Н азар аударыңыздар!
2019-2020 оқу жылында оқу жүктемесі төмендетілген Үлгілік оқу жоспарларымен білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру мектептердің таңдауы бойынша жүзеге асырылады. 2019-2020 оқу жылында оқу жүктемесі төмендетілген Үлгілік оқу жоспарларына жан басына шаққандағы қаржыландыру енгізілетін жеке білім беру ұйымдары мен мектептер көшеді.
Сонымен қатар, еліміздің барлық білім беру ұйымдары, соның ішінде гимназиялар/лицейлер де ҮОЖ-ны таңдауға құқылы. ҮОЖ педагогикалық ұжымның, білім алушылардың, ата-аналар комитетінің, Қамқоршылық кеңестің пікірлерін ескере отырып таңдалады.
Достарыңызбен бөлісу: |