мазмұнындағы ішкі динамикасы, ой терендігі, сөзім мөлдірлігі. Оқырман лирикалық қаһарманның жүрегін жаралап, жігерін жасытқан ыстық сағынышқа шүбәсіз иланады. Оның кейіпкері ғашығының бірауыз сөзіне зар болып, қаншалықты қамықса да егілмейді, үмітін үзбейді. Ақын бұл өлеңіне ән шығарған. Әнді А. В. Затаевич 1930 жылы жазушы С. Мүқановтан Москва қаласында жазып алып нотаға тұсірген. Әннің бұл үлгісі Осман Қашағановтан жазып алынған түріне ұқсас. Композитор Ғ. Жұбанова ақынның бұл әнінің вариациясын жасады. (1 сағат)
Б. Ерденбеков «Абайдың әнші-сазгер шәкірттері». Б.Ерденбеков
«Музыка саласында жазба мәдениетінің болмауына қарамастан, Абай әндерінің бізге толық жеткен себебі олардың халықтың жүрегінде сақталуында. Абайдың әндері ауызша таралды. Абай әндерінің халыққа кең таралуына, біріншіден, ән табиғатының халыққа жақындығы, тыңдаушысын баурап алар тосын әуен мен терең мазмұн болса, екіншіден, сол әндерді үлкен сахна - сахарада нағыз күміс көмей әншілердің орындауы еді. Ақынның өзі айтқандай: «Адам аз мұны біліп ән саларлық, тыңдаушы да аз ол әннен бәһра аларлық»,- деп, Абайдың жаңа әндерін тосырқап қабылдаушылар да аз болмады. Сол кезде әнші шәкірттер тек әнді таратушылар ғана емес, терең мазмұнға құрылған ғибратты әндердің насихатшысына айналды. Бұл арада сазгер Абай өз бойындағы барлық құндылықтарды әнге деген ыстық ықыласын, өзі шығарған әндерін орындап халыққа таратушы әнші шәкірттеріне сол уақыттың жырын жырлап, мұң мұқтажына араласуына өз бойларындағы таланттарын шыңдап, көрсете білулеріне жол ашты». (1 сағат)