Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



бет75/136
Дата07.02.2022
өлшемі0,88 Mb.
#96630
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   136
Байланысты:
Әдістемелік нұсқау хат 2019-2020

«Орман тыңшылары» ойыны
Балалар орманда болған төтенше оқиғаларды, табиғаттағы кез келген өзгерісті (ағаштардың кесілуі, сүйікті алаңындағы көп гүлдердің жұлынуы, бұлақтың ластануы) зерттеп, тексеру жүргізеді.

- оқиғалар тізбегін құра алады;
- өз тұжырымдарын жасай алады;
- табиғатты қорғау туралы біледі

5

«Құстар асханасы»
Жобаның мақсаты –мектеп немесе үйдің ауласындақұстардың тұрақты «асханасын» жасау және ұйымдастыру. Жобаның бірінші кезеңі – құстарғаарналған үйшіктерді дайындау бойынша әдебиеттерді зерделеу, тәжірибе алмасу, жем жинау. Жобаның екінші кезеңі – дайындалған үйшіктердің көрмесі.Жобаның үшінші кезеңі– «асхананың» салтанатты ашылуы (презентация)

- құстардың үйшігітуралы ақпаратпен жұмыс жасай алады;
- үйшікті жасайалады;
- үйшікті таныстыра біледі

6

«Мен өзенді қорғаймын» экологиялық міндеті
Төменгі жағын үнемі су шайып жататын жарды немесе жағалауды қалай бекітуге болатыны туралы ұсыныстарыңызды айтып көріңіз.

- өзенді құтқару үшін өсімдіктер тамырының
пайдаланылатынын біледі;
- өсімдіктің белгілі бір түрін (тамырымықты өсімдіктер) пайдалану керектігін дәлелдей алады;
- қандай өсімдіктіңсол жерде жақсы жерсінетінін біледі;
- өз жауабын түсіндіре біледі

7

«Жасыл досқа» хат
Мұғалім білім алушыларды белгілі бір жағдаятпен таныстырады. Балаларға хат жазуды, мысалы, ағашқа хат жазуды ұсынады. Жұмыс шағын шығарма түрінде (ойын элементтерінің болғаны жақсы) жүргізілуі мүмкін: конверткехат салынып, суреттермен толтырылады, мекенжайы толтырылады.

- қандай да бір жағдаятқа ене алады;
- хат жаза біледі

8

«Экологиялық мамандық»коллажы
Жобаның бірінші кезеңі – экологиялық мамандықтар деп санауға болатын мамандық түрлері (орман шаруашылығының, қорықтардың қызметкерлері, экологиялық қызмет, көгалдандыру қызметкерлері, хайуанаттар бағының қызметкерлері, дәрігер, жүргізуші, ғарышкер, аула тазалаушы, бағбан, зертханашы және т. б.)туралы білу. Балалар осы мамандықтар туралы материал жинайды. Жобаның екінші кезеңі мамандықты қорғау болып табылады. Бұл кезде білім алушыларосы мамандықтар туралы әңгімелейді, фактілер келтіреді, суреттер, плакаттар, фотосуреттер көрсетеді, сюжеттерді ойнап көрсетеді.

- экологиялық мамандықтар туралы ақпарат жинай алады;
- осы мамандықтыңтаныстырылымын жасай біледі

9

Табиғаттың «Шағым кітабы».
Білімалушылар «Шағым кітабына» туған өлкесінің аумағында өсетін өсімдіктер мен тіршілік ететін жануарлардан келіп түсетіншағымдарды жазады.
Жобаның бірінші кезеңі – қоршаған ортаның (жануарлар, өсімдіктер)жағдайын бақылау мақсатында экскурсия жасау, қосымша ғылыми әдебиеттерді зерделеу.
Жобаның екінші кезеңі – өсімдіктер мен жануарлар атынан шағымдарды сипаттау әңгімесін жазу.
Түскен шағымдарды талқылау және оларға жауап беру.
Үшінші кезең – материалдарды безендіру, балалардың шығармашылық жұмыстары мен суреттері орналастырылған кітап жасау.

- экскурсияда көргендерін салыстыра біледі;
- қосымша әдебиеттермен жұмыс жасай алады;
- өсімдіктер мен жануарлар атынанәңгіме жаза алады;
- өзінің шағын кітапшасын жасай алады

10

Экологиялық жағдаят
Жерге тасталынған банан қабығыбіздің климатта шамамен2 жылда ыдырайды.
Пластикалық пакет шамамен 96 жылға ұзағырақ уақыттаыдырайды. Пакеттің ыдырауына, шіруіне неше жыл қажет?

- пакеттіңшіруіне неше жыл қажет екенін біледі;
- табиғатты қорғау жөніндебіледі



Пән бойынша жиынтық бағалау бөлім бойынша (БЖБ) және тоқсан бойынша (ТЖБ) жиынтық бағалау рәсімдерінің нақты саны әр тоқсанда 1 рет өткізіледі. 1-сыныпта пән бойынша жиынтық бағалау үшінші тоқсанда өткізіледі. Төменде бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны (35-кесте).

35-кесте – «Дүниетану» оқу пәні бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны





Сынып

Жиынтық бағалау рәсімдері

І тоқсандағы ЖБ саны

ІІ тоқсандағы ЖБ саны

ІІІ тоқсандағы ЖБ саны

ІV тоқсандағы ЖБ саны

1-сынып

-

-

2

2

2-сынып

2

2

2

2

3-сынып

2

2

2

2

4-сынып

2

2

2

2

«Дүниетану» оқу пәнін оқу барысында 4-сыныпта кіші мектеп жасындағы білім алушыларға жақын және түсінікті («Адам және оның отбасы», «Біздің мектеп», «Мемлекет және қоғам», «Салауатты өмір салты» және т.б.) «адам және қоғам» саласы бойынша бірқатар сұрақтарды енгізу ұсынылады. Оқу материалының мазмұны мұғалім мен білім алушының сабақтағы қызметін шектемейді, ал қарым-қатынастың түрлі формаларын қарастырады: пікірмен оқу, қайта жазу, сұрақтарға жауап беру, рөлдік ойындар. Осының барлығы дәстүрлі және дәстүрлі емес әдістерді пайдалануға мүмкіндік береді және білім алушылар мен шығармашыл ұстаздардан үлкен өзіндік жұмысты талап етеді. Оқу пәнін оқу кезінде тарихтан алынған материалдарды пайдалана отырып, рөлдік және іскерлік ойындар өткізу ұсынылады.


Сондай-ақ сандық білім беру ресурстарын пайдалану ұсынылады. Сандық білім беру ресурстары жиынтығында шартты түрде келесі блоктарды бөлуге болады:

  1. интерактивті компоненттер – сұрақтар мен тапсырмалар, бақылау және өзіндік жұмыстар, интерактивті модельдер мен анимациялар;

  2. демографика - иллюстрациялар, анимациялар, бейнеклиптер;

  3. мәтіндер - мәтіннің параграфтары, дыбыс мәтіндері, ғалымдардың өмірбаяндары, кестелер;

  4. мұғалім үшін материалдар-презентациялар және сабақтар.

  5. Интерактивті компоненттер

БОР өзара байланысты оқу объектілерінің жиынтығы болып табылады:

  • символдық нысандар (белгілер, таңбалар, мәтіндер, графиктер);

  • бейнелі Нысандар (фото, суреттер);

  • аудио ақпарат (ауызша мәтіндер, диалогтар, музыка);

  • бейне Нысандар (анимациялар, модельдер, бейнесюжеттер);

  • «виртуалды шындық» нысандары (тренажерлер, интерактивті модельдер, конструкторлар).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   136




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет