Бағдарлама бөлімдері
|
Бағдарлама бөлімдері
|
Оқу тоқсандары. Сағаттар саны
|
1
1
|
2
|
3
|
4
|
Σ
|
Базалық
|
1. Жеңіл атлетика
|
7
|
-
|
-
|
7
|
14
|
2. Спорт ойындары
|
15
|
8
|
15
|
7
|
45
|
Футбол
|
8
|
-
|
-
|
7
|
15
|
Баскетбол
|
-
|
8
|
7
|
-
|
15
|
Волейбол
|
7
|
-
|
8
|
-
|
15
|
3. Гимнастика
|
-
|
9
|
-
|
-
|
9
|
4. Шаңғы дайындығы*
|
-
|
-
|
10
|
-
|
10
|
5. Жүзу**
|
-
|
-
|
-
|
6
|
6
|
Базалық компонент бойынша сағаттар саны:
|
22
|
17
|
25
|
20
|
84
|
Вариативті
|
Вариативті бөлім нақты спорттық ойындарды тереңдетіп оқытуда білім беру ұйымдары футболды, волейболды, немесе баскетболды таңдауы арқылы жүзеге асырылады
|
4
|
5
|
5
|
4
|
18
|
Оқу жылы бойынша сағаттар саны:
|
26
|
22
|
30
|
24
|
102
|
Ескерту:
*– Қарсыз аудандарда шаңғы дайындығы сабақтарының орнына жалпы төзімділікті дамытуға сауықтыру жүгіру сабақтары мен басқа да аэробты жүктеме жаттығуларын қолдану ұсынылады.
**– Жүзу сабағын өткізу мүмкін болмаған жағдайда, бағдарламаның жүзу бөлімін іске асыруға арналған уақытты спорттық дағдыларын жетілдіру үшін, мектептің педагогикалық кеңесінің шешімімен оның орнына дене шынықтырудың спорттық ойын түрлерін қолдану ұсынылады.
«Дене шынықтыру» пәні бойынша жиынтық бағалау өткізілмейді. «Дене шынықтыру» пәні бойынша тоқсан, жарты жылының және оқу жылының соңында «есептелінді» («есептелінген жоқ») деген белгі жазылады.
Сабақтың, сабақтан тыс және сыныптан тыс іс-шаралардың тәрбиелік мақсатын «Мәңгілік Ел» идеясымен ұштастырып жүзеге асыру ұсынылады.
«Дене шынықтыру» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және жоспарлау барысында 2019-2020 оқу жылында мерекеленетін мерейтойлық шараларға көңіл бөлу ұсынылады.
«Дене шынықтыру» пәні сабақтарын ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы және Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы әдістемелік құралдар әзірлеп, орталықтың сайтына (www.nnpcfk.kz) және академия сайтына орналастырылған (nao.kz).
Дене шынықтыру пәнінің оқу жүктемесі:
10-сынып – аптасына 3 сағат, жылына барлығы – 102 сағатты құрайды.
«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық»
Алғашқы әскери және технологиялық дайындық меншік түрі мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, барлық типтегі жалпы білім беретін мектептерде әскерге шақырылуға дейінгі және әскерге шақырылу жасындағы білім алушы жастардың міндетті оқытылатын пәні болып табылады.
«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәні – білім алушыларды отаншылдық рухпен Отанды қорғауға дайын болуға тәрбиелеуге баса назар аударады. Бұл бағдарлама білім алушыларды әскери қызметтің дағдыларын меңгеруімен қоса төтенше жағдайларда адамның өмір қауіпсіздік әрекеті мен әскери іс негіздерінен білім беруге бағытталған.
Жалпы білім беретін мектептің 10-11-сыныптарында «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәні бойынша оқыту ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен, ҚР БҒМ 2017 жылғы «27» шілдедегі 207-қосымша № 352 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында алғашқы әскери және технологиялық дайындықты жастарға ұйымдастыру және өткізу үшін негіз болып табылады:
1. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңы.
2. «Бастапқы әскери даярлықты ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ оның оқу-материалдық базасын қалыптастыру қағидасы туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 606 бұйрығының күші жойылды, оны Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 12 шілдедегі № 347 бұйрығымен ауыстыру қажет (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 20 қыркүйекте № 15725 болып тіркелген).
3. «Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу, Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау, Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығы.
Алғашқы әскери және технологиялық дайындық теориялық және практикалық сабақтарда іске асырылады: теориялық сабақтарды оқытудың дидактикалық материалдарын, техникалық құралдар мен инновациялық әдістерін қолдана отырып, әңгімелесу және сұхбаттасу түрінде өткізіледі. Практикалық сабақтар оқулықты, қару және әскери-техникалық мүлікті, құралдарды және өзге де жабдықтарды қолдана отырып, оқу материалын игеруге бағытталады.
Оқу пәнінің мақсаты – білім алушыға мемлекетті қорғау негіздері туралы ойының қалыптасуын, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің арналуын және түрлері мен ерекшеліктерін түсіндіру, әскери қызметтің маңызын, Қазақстан Республикасының әр азаматының қасиетті парызы және міндетін оқыту.
Пәнді оқытудың негізгі міндеттері:
әскери анттың, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жарғыларының негізгі талаптары туралы білімін қалыптастыру;
әскери бөлімдердің қару-жарағы мен әскери техникасы, жеке құрамның өмірі мен орналасуымен таныстыру;
қажетті әскери білім мен практикалық дағдыларды ақпараттық технологияны пайдалана отырып робототехникада, дөңгелекті машиналарды жүргізудің негіздері және төтенше жағдайда адам өмірі қауіпсіздігі негіздерінде қалыптастыру;
жастарға қазақстандық патриотизм мен Отанына деген адалдық сезімін дарытуға тәрбиелеу;
әскери істерге байланысты мамандық кәсібіне оң көз-қараста тәрбиелеу.
Білім алушылардың практикалық дағдылары мен біліктіліктерін шыңдау және жетілдіру, сонымен қатар әскери істі оқып-үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында оқу жылының соңында спорттық-қорғаныс сауықтыру лагерьлерінде, әскери бөлім базаларында (әскери бөлім басшылығымен келісе отырып) 10-сынып ұлдарымен 30 сағат көлеміндегі бес күндік оқу-далалық (лагерьлік) жиыны өткізіледі.
Оқу-дала жиыны курсы алғашқы әскери және технологиялық дайындық бағдарламасының міндетті кезеңі болып табылады. Ол жергілікті атқару органдарымен бірлесіп ұйымдастырылады және білім беру ұйымдарының оқу сағаттарымен қамтамасыз етіледі.
«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнінің оқу нәтижелерін бағалау үшін ауызша сұрақ қою, жазба жұмыстың және практикалық жаттығулар бақылауын қолдану арқылы жүзеге асырады.
«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнінің базалық мазмұны. 10-сынып.
«Кіріспе сабағы» бөлімі: білім алушыларға «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәніне оқыту мақсат-міндеттері мен мазмұнын; «Қазақстан Республикасының қорғаныс және Қарулы Күштер туралы», «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы», «Ұлттық қауіпсіздік туралы», «Азаматтық қорғану», «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, «Алғашқы әскери дайындық пәнін жүргізу және ұйымдастыру» және оның оқу-материалдық базасын қалыптастыру ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 606 бұйрығы (күші жойылды, оны Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 12 шілдедегі № 347 бұйрығымен ауыстыру қажет (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 20 қыркүйекте № 15725 болып тіркелген).
«Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу, Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау, Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығы. Алғашқы әскери және технологиялық дайындық сабағында білім алушылардың құқықтары мен міндеттерін қамтиды.
Бөлімдер:
1. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері – мемлекеттің әскери қауіпсіздігінің кепілі».
2. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа әскерлер және әскери құрылымдарының жалпыәскери жарғылары».
3. «Тактикалық дайындық».
4. «Атыс дайындығы».
5. «Саптық дайындық».
6. «Әскери топография».
7. «Әскери роботты техникалардың негіздері».
8. «Өмір қауіпсіздігі және ақпараттық технологиялар негіздері».
«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» сабағына білім алушылар білім беру ұйымының басшысының бұйрығымен бекітіліп белгіленген киім үлгісінде қатысуы тиіс. Қару макеттері және өзге де әскери-техникалық құралдармен, оқу құралдарымен қамтамасыз етілуі білім беру ұйымдарының есебінен іске асырылады.
Алғашқы әскери және технологиялық дайындық оқытушы-ұйымдастырушы әскери істі оқыту процесінде жастардың бойында азаматтық таным, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін қорғау, әскери қызметке деген саналы жауапкершілікті қалыптастыруға тәрбиелеу мен оқытудың басты міндеттерін шешеді.
Әр сабақ сайын білім алушылар әскери анттың рөлі мен маңызын түсінулеріне, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне, оның дәстүрлері мен әскер түрлерінде қызмет ету ерекшеліктеріне, әскери мамандыққа деген қызығушылықтарын дамытып, білім алушылардың әскери білім алуларына деген ұмтылыстарын ынталандыру керек. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жарғылары – бұл Қарулы Күштердің тұрмыс-тіршіліктерін реттестіретін заңдар жиынтығы, ал жарғы талаптарын орындау – әрбір әскери қызметкердің міндеті екендігін түсіндіру қажет.
«Әскери роботты техникалардың негіздері» бөлімі: Әскери роботты техникалардың негіздері – Роботтар туралы жалпы мәліметтер. Роботтарды әскери істе пайдалануды. Роботтарды басқару алгоритмі – Роботтың қозғалу траекториясын жоспарлау. Роботтар тобын ұжымдық басқару үлгісі және алгоритмдерін. Роботтарға арналған тапсырмалар – Роботтардың атқара алатын қызметтері. Жекелеген тактикалық міндеттерді шешу: жергілікті жерлерде бағдарлау, роботтардың қиын жағдайларда қызмет ету тәртібін қамтиды.
«Өмір қауіпсіздігі және ақпараттық технологиялар негіздері» бөлімінде – азаматтық қорғау және медициналық білім негіздері сабағында білім алушылар Қазақстан Республикасының халқын бейбіт және соғыс кезіндегі табиғи апаттарда, ірі апаттарда, қасірет пен террористік актіде атқарылатын іс-шаралармен таныстырады.
«Өмір қауіпсіздігінің негіздері» оқу курсының мазмұны 10-сыныпта «Алғашқы әскери дайындық» оқу курсының аясында 12 сағаттық жылдық оқу жүктемесімен алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы жүзеге асырады. Өмір қауіпсіздігінің негіздері бойынша сабақтар міндетті болып табылады және оқу процесі кезінде жүргізіледі.
Сабақтың, сабақтан тыс және сыныптан тыс іс-шаралардың тәрбиелік мақсатын «Мәңгілік Ел» идеясымен ұштастырып жүзеге асыру ұсынылады.
«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және жоспарлау барысында 2019-2020 оқу жылында мерекеленетін мерейтойлық шараларға көңіл бөлу ұсынылады.
Үлгілік оқу жоспарына сәйкес (ҚР БҒМ 2017 жылғы 27 шілдедегі №352 бұйрығы) «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
1) 10-сыныпта – аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат, сондай-ақ далалық оқу жиынына (лагерьлік) вариативті бөлімнен 30 сағат қарастырылған.
Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
Алғашқы әскери және технологиялық дайындық
Жалпы орта білім беру аяқталғанда білім алушы:
1) әскери іс, белгілеуді, ұйымдастыру құрылымын, штаттық қаруландыруды және техниканы, төменгі тактикалық буын бөлімшесінің мүмкіндіктерін, бағдарлау құралдарын қолдануды, робототехника және IT-технология негіздерін, Қазақстан Республикасының азаматтық қорғанысын ұйымдастыруды; қазіргі заманғы зақымдау құралдарын қолданғанда, террористік қауіп-қатерді және табиғи апатты хабарлау жүйесін және әрекет ету тәртібін; табиғи апаттардың сипаттарын, зақымдау ошақтарында құтқару және апаттан кейінгі қалпына келтіру жұмыстарын шұғыл ұйымдастыруды; штаттық қаруды, қорғанудың дербес және ұжымдық құралдарының, радиобелсенді және химиялық бақылау құрылғыларының атқаратын қызметін, құрылысы мен қолдану тәртібін, сондай-ақ, тұрғындарды эвакуациялауды, жергілікті жерде орналастыруды ұйымдастыру және өткізу тәртібін; алғашқы медициналық көмектің міндеттері мен түрлерін, жолда жүру ережесін біледі;
2) әскери іс, робототехника және IT-технология негіздерін, ядролық, химиялық, биологиялық (бактериологиялық) қарулардың және басқа да адамдарды зақымдаудың қазіргі заманғы құралдарының әсер ету ерекшеліктерін, оларды қолданған кезде шаруашылық нысандарына, қоршаған ортаға және экологияға тигізетін әсерін; табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың салдары мен келтіруі мүмкін экономикалық және экологиялық шығынын түсінеді;
3) орын алған әртүрлі жағдаятта ұрыс алаңында сарбаздың рөлінде, радиациялық және химиялық бақылау жүргізу бекетінің құрамында барлаушы ретінде әрекет етуді; штаттық қаруды, жеке және ұжымдық қорғану құралдарын, жараланғанда, қан кеткенде, күйік шалғанда және үсік шалғанда, күн өткенде, электрлі жарақат алғанда, суға батқанда алғашқы медициналық көмек көрсетуді; дененің түрлі бөліктері жараланғанда байлап, таңуды; дененің түрлі бөліктерінде сынықтың ашық және жабық түрі бойынша алғашқы медициналық көмек көрсетуді; интернет байланысты, аудио-визуалды технологияларды пайдаланады, робототехника дағдыларын меңгереді, сандық фото және бейне жабдықтарды қолданады;
4) зақымдаудың қазіргі заманғы құралдарын қолданғанда туындауы мүмкін тосын жағдайды; табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайдың салдарын талдайды;
5) зақымдаудың қазіргі заманғы қаруын қолданғанда туындауы мүмкін тосын жағдайда әрекет ету алгоритмін; табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдай туындағанда әрекет ету алгоритмін жинақтайды;
6) қабылданған шешімнің салдарын бағалайды.
4.4 «ЗАЙЫРЛЫЛЫҚ ЖӘНЕ ДІНТАНУ НЕГІЗДЕРІ» ФАКУЛЬТАТИВ КУРСЫ
2019-2020 оқу жылында жалпы білім беретін мектептердің 9-сыныбында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы
15 шілдедегі №281 бұйрығына сәйкес «Зайырлылық және дінтану негіздері» факультативтік курсы оқытылады.
«Зайырлылық және дінтану негіздері» факультативтік курсын міндетті түрде оқыту үшін 9-сыныпта үлгілік оқу жоспарының вариативтік компоненті есебінен аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат бөлінеді. Курсты «Зайырлылық және дінтану негіздері» курсы бойынша біліктілікті жетілдіру курсынан өткен, сертификаты бар «тарих» пәнінің мұғалімдері жүргізеді.
Осы факультативтік курс сыныптың оқу журналына жазылады.
«Зайырлылық және дінтану негіздері» курсының мәні және маңызы оның қазіргі қоғам қажеттілігі мен тұрақтылығының ғылыми тұғырнамасы ретіндегі өзектілігінен, қоғам тарихы, мәдениеті мен рухани құндылығын анықтайтын бастаулардан тұрады. «Зайырлылық және дінтану негіздері» курсы жалпы орта білім жүйесіндегі әлеуметтік-гуманитарлық және қоғамтанулық білімнің құрамдас бөлігі болып табылады.
2019/2020 оқу жылында «Зайырлылық және дінтану негіздері» курсы бойынша оқу процесін ұйымдастыруда келесі оқу бағдарламасы қолданылады:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 15 шілдедегі №281 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім беру деңгейінің 9-сыныбына арналған «Зайырлылық және дінтану негіздері» курсының оқу бағдарламасы.
Білім беру ұйымдарының жетекшілерінеосы курсты жүргізетін тарих пәні мұғалімдерінің мамандандырылуын тереңдетіп, басқа мұғалімдердің ауыстырылуына жол бермеу ұсынылады.
«Зайырлылық және дінтану негіздері» курсының оқу бағдарламасы Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының сайтында орналастырылған(https://www.nao.kz/Білім беруді оқу-әдістемелік қамтамасыз ету/ Оқу бағдарламалары./Қолданбалы курстар бойынша оқу бағдарламалары / Зайырлылық және дінтану негіздері
«Зайырлылық және дінтану негіздері» факультативтік курсын оқытудың мақсаты:
- білім алушыларды «зайырлылық» принципін құндылық, яғни мемлекет баяндылығының басты тұғыры ретінде қабылдауға, дінді зайырлы таным аясында тануға үйрету;
- діни сенім бостандығы, әлемдік және дәстүрлі діндердің, жаңа діни қозғалыстардың тарихы мен қазіргі жай-күйі, теріс пиғылды діни ағымдар мен тыйым салынған діни ұйымдар туралы білім беру;
- білім алушыларды экстремизм, терроризм және діни радикализм идеологияларын қабылдамауға үйрету, рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде толеранттылық қасиетке тәрбиелеу және олардың гуманистік дүниетанымын қалыптастыру.
«Зайырлылық және дінтану негіздері» факультативтік курсын оқытудың міндеттері:
1) білім алушыларға діннің мәні, тарихы және оның қазіргі қоғамдағы рөлі жөнінде жүйелі білім беру;
2) зайырлылықты мемлекеттілік пен тәуелсіздіктің негізі ретінде таныта отырып, осы бағытта білім беру;
3) зайырлылық тұрғысынан діни сана, діни сенім, діни таным және діни тәжірибе негіздерін салыстыра білу дағдысын қалыптастыру;
4) діннің дүниетанымдық, мәдениеттану және адамгершілік мәнін түсіндіру;
5) білім алушыларды діни сенім бостандығын құрметтеуге, толеранттылыққа баулу арқылы қазіргі қоғамдағы діни ағымдарға зайырлылық принципі негізінде баға беру дағдысын қалыптастыру;
6) Қазақстандағы этносаралық, конфессияаралық келісімді зайырлылық нәтижесі ретінде таныта отырып, білім алушылардың бойында азаматтық мінез бен жауапкершілік қасиетті тәрбиелеу;
7) экстремизм, терроризм, діни радикализм секілді жаһандық жағымсыз құбылыстардың теріс идеологияларының ұлттық қауіпсіздікке, зайырлылық принципіне, қоғам тұрақтылығына төндіретін қауіп-қатерін түсіндіре отырып, зайырлы мемлекет принципіне құрмет сезімін тәрбиелеу;
8) құқықтық сауаттылықтың қоғам өміріндегі маңызын түсіндіру, осы тұрғыдағы білімін арттыру.
Бағдарламада берілген оқу материалын меңгеру аясында «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы», «Адам. Қоғам. Құқық», «Қазақ әдебиеті» пәндерімен және «Абайтану» курстарымен пәнаралық байланыс пен сабақтастық принципін орнату қарастырылған.
«Зайырлылық және дінтану негіздері» курсының мазмұндық желісі
Бағдарламада дін тарихын, оның жекелеген бағыттары мен ағымдарын егжей-тегжейлі сипаттау міндеті қойылмайды, тек жалпы мәліметтер беріледі.
Бағдарламада діни нанымдар мен діндердің пайда болуы, нығаюы және дамуы бойынша тарихи шолумен қатар: Зайырлы мемлекет және дін, зайырлық этикасы негіздері, адамның рухани өмірі мен қоғамдағы діннің рөлі, діни бірлестіктер мен ағымдар, жаңа діни ағымдар мен дәстүрлі діни жүйелердің танымдық, психологиялық, тұрмыстық деңгейдегі қарама-қайшылықтар диллемасы тақырыптары қамтылған.
Білім алушылардың жоғары рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда Әл-Фараби, Қожа Ахмет Ясауи, Абай, Ыбырай, Шәкәрім сияқты көрнекті ағартушылар мен ойшылдардың мәдени және рухани мұраларын оқыту айрықша маңызға ие.
Деструктивті ағымдардың, тыйым салынған діни ұйымдардың, бірлестіктердің белгілері мен салдарларын танып білуіне, діни экстремизм мен терроризмнің ұлттың қауіпсіздігі үшін қатерлілігін білім алушылардың ұғынуына айрықша назар аударылған.
«Қазақстан – дінаралық бейбітшілік пен келісім елі. Қазақстан Республикасының дін туралы заңнамалары. Зайырлылық – ұлттық қауіпсіздік пен мемлекеттік жүйенің іргетасы» мазмұндық желілері курстың басты жолы болуы тиіс.
Курстың мазмұнында білім алушылардың өзіндік зерттеу әрекеттерін ұйымдастыратын шығармашылық жобалар қарастырылған. Шығармашылық жобаларда, түрлі нысандағы ұйымдастырылған өздігінен жасалынған зерттеу жұмыстары барысында діндер мазмұнындағы рухани құндылықтар мен Қазақстанның дінге қатысты саясатының мәні мен мақсатын, діни бірлестіктер мен ағымдардың қызметі, мүддесі мен мақсатын ашып көрсетеді.
Курстың мазмұнын жүйелі және толық игерген жағдайда білім алушылар өмірге қажетті Қазақстан аумағындағы діндер мен діни бірлестіктердің мақсаты мен ерекшеліктері, Қазақстан Республикасының дінге қатысты саясатының мақсаты мен мәнін түсінетін мағлұматтар мен білімді меңгереді. Сонымен, жүйелі түрде игерілген білім кез келген білім алушыға Қазақстан Республикасының толыққанды азаматы ретінде рухани толысуға, өз халқының рухани мәдениетін деструктивтік, радикалды діни бірлестіктердің зиянды әрекетінен сақтану және қорғау мүмкіндіктерін қалыптастыруға мүмкіндік алады, екінші жағынан, адамның қандай дінге жататынын анықтау, діни сана-сезім, басқа діндерге көзқарас және ізгілікті қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырады.
Бұл қурс білім алушылардың гуманистік дүниетанымға, жалпыадамзаттық құндылықтарға және толеранттыққа қайшы келетін ұстанымдар туралы ұғымдарын қалыптастырады.
Оқу процесін ұйымдастыруға әдістемелік нұсқаулық.
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу процесін келесі дидактикалық принциптерге сәйкес ұйымдастыру ұсынылады: ғылыми негізділік және қолжетімділік; жүйелілік пен сабақтастық; көрнекілік және абстрактылық; зерделілік және танымдық белсенділік; білімді меңгерудің орнықтылығы; пәнаралық және пәнішілік байланыс; табиғи сәйкестілік принципі; проблемалық принципі; саралау және даралау; оқу тапсырмалары деңгейінің әртүрлілігін қамтамасыз ету.
«Зайырлылық және дінтану негіздері» факультативтік курсының оқу процесін ұйымдастыру барысында пікірталас, дөңгелек үстел, топпен талқылау, шағын жобаларды қорғау, рөлдік ойын және т.б. оқыту формаларын қолдану тиімді.
«Зайырлылық және дінтану негіздері» курсы аясында алған білімдерін бекіту мақсатында білім алушыларға қызықтыратын тақырыптары бойынша шығармашылық-жобалық жұмыстарын жасауға болады.
Жобаларды жеке және ұжыммен орындай алады. Олардың саны алған білімдерін бекіту үшін жеткілікті болуы керек.
Жобалар:
- дін мәселелері бойынша ғылыми-көпшілік басылымдар, журналдар, газет мақалаларына талдау жасау, таңдап алынған тақырыптары бойынша ауызша және жазбаша хабарлама дайындау, жағдаяттармен жұмыс жасау;
- дәстүрлі діндердің біртұтас платформалары мен жалпы тұжырымдамаларын анықтау, оларды дәлелдей білулерін қалыптастыру;
- еліміздегі және өңірлердегі діни жағдайларды сараптау;
- Қазақстандағы қасиетті жерлер туралы ақпараттық шолу дайындау;
- толеранттылық және дінаралық келісім орнаған еліміздегі зайырлылықты дәлелдейтін мысалдар дайындауды қамтуы керек.
Оқу барысында:
- мәдени-тарихи, өркениеттілік мәніндегі, дін саласындағы Қазақстанның қазіргі саясаты мен қағидаларын басшылыққа алу;
- пәнді оқыту барысында қандай да бір діни бағыттарға артықшылықтар бермеу;
- жобаларды орындау үшін қажетті жағдайлар жасау;
- ақпарат, дін, рухани құндылықтар, мәдениет саласына қатысты заңнамалар талаптарын сақтауға ерекше көңіл бөлу қажет.
«Зайырлылық және дінтану негіздері» курсын оқытуда білім алушының құбылыстарды бүтіндей тұтас қабылдауын қалыптастыру үшін білім алушының келесі пәндерді зерделеудегі пәнаралық білімін кіріктіріп қолдану ұсынылады:
«Қазақ тілі», «Орыс тілі»:
білім алушылардың сөздік қорын зайырлылық және дін саласына қатысты терминдермен толықтыру;
ұлттық мәдениетке және басқа халықтардың рухани - мәдени қайнар көздеріне құрмет пен ашықтыққа тәрбиелеу.
«Әдебиет»:
дін қайраткерлерінің шығармаларын - қосымша көркем әдебиеттерді зерделеу, олардың жұмыстарын қазіргі рухани құндылықтар мен зайырлылық тұрғысынан бағалауды іске асыру;
«Тарих»:
зайырлылық пен діндердің пайда болуы, таралуы және даму процестерін тарихи негіздеу;
қоғамдық қатынастарға тарихи талдау жасау арқылы адам мен қоғам өмінідегі зайырлылық пен діндер рөлінің мәнін түсіну;
«География»:
- діндердің таралуының тарихи-географиялық кеңістігін дұрыс анықтау.
Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:
«Зайырлылық және дінтану негіздері» курсын оқу нәтижесінде білім алушылар:
ғылыми тұрғыдан алғанда негізгі діни терминдер мен құбылыстарды;
зайырлылық және дін ұғымдары ара-қатынасын;
мемлекет, дін бірлестіктері және мәдениет арасындағы қарым-қатынасының мәнін;
діндер тарихы мен діни сенім ерекшеліктерін;
қазақ мұсылмандығының танымдық ойларын;
«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын;
Әл-Фарабидің, Қожа Ахмет Ясауидің, Абайдың, Шәкәрімнің, Ыбырай Алтынсариннің мәдени-ағартушылық рухани мұраларын;
республикадағы мемлекет, мәдениет және діни бірлестіктер арасындағы қарым-қатынастың жайын;
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың конфессияаралық келісімін, елдегі және халықаралық деңгейдегі тұрақтылықты сақтау, елдегі және халықаралық қауымдастықтағы адамдардың шынайы діни сенімдеріне деген сыйластықты көрсету саясатын;
экстремистік, террористік, теріс сипаттағы ұйымдардың ерекшеліктерін, қауіптілігін біледі.
Сонымен бірге білім алушылар :
зайырлық, діни сана-сезім, діни сенім, діни тәжірибе, діни ой-сана ұғымдарының ара жігін ажырату,
экстремистік, террористік сипаттағы діни топтар мен ағымдар идеологиясы мен практикасына қарсы тұра білу иммунитетін қалыптастыру;
діни, рухани маңызды мәселелер бойынша әртүрлі ой-талқы жасау, пікір-таластыра білу, осы саладағы маңызды оқиғалар мен құбылыстар, тұлғалар туралы мәліметтерді сауатты жеткізе білу;
өз бетімен зайырлық және діни шығармалар туралы қажетті ақпараттық деректер нұсқасында тауып және оларды сараптай отырып қолдана біледі.
Оқыту барысында мұғалім білім алушының бойында экстремистік, террористік діни топтар және ағымдар идеологиясы мен тәжірибелеріне қарсы имунитет қалыптастыруға қол жеткізуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |