Байланысты: О у жылында аза стан республикасыны жалпы орта білім беретін м
Ұсынылатын бақылау жұмыстарының нормалары Алған білімдерінің динамикасы мен мониторингін анықтау үшін оқу жылына 7 бақылау жұмысын жүргізу ұсынылады. Бақылау жұмыстарындағы тапсырмалар саны мен бағалау келесідей болады: лексика және грамматика бойынша 15 тапсырма, тыңдалым - 5 тапсырма, оқылым – 5 тапсырма. «5» деген баға – 21- 25 балл, «4» деген баға -14-20 балл, «3» деген баға – 1-13 балл.
№ 1 кіріспе тест. Бұл жұмыс түрі өткен оқу жылында алған білімдердің диагностикасы мен бақылауын қарастырады, тек лексикалық-грамматикалық аспектілерін қамтиды. Тест тапсырмаларының саны - 25, жауаптар нұсқаларының саны-5. «2» деген бағаны қою ұсынылмайды, өйткені оқу жылының бірінші күндерінен бастап білім алушының пәнге деген қызығушылығы мен ынтасын төмендетуі мүмкін.
№ 2 бақылау жұмысы 1-тоқсан қорытындысы. Бұл бақылау жұмысы тіл дамытудың барлық бағыттарын есепке ала отырып, 1-ші тоқсанда меңгерген барлық материалдарды қамтиды.
№ 3 бақылау жұмысы – 2-тоқсанның қорытындысы. Бұл бақылау жұмысы тіл дамытудың барлық бағыттарын есепке ала отырып, 2-тоқсанда меңгерген материалды қамтиды.
№ 4 диагностикалық тест (бақылау жұмысы). Бұл алдыңғы екі оқу тоқсанында алған білімдердің бақылау мен динамикасын қарастырады, тек лексикалық-грамматикалық аспектісін қамтиды. Тест тапсырмаларының саны - 25, жауаптар нұсқаларының саны-5. «2» деген бағаны қою ұсынылмайды.
№ 5 бақылау жұмысы –3-тоқсан қорытындысы. Бұл бақылау жұмысы тіл дамытудың барлық бағыттарын есепке ала отырып, 3-тоқсанда меңгерген материалды қамтиды.
№ 6 бақылау жұмысы – 4-тоқсан қорытындысы. Бұл бақылау жұмысы тіл дамытудың барлық бағыттарын есепке ала отырып, 4-тоқсанда меңгерген материалды қамтиды.
№ 7 бақылау жұмысы – жылдық қорытындысы. Бұл бақылау жұмысы жыл бойына өтілген барлық тақырыптық материалдарды қамтиды.