Сауат ашу (1-сынып)
«Сауат ашу» пәнінің оқу бағдарламасы – бастауыш білімнің негізін құрайтын аса маңызды пәндердің бірі. «Сауат ашу» пәні – «Қазақ тілі», «Әдебиеттік оқу» пәндерінің құрамдас бөлігі, бұдан әрі тілдік және әдебиеттік білімге дайындық кезеңі, сондай-ақ одан кейінгі оқытудың негізі болып табылады.
Пәнді оқытудың ерекшелігі білім алушылардың тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым дағдыларын меңгеру процесінде функционалдық сауаттылығын қалыптастыру болып табылады, ол оқу мен жазу бойынша алған білім, білік, дағдыларын түрлі өмірлік жағдаяттарда пайдалануға мүмкіндік береді.
«Сауат ашу» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына 6 сағаттан, оқу жылына 198 сағатты құрайды.
Оқыту процесінде сауат ашу үш кезеңге бөлінеді: әліппеге дейінгі кезең, әліппе кезеңі, әліппеден кейінгі кезең. Дыбыс және әріппен таныстыруға бөлінетін сағат санын білім алушылардың оқу материалын, оқу мақсаттарын меңгеру деңгейіне және әр кезеңнің тапсырмаларын орындау деңгейіне байланысты мұғалімнің өзі реттей алады.
Бірінші жартыжылдықта оқу жылдамдығы тексерілмейді. Екінші жартыжылдықтың соңында оқу дағдысының қалыптасу нормасы минутына
25-30 және одан артық сөзді құрайды. Ескерту: шылау, одағай, еліктеу сөздер, қос сөздер жеке сөз ретінде саналады.
Бірінші сыныпта буынға бөліп оқудың қалыптасуы тексеріледі: бағдарлама талаптарына сәйкес келетін оқу қарқыны кезінде оқылатын мәтіннің жалпы мәнін түсінуі, жекелеген сөздер мен сөйлемдердің мағынасын түсінуі.
1-сынып білім алушылары:
2-6 сөзден тұратын сөйлемдерді буындық тәсілмен тұтас оқу;
4-8 сөйлемнен тұратын қысқаша мәтіндерді буындық тәсілмен тұтас оқу;
сөйлем, шағын мәтіндер (3-4 сөйлем) құрастырып жазу;
есту, есте сақтау арқылы сөздерді (3-7 сөз) жатқа жазу;
жай сөйлемдерді (1-2 сөйлем) жатқа жазу;
баспа әріптерімен берілген мәтінді (10-15 сөз) көшіріп жазу;
күрделі, айтылуы мен жазылуы әртүрлі сөздерді тыңдау арқылы жазу (8-10 сөз);
сөйлемдерді (3-4 сөзден тұратын), шағын мәтіндерді (10-15 сөз) тыңдау арқылы жазу;
белгілі бір тақырыпқа сөйлемдер құрастыру және жазу (2-4 сөйлем) жұмыстарын орындай алуы керек.
Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау тоқсан аяқталғаннан кейін және бөлімдерді зерттеу (ортақ тақырыптар) бойынша оқу материалының мазмұнын меңгеру деңгейін анықтау үшін жиынтық бағалау түрінде жүргізіледі.Пән бойынша жиынтық бағалау үшінші тоқсаннан бастап өткізіледі. Төменде бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны берілген (2-кесте).
24-кесте – «Сауат ашу» пәні бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны
Сынып
|
Бөлімдер/ортақ тақырыптар бойынша
жиынтық бағалау рәсімдерінің саны
|
1-тоқсан
|
2-тоқсан
|
3-тоқсан
|
4-тоқсан
|
1 -сынып
|
-
|
-
|
2*
|
2*
|
*Бөлімдер/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауда сөйлеу қызметінің екі түрі біріктіріледі (мысалы, тыңдалым және айтылым; оқылым және жазылым).
Жиынтық бағалау түрлері әр түрлі болуы мүмкін (диктант, тест, өзіндік жұмыс, мазмұндама, сөздік диктант және т.б.), ең бастысы, олар әрбір бөлімнің мақсаттары мен міндеттерін көрсетуі қажет. Жиынтық жұмыс үшін мұғалім жеке дәптер немесе папка арнауды ұсына алады.
Достарыңызбен бөлісу: |