Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ» БІЛІМ САЛАСЫ



бет34/184
Дата07.02.2022
өлшемі4,48 Mb.
#89342
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   184
Байланысты:
О у жылында аза стан республикасыны жалпы орта білім беретін м

«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ» БІЛІМ САЛАСЫ


Дүниетану
Оқу пәні білім алушылардың бойында адамды қоршаған табиғи және әлеуметтік орта туралы білім жүйесін, қоршаған әлемнің «адам – қоғам – табиғат» үш құраушысы арасындағы өзара байланыстары мен өзара тәуелділігі туралы түсінік қалыптастыруға, заттар мен құбылыстардың мағынасын өздігінен аша білу, қандай да бір шешімдер жасай білуін дамытуға бағытталған.
Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты құрайды.
«Дүниетану» пәнін оқу барысында бастауыш мектеп білім алушылары биология, экология, география пәндерінің қарапайым ұғымдарымен танысады. «Дүниетану» пәнінің сабақтарында мұғалімге зілзалалардың, экологиялық апаттардың қауіп-қатері жағдайында қауіпсіз іс-әрекет ету мәселелерін талқылау ұсынылады.
Пән бойынша білім мен дағдыларды бақылау мен бағалау үшін ауызша тексеру, бақылау, жазбаша жұмыстар (мысалы, тест, диктант), сондай-ақ өздігінен карталармен, құралдармен, үлгілермен, аспаптармен, зертханалық құрал-жабдықтармен практикалық жұмыстар қолданылады.
Экскурсия жүргізу оқытудың бір түрі болып табылады. Экскурсияларда білім алушылар көптеген теориялық білімдерін практикада тексереді және жергілікті жерде бағдарлану, бақылау, салыстыру, ағзалардың бір-бірімен,табиғат құбылыстарымен, қоршаған ортаның жағдайларымен өзара байланысына мысалдар табу дағдыларын үйренеді. Сабақтың тақырыбына және жергілікті жерген сәйкес (жаңа тақырыпты меңгергенге дейін немесе кейін) экскурсия жүргізу ұсынылады.
Жергілікті жерлерге байланысты экскурсиялар өткізу:
1) мұражайлар;
2) ауыл-аймақтың маңайы;
3) пайдалы қазбаларды шығаратын не қайта өңдейтін орындар не кәсіпорындар;
4) саябақтар, хайуанаттар бақтары;
5) өнеркәсіптік, өндірістік немесе ауыл шаруашылығы кәсіпорындары.
Білім алушылардың жүйелі талдау, зерттеу дағдыларын қалыптастыру үшін «Бақылау күнделігінде» ұсынылаған тапсырмаларды жүйелі түрде орындау керек.
Кеңістік, географиялық заңдылықтар туралы түсініктерді дамыту үшін карталар (физикалық және әкімшілік картасы, контурлы карталар, тарихи карталар, жартышар карталары) және глобус қолданылады.
Олармен жұмыс жаңа тақырыпты түсіну, өткен материалды қайталау, үй тапсырмасын тексеру кезінде жүргізіледі.
Жұмыс кезінде мұғалім қадағалауымен білім алушылар таяқшаны дұрыс қолдана білуі керек. Өзен, көл, қала, мемлекет атауларын картадан дұрыс көрсете білуі қажет.

19-кесте – Пән бойынша бағалау нормалары





Бағалар

Бағалаудың сипаттамасы

5

Білім алушы оқу материалын объектілер мен табиғат құбылыстарының арасындағы байланысты анықтап,табиғатқа жасаған бақылауларын қолдана отырып, жүйелі де логикалық түрде баяндаса (бағдарлама көлемінде), тәжірибелік жұмыстарды дұрыс орындап және қойылған сұрақтарға толық жауап берген жағдайда қойылады.

4

Білім алушының жауабы, негізінде, «5» деген бағаның талаптарына сай болғанда, бірақ білім алушы нақты материалды баяндауда, кейбір практикалық жұмыстарды қолдануда жекелеген дәлсіздіктер жібергенде, қойылады. Осы кемшіліктердің барлығын мұғалім көрсеткеннен кейін білім алушының өзі оңай түзетеді.

3

Білім алушы оқу материалының негізгі мазмұнын меңгеріп, бірақ нақты қателер жіберсе, табиғаттағы құбылыстарды өзінің бақылау нәтижелерін қолдана алмаса, бағдарламада қарастырылған табиғаттағы құбылыстар мен нысандар арасындағы байланысты орнатуда, практикалық жұмыстарды орындауда қиналса, бірақ мұғалімнің көмегімен аталған кемшіліктерін түзете алса қойылады.

2

Білім алушы бағдарламалық материалдың көп бөлігін меңгермесе, мұғалімнің көмегімен де практикалық жұмыстарды орындай алмаса қойылады.



Бағаны төмендетуге әсер ететін қателер мен кемшіліктердің жіктелуі.
Қателер:
- ұғымды дұрыс анықтай алмауы, ұғымның маңызды сипаттамаларын маңызды емес сипаттамаларымен ауыстыру;
- маңызды болып табылатын жағдайларда объектіні (құбылыстарды) сипаттауда бірізділіктің бұзылуы;
- қандай да бір зерделенген құбылыстардың өту жағдайының, заңдылықтарының, себептерінің (әңгіме-талқылауда) дұрыс ашылмауы;
- объектілерді олардың айтарлықтай белгілер бойынша топқа бөліп жіктеп салыстырудағы қателіктер;
- нақты материалды білмеу, айтылған ұсынысты дәлелдейтін мысалдарды өздігінен келтіре алмау;
- суретті, сызбаны орындай алмауы, кестені дұрыс толтыра алмауы;өзінің жауабын сурет, сызбамен, иллюстрациялық материалдармен дәлелдей алмау;
- қате нәтижеге әкелетін тәжірибе жасаудағы қателіктер;
- картаға және жоспарға бағдарлана білмеу, зерделенген объектілерді (табиғи-тарихи) дұрыс көрсетудегі қиындық.
Кемшіліктері:
- объектінің маңызды емес белгілерін сипаттаукезінде басымдық беру;
- жұмыстың нәтижесіне кері әсерін тигізбейтін сурет, схема, кестелерді орындаудағы олқылықтар: білгілер мен жазулардың болмауы;
- қате нәтижеге әкелмейтін тәжірибе жүргізу кезінде операциялардың ретінің жекелеп бұзылуы;
- құралды анықтап белгілеудегі дәлсіздіктер, оны қолдану жетекші сұрақтан кейін жүзеге асырылса;
- картадан объектіні табу барысындағы олқылықтар.
Пән бойынша жазбаша білімін тексеруде білім алушылардың жазбаша сөз мүмкіндіктерінің жеткіліксіздігіне байланысты толық жазбаша жауапты талап етпейтін бақылау жұмыстары қолданылады. Жеке карточка-тапсырмалармен жұмыстың да маңызы зор: балалар кестені толтырады, сызбаларды, диаграммаларды салады немесе толықтырады, дұрыс күнін таңдайды және т.б.

20-кесте – Тексеру және бақылау жұмыстарының саны





Тоқсан

Тексеру
жұмыстары

Бақылау
жұмыстары

І

1

1

ІІ

1

1

ІІІ

1

1

ІҮ

1

1

Тестік тапсырмалардың төмендегідей түрлерін пайдалану орынды: қатені іздеу; дұрыс жауапты таңдау; айтылған ойды жалғастыру немесе түзету.Тест орташа қиындықтағы тапсырмаларды қамтиды.


Тест жұмыстарын орындау үшін білім алушыларды алдын ала дайындау қажет. Ол үшін алдыңғы сабақтардың бірінің соңында 10-15 минут уақыт бөлу керек. Өтілетін тест тапсырмаларына ұқсас 1-2 тапсырманы тақтаға жазып немесе іліп, оны білім алушылармен бірге орындау ұсынылады.

21-кесте – Тест тапсырмаларын бағалау нормалары





Базалық деңгей

0-60%

60-77%

77-90%

90-100%

Баға «2»

Баға «3»

Баға «4»

Баға «5»





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   184




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет