Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


«Шетел тілі/Ағылшын тілі» бойынша қорытынды аттестаттау



бет94/136
Дата07.02.2022
өлшемі0,88 Mb.
#96630
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   136
Байланысты:
Әдістемелік нұсқау хат 2019-2020

«Шетел тілі/Ағылшын тілі» бойынша қорытынды аттестаттау
Қорытынды аттестаттау білім беру стандарты мен оқу бағдарламасында белгіленген талаптар шегінде білім алушыларда оқылатын шетел тілінің практикалық меңгеру деңгейін бағалауға арналған. Білім алушыларды қорытынды аттестаттау объектісі коммуникативтік құзыреттілікті меңгеру болып табылады. Қорытынды аттестаттаудың мақсаты білім алушылардың негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес пән бойынша оқу бағдарламасының көлемін меңгеру дәрежесін анықтау болып табылады.
Қорытынды аттестаттау «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 Бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі қағидалары, сонымен қатар Қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру мен өткізу бойынша Нұсқаулыққа сәйкес өткізіледі.
2019-2020 оқу жылында Шетел тілі мұғалімдерімен әдістемелік жұмысты жоспарлау кезінде педагогикалық қызметкерлердің мүдделері мен сұраныстарын, олардың кәсіби шеберлігі мен дағдыларын ескеру қажет.
Шетел тілі мұғалімдерінің тамыздағы пәндік секцияларында төмендегі сұрақтарды талқылау ұсынылады:
1. Негізгі орта мектепте жаңартылған білім мазмұны аясында шетел тілін оқытудың ерекшеліктері.
2. Білім мазмұнын жаңарту жағдайында шетел тілі пәнінен әдістемелік бірлестіктердің жұмысын жоспарлаудың ерекшеліктері.
3. 2019-2020 оқу жылында шетел тілін оқытуда мұғалімдердің тәжірибе алмасуы мен семинарларын жоспарлау.
Жаңа оқу жылында шетел тілі мұғалімдерінің әдістемелік бірлестік отырыстарында төмендегі сұрақтарды қарастыру ұсынылады:
- шетел тілі бойынша білім беру процесін ұйымдастыруда заманауи тәсілдерді іске асыру;
- қалыптастырушы бағалауды өткізу;
- шетел тілін оқытуда шығармашылық бастамаларды енгізу және сабақтан тыс қызметті ұйымдастыру;
- шетел тілі пәні бойынша бітіруші сыныптарды қорытынды аттестаттауға дайындау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   136




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет