Ауыл мектептерінде
|
Қала мектептерінде
|
1. Тағам әзірлеу технологиясы.
2. Құрастыру, моделдеу және иық киім өнімдерін жасау. Қазақтың ұлттық киімін тігіп дайындау.
|
1. Тағам әзірлеу технологиясы.
2. Құрастыру, моделдеу және иық киім өнімдерін жасау. Қазақтың ұлттық киімін тігіп дайындау.
|
Қолөнер кәсібі әрбір халықтың мәдениетінің материалдық тасымалдаушысы болып табылады. Сондықтан білім алушылардың еңбек пен технологиялық мәдениетін қалыптастыру, оны тұлға ретінде еңбекқорлық, азаматтық және патриоттық қасиеттерге тәрбиелеу және мектеп бітірушілердің еңбек нарығы жағдайында кәсіби өзін-өзі анықтауы мақсатында технология сабағында көпғасырлық халықтық және ұлттық қолөнерлерді міндетті түрде оқыту мен қолдануға назар аудару ұсынылады.
Сабақтың, сабақтан тыс және сыныптан тыс іс-шаралардың тәрбиелік мақсатын «Рухани жаңғыру» бағдарламасымен ұштастырып жүзеге асыру ұсынылады.
«Технология» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және жоспарлау барысында 2018-2019 оқу жылында мерекеленетін мерейтойлық шараларға көңіл бөлу ұсынылады.
10-11-сыныптарда «Технология» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі әрбір сыныпта аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |