Абай шәкірті- Көкбай Жанатайұлы.
Абай өлеңдерінің Көкбай атымен
таралуы. Көкбай Жанатайұлының өмірі, шығармашылығы. Абайдың
Көкбаймен достығы. Ақындар үндестігі.
(2
сағат.)
Мағауия Абайұлы «Әбішке».
Мағауия Абайұлының өмірі мен
шығармашылығы
.
Мағауияның
Әбішке
арнаған
өлеңі.
Туыстық
сезімдер.Туыстық қарым-қатынасты құрметтеу, бағалау. Өлеңнің тәрбиелік
мәні.
(2
сағат.)
Шығармашылық жұмыс.
Тарау бойынша оқушылардың алған
білімдері негізінде шығармашылық жұмыстар ұйымдастыру. Абайдың ақын
шәкірттері негізінде сызба, постер қорғау. Абайдың ақындық үлгісімен
жазылған қазіргі ақын-жазушылар шығармашылығын зерттеу. Қазіргі поэзия
мен ән өнеріне байланысты оқушылардың шығармашылық жұмыстарын (эссе,
кіші зерттеу жұмыстары, мақала, баяндама) жүргізу. Абайға арнап жас
ұрпақтың атынан хат жаздыру. Оқушыларды өлең жазуға баулу. Абай
шығармашылығынан сахналық қойылымдар.
(1
сағат)
Қорытынды.
Жыл көлемінде оқытылған «Абайдың өскен ортасы»,
«Абай шығармашлығының қайнар бұлақтары», «Асыл сөзді іздесең, Абайды
оқы ерінбе!», «Абайдың ақын шәкірттері» тараулары бойынша әдеби-
музыкалық кеш, композиция, монтаж тағы басқа да іс-шаралар ұйымдастыру.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға назар аудару. (1 сағат)
|