Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



бет165/184
Дата07.02.2022
өлшемі4,48 Mb.
#89342
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   184
Байланысты:
О у жылында аза стан республикасыны жалпы орта білім беретін м

11 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


Қосымша білім беру – білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жан-жақты қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын тәрбиелеу мен оқыту процесі (Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 39-бабының 1-тармақшасы).
Білім алушылардың жан-жақты қажеттіліктері балаларға қосымша білім берудің әлеуметтік-педагогикалық, көркем-эстетикалық, музыкалық, ғылыми-техникалық, туристік-өлкетану, экологиялық-биологиялық, әскери-патриоттық, спорттық-сауықтыру, жобалық-зерттеу және басқа да бағыттары бойынша қамтамасыз етіледі.
Білім алушыларға берілетінбілім беру қызметтеріқосымша білім берудің оқу бағдарламалары бойынша бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары және шарттық негізде көрсетеді (Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 37-бабының 1-тармағы).
Республикада балаларға қосымша білім беру тиімділігін қамтамасыз ету үшін келесі заңнамалық және нормативтік құқықтық актілер іске асырылады:
– Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы (1, 4, 5, 6, 11,14, 23, 28, 37, 51, 52, 63, 65-баптары);
– «Балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің Үлгілік ережелерін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысы;
– «Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарының қызмет түрлерінің Үлгілік ережелерді бекіту туралы» ҚР БҒМ-нің 2013 жылғы 14 маусымдағы № 228 бұйрығы;
– «Балалар музыка мектептерінің, балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің Үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ-нің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 543 бұйрығы.
Республикадағы жалпы білім беретін мектептердегі балаларға қосымша білім берудің ерекшеліктері 2018-2019 оқу жылдарында жалпы орта және қосымша білімнің мейлінше тығыз ынтымақтасуының қажет екендігін көрсетіп отыр.
Заманауи мектептердің мазмұны мен технологияларындағы өзгерістердің инновациялық сипаты қосымша білім беру есебінен күшейтілуі мүмкін, себебі қосымша білімнің сипаты қызметтің түрін таңдаудағы еркіндікті, білім алушылардың жоғары деңгейдегі уәждемесін, яғни тұлғаның өзін шынайы шығармашылық тұрғыдан танытуын болжайды.
Жаңа ұрпақтың білім беру стандарттарын енгізу жағдайында балаларға қосымша білім беруді негізгі жалпы білім беру бағдарламаларының құрамына енгізудің өзектілігі мектепте алған білім, білік және дағдыларын практика жүзінде қолдануға итермелейтін, білім алушылардың танымдық уәждемелерін ынталандыратын жалпы білімнің құрамдас бөліктерінің вариативтілігін күшейту қажеттілігімен байланысты болып отыр.
Жалпы орта және балаларға арналған қосымша білімнің ынтымақтасуы заманауи педагогикадағы күрделі мәселелерді - тәрбиелеу, оқыту және дамыту процестерін жақындастыруға көмектеседі. Аталған бағытты дамытудың қажеттілігі біртұтас білім беру кеңістігін сақтауға негізделеді. Мектептегі оқу сабақтарын өткізу процесінде қосымша білімге тән технологияларды пайдалануға болады. Бұл кешенді сабақтар, оқу жобалары, дискуссиялық технологиялар, ойындар болуы мүмкін. Әдетте, ол сабақтан тыс, тікелей мұғалімнің қадағалауымен өтетін білім алушылардың өз беттерімен жасаған жеке немесе ұжымдық қызметтерін қарастырады. Мектептегі оқу сабағы аясында қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыру процесі кезінде материалдың мазмұнын кеңейту және тереңдету деңгейінде, сондай-ақ мектеп сабағының жеке элементтерін сабақтан тыс қызметтің түрлі формаларында қарастыру есебінен де өз жалғасын табуы мүмкін.
Математика, химия, физика, биология пәндеріне қызығушылық танытқан жоғары сынып білім аушыларына мектептегі ғылыми қауымдастық аясында танымдық мәдениетін, зерттеу қызметін тәрбиелейтін жобаларды ұсынған жөн.
Экологиялық мәдениетті тәрбиелеу тұрғысынан экологиямен айналысуға болады. Бұл жағдайда сабақтар жобалық технология негізінде түрлі жастағы бірлестіктер формасында құрылуы тиіс.
Жалпы алғанда интеграция үрдісі кешенді бағдарламалар мен жобалардың санын ұлғайтуды қамтиды: тарихи ойындар, музыкалық театр, балалар филармониясы, іздеу жұмыстарының клубы, бард әндері, мектептегі ғылым және техника академиясы және басқалары.
Осылайша, негізгі білім мен балаларға арналған қосымша білім тең құқықты, бірін-бірі толықтыратын компоненттер болуы керек және әр баланы толыққанды тұлғалық дамыту үшін қажетті біртұтас білім беру кеңістігін құру қажет. Мұндай жағдайда мектеп білім алушылардың дамуындағы зияткерлік ауытқуларды жеңе алады және олардың қоғамға оң бейімделуіне жағдай жасай алады.
Мектептерде сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыруда пәндік үйірмелер мен секциялар маңызды орын алады. Бұл бір жағынан – пән бойынша сабақтан тыс жұмыс, ал екінші жағынан – қосымша білімнің бөлігі.
Қосымша білім беру тұлғаның нақты жас кезеңі жағдайындағы ерекшеліктеріне байланысты білім берудің әр деңгейі үшін өзінің мазмұнды модулін ұсына алады:
– мектепке дейінгі білім деңгейінде – мектепалды даярлық;
– бастауыш білім деңгейінде – білім алушылардың көзқарастарын меңгеруге көмек: түрлі оқу қауымдастықтарына қосу;
– негізгі орта білім деңгейінде – тұлғаның өзін-өзі анықтау процесін қолдау: түрлі қызмет салаларындағы маңызды спекторды кеңейту және оларды шешу тәжірибелерін алу;
– жалпы орта білім деңгейінде – білім алушылардың өзін-өзі кәсіби анықтау процесін сүйемелдеу, кәсіби бағдарлануды қамтамасыз ету.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   184




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет