Байланысты: КТП жөнделген 4-сынып 2019-2020 ж жана
4-сынып – аптасына 5 сағат, оқу жылында – 170 сағатты құрайды. 4-сыныпта сабақтастық және тереңдету принципін сақтай отырып, матиматиканы оқытудың бүкіл курсы бойында білімдер және дағдыларды жүйелі дамытужәне тереңдете түсу қамтамасыз етіледі.
«Математика» оқу пәнінің мазмұныбілім берудің кейінгі деңгейлерінде жалғасын табатын бес бөлімнен тұрады:
Сандар және шамалар.
Алгебраэлементтері.
Геометрияэлементтері.
Жиындар. Логикаэлементтері.
Математикалықмодельдеу.
Білім алушылардың математика курсы бойынша білімдерінің сабақтастығын қамтамасыз ету үшін пәннің оқу бағдарламасына 2013 жылғы бастауыш білім беру деңгейінің оқу бағдарламасында қарастырылмайтын «Комбинаторика», «Тізбектер», «Жиындар және олармен орындалатын амалдар» деп аталатын жаңа бөлімшелер енгізілді. Жаңа оқу бағдарламасында негізгі және жоғары мектептерде геометрияны табысты меңгерудің алғышарты болып табылатын «Геометриялық фигуралар» бөлімшесі кеңінен қарастырылған.
«Математика» пәні бойынша мұғалім алдын ала дайындалған критерийлер мен дескрипторлар бойынша әр түрлі қосымша тапсырмалар мен жұмыстарды жүргізе алады.