Қазақ әдебиеті (оқыту қазақ тіліндегі сыныптар үшін)
11-сыныптағы оқу процесінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 03 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген (ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 393бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген):
жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптары үшін «Қазақ әдебиеті» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы;
жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптары үшін «Қазақ әдебиеті» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы қолданылады.
Пән бойынша оқу жүктемесі:
қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша:
11-сыныпта аптасына 3 сағаттан, барлығы – 102 сағатты құрайды.
жаратылыстану-математика бағыты бойынша:
11-сыныпта аптасына 2 сағаттан, барлығы – 68 сағатты құрайды.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 16 қарашадағы № 660 бұйрығына сәйкес 2016-2017 оқу жылынан бастап мектеп бітірушілер үшін жоғары оқу орындарына түсу емтиханы болып табылатын Ұлттық бірыңғай тестілеудің (бұдан әрі – ҰБТ) жаңа форматы енгізілді. Қорытынды аттестаттау – жалпы орта білім беру ұйымдарында өткізілетін 11 (12) - сынып білім алушыларына арналған мемлекеттік бітіру емтиханы. 11 (12) сынып білім алушылары қорытынды аттестаттауда ана тілі және әдебиетінен (оқыту тілі) эссе нысанында жазбаша емтихан тапсырады.
Ұлттық тестілеу орталығы (testcenter.kz) қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен эссе жазу туралы мұғалімдер мен оқушыларға көмекші құрал ретінде әдістемелік ұсынымдама әзірледі. Әдістемелік ұсынымдамада эссе термині, түрлері, құрылымы, ерекшелігі, талаптары және оның шығармадан айырмашылығы жөнінде түсінік берілген. Сонымен қатар, эссе тақырыптары, оны бағалау критерийлері және эссе жазу үлгісі ұсынылды.
5-кесте – 11-сыныпқа ұсынылатын жазба жұмыстары (эссе) мен сыныптан тыс оқудың саны
Сынып
|
Жазба, сыныптан тыс оқу жұмыстарының түрлері
|
Оқу тоқсандары
|
Барлығы
|
І
|
ІІ
|
ІІІ
|
ІҮ
|
Қоғамдық-гуманитарлық бағыт
|
11
|
Эссе
|
3
|
3
|
3
|
3
|
12
|
|
Сыныптан тыс оқу
|
1
|
1
|
1
|
1
|
4
|
|
Барлығы:
|
4
|
4
|
4
|
4
|
16
|
Жаратылыстану-математикалық бағыт
|
11
|
Эссе
|
2
|
2
|
2
|
2
|
8
|
|
Сыныптан тыс оқу
|
1
|
1
|
|
|
2
|
|
Барлығы:
|
3
|
3
|
2
|
2
|
10
|
6-кесте – Эссе көлемі
Сынып
|
Көлемі
|
11
|
250-300 сөз
|
7-кесте – Эссе мен шығарманың айырмашылығы
Эссе
|
Шығарма
|
Эссе дегеніміз (фр. тіл. essai - тәжірбие, лат.т. exagium – құрау )
– философиялық, әдеби, тарихи, публицистикалық, әлеуметтану, саяси және тағы басқа саладағы ғылыми емес, автордың жеке көзқарасын білдіретін прозалық мәтін.
|
Шығарма – оқушының туған халқының әдебиетінен алған білімін өз ойымен, дүниетанымдық көзқарасымен еркін ұштастыра отырып баяндайтын шығармашылық төл еңбегі. Оқушыдан көркем шығарманы өзіндік ой-пікірі, көзқарасы тұрғысында терең талдап пайымдауы, әсерлі, көркем тілмен жүйелі баяндауы талапетіледі.
|
Эссе– еркін композициялық құрылымға негізделген немесе көркем-публицистикалық жанрдың бір түрі
|
Шығарма – белгілі бір берілген тақырыпқа арналған, міндетті құрылымнан тұратын, тек пәндік білімге бағытталған шығармашылық жұмыс.
|
Эссе қатаң түрде жоспарға негізделуі міндетті емес.
|
Шығармада жоспарды жазу міндетті.
|
Эссе жеке көзқарас, сараптама, дәлелдемелерге негізделеді.
|
Шығарма формасы оның түріне байланысты, көбінесе көркем мәтінді талдауға негізделеді.
|
Эссенің мақсаты – эссе жазушының өзіндік көзқарасын, сыни ойын жетілдіру, ұстанымын дәлелді бекіту үшін жан-жақты білім алып, ақпараттық қарулану, тақырыпты ашуда метатанымдық білігін тиімді қолдану, шығармашылық қабілетін шыңдау, ой жүйелілігін реттеу, жазу түрлеріне қарай жазу тәсілдерін таңдай біліп, эссе түріне қарай жазу стилін сақтау, ой жүйесінің бірізділігін сақтауда сөз оралымдарын тиімді қолдану, шығармашыл жазбаларда сөздік қорының байлығын дамыту, талдау жұмыстарында қажетті термин сөздерді тиімді қолдану.
сөздік қорының байлығын дамыту, талдау жұмыстарында қажетті термин сөздерді тиімді қолдану.
|
Шығарманың мақсаты – жазылым тілін дамыту, логикалық ойлауды дамыту, шығармашылык, қиялды, нақты нәрсені еркін, қызықты түрде беруге ұластыру, әдебиетті іштей түсіне отырып, оның мәні мен құдіретті орнын өз дүниесінде көркемдеп бере алу.
|
8-кесте – Эссе мазмұнын бағалау өлшемшарттары
Достарыңызбен бөлісу: |