Байланысты: О у жылында аза стан республикасыны жалпы орта білім беретін м
IV Пилоттық мектептердегі оқу процесіне қатысушылардың құқықтары мен міндеттері IV.1 Пилоттық мектептердегі оқу процесіне қатысушылардың міндеттері IV.1.1 Пилоттық жоба жетекшісінің міндеттері (Пилот мектеп директорының орынбасары): IV.1.1.1 дайындық жұмыстарын ұйымдастырады – 7,11-сынып білім алушылары және олардың ата-аналары (заңды өкілдерінің) арасында сауалнама/сұрақ-жауап жүргізеді;
IV.1.1.2 ЖМЦ пәндерін ағылшын тілінде оқыту бойынша білім алушылардың ата-аналарымен ынтымақтастық туралы келісім шарт жасайды (1-қосымша);
IV.1.1.3 Пилоттық жобаны мамандармен қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
IV.1.1.4 Пилоттық жобаның Шығармашылық тобының мүшелерімен ЖМЦ пәндерін ағылшын тілінде оқытуды енгізу туралы келісім-шартқа отырады (2-қосымша);
IV.1.1.5 Пилоттық жобаның Шығармашылық тобының жұмысын үйлестіреді, әдістемелік көмек көрсетеді;
IV.1.1.6 білім алушылардың ата-аналары арасында тұрақты түсіндірме жұмыстарын жүргізеді;
IV.1.1.6 Пилоттық жоба мониторингін ұйымдастырады және жүргізеді.
IV.1.2 Пилоттық жобаның Шығармашылық тобы мүшелерінің міндеттері. IV.1.2.1 Ағылшын тілі мұғалімі - Шығармашылық топ мүшесінің міндеттері: IV.1.2.1.1 пәнді ағылшын тілінде оқыту әдістемесі және ағылшын тілін меңгеру деңгейі бойынша кәсіби біліктілігін арттырады;
IV.1.2.1.2 CLIL-технологиясы бойынша біліктілігін арттырады;
IV.1.2.1.3 ЖМЦ пән мұғалімдерімен бірге ағылшын тіліндегі оқу материалдарын (түпнұсқалық материал) әзірлейді;
IV.1.2.1.4 Шығармашылық топ кездесулерінде кемінде екі аптада бір рет ЖМЦ пәндерін ағылшын тілінде оқытуды талқылайды;
IV.1.2.1.5 ЖМЦ пәндері бойынша білім алушылардың тілдік құзыреттіліктерін бағалауды жүргізеді;
IV.1.2.1.6 ЖМЦ пәндері бойынша тілдік құзыреттіліктерді жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлейді;
IV.1.2.1.7 тәжірибе алмасу, бірлескен іс-қимылдарды келісу мақсатында Пилоттық жобаға қатысушы-мұғалімдердің сабақтарына қатысады, бейнежазба және сабаққа талдау жасайды;
IV.1.2.1.8 білім алушылардың ата-аналары арасында тұрақты түсіндірме жұмыстарын жүргізеді;
IV.1.2.1.9 Пилоттық жоба мониторингісіне қатысады.
IV.1.2.2 Шығармашылық топ мүшесі - ЖМЦ пән мұғалімінің міндеттері: IV.1.2.2.1 пәнді оқыту әдістемесі мен ағылшын тілін меңгеру деңгейі бойынша кәсіби біліктілігін арттырады;
IV.1.2.2.2 CLIL-технологиясы бойынша біліктілігін арттырады;
IV.1.2.2.3 ағылшын тілі мұғалімдерімен бірлесіп, өз пәні бойынша ағылшын тілінде оқу материалдарын әзірлейді;
IV.1.2.2.4 Шығармашылық топ отырыстарында, кемінде екі аптада бір рет, ЖМЦ пәндерін ағылшын тілінде оқытуды талқылайды;
IV.1.2.2.5 өз пәні бойынша білім алушылардың құзыреттіліктерін бағалауды жүргізеді;
IV.1.2.2.6 өз пәні бойынша білім алушылардың пәндік құзыреттіліктерін жиынтық бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлейді;
IV.1.2.2.7 өз пәні бойынша білім алушылардың тілдік құзыреттіліктерін жиынтық бағалауға арналған тапсырмаларды ағылшын тілі мұғалімімен бірге әзірлейді;
IV.1.2.2.8 өз пәні бойынша білім алушылардың пәндік және тілдік құзыреттіліктерін қалыптастырушы бағалауды жүргізеді;
IV.1.2.2.9 тәжірибе алмасу, бірлескен іс-қимылдарды келісу, мақсатында Пилоттық жобаға қатысушы-мұғалімдердің сабақтарына қатысады, бейнежазба мен сабаққа талдау жасайды;
IV.1.2.2.10 білім алушылардың ата-аналары арасында тұрақты түсіндірме жұмыстарын жүргізеді;
IV.1.2.2.11 Пилоттық жоба мониторингісіне қатысады.
IV.1.2.3 Пилоттық жобаға қатысушы-білім алушылардың міндеттері IV.1.2.3.1 ЖМЦ аталған немесе өзге де пәндерін ағылшын тілінде оқып үйрену ниетін анықтау мақсатында 7,11-сынып білім алушылары арасындағы сауалнамаға/сұрақ-жауапқа қатысады;
IV.1.2.3.2 «кіру» және «шығу» барысында тілдік және пәндік құзыреттіліктерді диагностикалауға қатысады;
IV.1.2.3.3 БЖБ және ТЖБ кезінде тілдік құзыреттіліктерді бағалау тапсырмаларын орындайды;
IV.1.2.3.4 Пилоттық жоба мониторингісіне қатысады.