Жалпы білім беретін ұйымдарының (мамандандырылған, арнайы, гимназия, лицей) 5-8 сыныптарға арналған «Абайтану» курсы бойынша аймақтық оқу бағдарламасын әзірлегендер


А. Құнанбаев «Он жетінші» қарасөзі



бет9/27
Дата06.09.2022
өлшемі1,27 Mb.
#148848
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27
Байланысты:
Абайтану бағдарлама

А. Құнанбаев «Он жетінші» қарасөзі. Қарасөзді оқу, талдау. Көтерілген мәселе. Ақындық жолындағы адамгершілік, имандылық, адалдық, еңбекқорлық, кішіпейілділік, қайырымдылық, парасаттылық сияқты ізгі қасиеттерді ту етіп ұстап, өлеңдерінде қайта-қайта насихаттаудан жалықпаған Абай ғақлияларында да өзінің осынау өмірлік мүддесін баяндаудан таймағандығы, жақсы мен жаман, ақ пен қара, кішіктік пен даңғойлықтың берілуі. (2 сағат)
А. Құнанбаев «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат». Өледі оқу, талдау. Өлеңнің идеялық-эстетикалық сипаты. Абайдың жастарға арналған достық, татулық, жар сүю мәселесін қозғайтын насихаты. Өлең еркін әңгіме- сұхбат түрінде құрылып, көбінесе жас жігіттерге айтылатын ақыл-кеңес іспетті келуі. Жастардың сүйіспеншілік сезімінде айнымас беріктік, тұрақтылық, адалдық болуына айрықша мән бере отырып, жігіттердің құбылма, айнығыш, жеңілтек мінезін қатты сынға алуы. (1 сағат)

ІІ бөлім. Өлсе өлер табиғат, адам өлмес (8 сағат)


А. Құнанбаев «Жаз» өлеңі. Өледі оқу, талдау. Халық поэзиясында бұрыннан бар жыр үлгісінде жазылуы. Өлеңнің идеялық-эстетикалық сипаты. Абай лирикаларында табиғаттың сұлу да дархан көрінісінің жанды тіршілікпен, ақын, сезімімен астасып берілуі. «Табиғат өлсе де, нағыз Адам өлмек емес». Адамды сүю - өмір сүріп жатқан орта табиғаттың, оның сұлулығын сүю деген сөз. Табиғат сұлулығын жырлай отырып, нағыз адам, толық адам өзі өмір сүріп отырған айналаны аяласын, қадірлесін деген ой тастауы. Жаздағы мамыражай көріністің адам өмірімен, қарапайым халық тіршілігімен байланыстыра суреттелуі, жанды картина, ақынның жыл мезгілдерін суреттеудегі суреткерлік шеберлігі. Экологиялық мәселелер, өлеңнің бүгінгі күнмен байланысы. (1 сағат)
А. Құнанбаев «Күз». Өлеңді оқу, талдау. Көтерілген мәселелер.
Әлеуметтік теңсіздік. Күздің сүреңсіз көрінісінің кедей адамдар тұрмысымен астастырылып берілуі. Абайдың табиғат лирикасын орыс әдебиетімен байланыста қарастыру. А.С. Пушкиннің "Болдинская осень" өлеңімен салыстыра талдау (екі өлеңнін үндестігі, өзіндік ерекшеліктері). Ақынның табиғатты жырлаудағы өзіндік қолтаңбасы, жаңалығы. (2 сағат)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет