жаңартылған білім мазмұны жағдайында әдістемелік қызметті ұйымдастыру Әдістемелік қызмет педагогтің кәсіби әлеуетін дамытуға бағытталатын педагогикалық шаралардың тұтас жүйесі. Педагогикалық ғылымның жетістіктері, озық педагогикалық тәжірибе және болып жатқан педагогикалық үдерістерді талдау, әдістемелік қызметтің негізін құрайды.
Жаңартылған білім беру жағдайында әдістемелік кабинеттердің рөлі мен орны өзгерді. Білім беру жүйесін жаһандық реформалау, жетекші білім беру құндылықтарының «жолсерігі» болып табылатын және ұстаздар қауымына жеткізе алатын, жоғары кәсіби әдіскерлерге қажеттілігін анықтады. Озық кәсіби қызмет, педагогикалық кадрлардың кәсіби дамудағы әлеуетті қажеттіліктерін анықтау және қанағаттандыру сонымен қатар жағдай жасау әдістемелік қызмет үшін басым болып табылады. Әдістемелік қызмет әдістемелік қызметті таңдау құқығын қамтамасыз етуге, педагогтың жеке білім беру бағытын іске асыруға мүмкіндік беруге ұмтылуға демек – серпінді жаңартуға бағытталған.