Әдебиеттік оқу
Оқу пәнінің ерекшелігі – бастауыш сынып білім алушыларының ауызша және жазбаша тілін дамытуды, яғни сөздік қорын байытуды, байланыстыра және грамматикалық тұрғыдан жүйелі сөйлеуге үйретуді, сөйлеу мәдениетін қалыптастыруды көздейді. Ұлттық тәрбие, рухани-мәдени құндылықтар, ана тілі және қазақ халқының салт-дәстүрлері негізінде сусындаған жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал етеді.
«Әдебиеттік оқу» пәнін оқытудың ерекшелігі – дұрыс, мәнерлеп және шапшаң оқуды меңгерту, білім алушыны шығарма авторының көзқарасын түсінуге жетелеу және мәтінді қабылдаушы оқырман ретінде тәрбиелеу, көркем- шығармашылық және танымдық қабілеттерін дамыту, сөз өнеріне деген қызығушылығы мен эстетикалық талғамын қалыптастыру, сөйлеу әрекетінің барлық түрін жетілдіру, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылық пен рухани-адамгершілік тәрбие беру.
«Әдебиеттік оқу» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі 4-сыныптарда аптасына 4 сағаттан, оқу жылында 136 сағатты құрайды.
Қорытынды тексеруді ұйымдастыру және оқыту нәтижелерін бағалау үшін әртүрлі тапсырмалар қолданылады:
кешенді әртүрлі деңгейлі жұмыстар (ағымдағы тексеруүшін);
әдебиеттік диктанттар (әдеби білімін және сауаттылығын тексеру үшін);
өтілген шығарма, тақырып, бөлім бойынша тесттапсырмалары;
дауыстап және іштей оқу дағдыларын жаппай тексеруге арналған сұрақтары мен тапсырмалары бармәтіндер (функционалдық сауаттылықты қалыптастыру);
оқу әрекеттерінің қалыптасуын тексеруге арналған диагностикалық тапсырмалар және тесттапсырмалары;
дауыстап оқу дағдысын жеке тексеруге арналған мәтіндер мен тапсырмалар (әр жартыжылдықсоңында);
іштей оқу дағдысын тексеруге арналған мәтіндер мен тапсырмалар (4-сыныптыңсоңында);
оқырмандық біліктерінің және білімділігінің деңгейін тексеру бойынша кешенді әртүрлі деңгейлі қорытынды жұмыстар (әр жартыжылдықсоңында);
Қорытынды тестілерәр жартыжылдықтың соңында өткізіледі.
Бағаның төмендеуіне әсер ететін қателер мен кемшіліктердің жіктелуі.
Қателер:қате оқу (әріптердің орнын ауыстыру, алмастыру, сөздерді, әріптерді тастап кету, сөздерді, буындарды, әріптерді қосып оқу);мәтінді толығымен мағыналық кідіріс жасамайоқу;дауыстап оқығанда, сөздің айтылу ырғағы мен анықтығынбұзу;белгіленген оқу уақытында оқылған мәтіннің жалпы мағынасын түсінбеу;мәтін мазмұнына сай сұрақтарға жауап бере алмау, оқылғаннан негізгі ойды бөліп көрсете алмау, оқылған мәтіннен негізгі мазмұнды түсінгенін білдіретін мәтіндегі сөздер және сөйлемдерді табаалмау;мазмұнын айтуда шығарма оқиғасының бірізділігінбұзу;жатқа айтуға дайындалған мәтінді шала білу; бірсарынды оқу; мәнерлеп оқиалмау.
Кемшіліктер:дауыстап оқуда мағыналық кідіріс, ырғақ пен сөздердің айтылу анықтығының шамалыбұзылуы;оқылған мәтінді белгіленгеннен көбірек уақыттатүсінуі;шығарманың негізгі ойын тұжырымдаудағыдәлсіздік;мәнерлеп оқуды мақсатты қолдана алмауы, кейіпкердің мінезін көрсетуде мәнерлеудіңжеткіліксіздігі.
4-сыныптағы бағалау нормалары:
Білім алушыға «5» деген баға әдеби сөздерді оқудың барлық негізгі нормаларын сақтай отырып, жылдам, түсініп, саналы, дұрыс оқыған; дұрыс ойын дауыс ырғағы арқылы жеткізіп, мәтінді толық, қысқаша және таңдап айтып беретін; өздігінен қарапайым жоспарларды құратын, оқыған мәтіннің негізгі ойын анықтай алатын; белгілі тақырыпқа сай (табиғат, оқиға, кейіпкерлер туралы) әңгіме құрастыра алатын; өлеңді жатқа мәнерлеп айтатын жағдайдақойылады.
Білім алушыға «4» деген баға мәтінді түсіне отырып, жылдам әрі мәнерлі оқыған, кідірістер мен логикалық екпінді дұрыс қолдана алған, оқығанда және кідірістер мен логикалық екпінді анықтағанда 1-2 қате жіберген, мәтінге сай жоспар құрастыра алған, мәтін мазмұнын толық айтқан; өздігінен мәтіннің негізгі ойын анықтай алған, өлең мәтінін мәнерлеп жатқа айтқан, бірақ шамалы дәлсіздіктер жіберілген жағдайда қойылады.
Білім алушыға «3» деген баға саналы түрде және бірсарынды оқыған, жеткіліксіз мәнерлеп оқитын, оқуда 3-тен 5-ке дейін қате жіберген; мәтін мазмұнын толық және қысқаша жеткізетін, мұғалімнің жетелеуші сұрақтары арқылы жоспар құрастыра алатын, мәтінді жатқа айту барысында жіберілген қателерді мұғалімнің көмегімен түзететін жағдайда қойылады.
Білім алушыға «2» деген баға жеке сөздерді толық оқыған, көп мөлшерде сөздерді және буындарды ауыстырып, тастап кету қателіктерін жіберген, мәтін мазмұнын жетік меңгермеген, сөздерді толық оқи алмаған, 6 және одан да көп қате жіберген (ІІ жартыжылдықта), мәтіннің мазмұнын тікелей, қысқаша және өз қалауынша айта алмайтын, мұғалімнің жетелеуші сұрақтары арқылы өздігімен жоспар құра алмайтын, жатқа айту барысында өлеңді толық жеткізе алмаған жағдайда қойылады.
Сабақ барысында оқу үшін баға білім алушының ауызша жауабы мен өз бетімен оқуы негізінде қойылады.
Білім алушылардың үйде оқуын бағалауда алдын ала дайындықсыз оқуға қарағанда жоғарырақ талаптар қойылады.
Мерекелік және демалыс күндерінде үй тапсырмасы ретінде жалпы даму үшін көркем, қосымша әдебиеттерді оқуға беруге болады.
Оқу дағдысын қорытынды тексеру жылына үш рет: кіріс бақылау, Іжәне ІІ жартыжылдықтың соңында жүргізіледі.
13-кесте – Оқу техникасының нормасы (минутына оқылатын сөздер саны)
Тоқсан
|
Сөздер саны
|
І
|
75 және одан артық сөз
|
ІІ
|
80 және одан артық сөз
|
ІІІ
|
85 және одан артық сөз
|
ІҮ
|
90 және одан артық сөз
|
14-кесте – Жартыжылдықтар бойынша оқу техникасын бағалау нормасы
Бағасы
|
Сөздер саны
|
І жартыжылдық
|
ІІ жартыжылдық
|
«5»
|
80 сөз және одан артық
|
90 сөз және одан артық
|
«4»
|
75-79 сөз
|
85-89 сөз
|
«3»
|
69-74 сөз
|
79-84 сөз
|
«2»
|
69 сөзден кем
|
79 сөзден кем
|
Ескерту: шылау, одағай, еліктеусөздер, қоссөздержекесөзретіндесаналады.
4-сыныптың білім алушылары 12-14 өлеңді; прозалық шығармалардан2-3 аяқталған үзіндіні жатқа оқиды.
Достарыңызбен бөлісу: |